Отырған орындығыңа абай бол!

Кеңсеге арналған орындықтардың бірі өздігінен жарылып отырған әйелді жарақаттады. Әйелдің жарақатануының себебі кеңсеге арналған әдеттегі орындықтың газдалған көтергішінің жарылуы салдарынан болған. Темір стержень жарылған кезде отырған әйелді тесіп өткен.
Бұл орындық кәдімгі біздің күнделікті өмірімізде пайдаланып жүрген газдалған көтергіш механизммен жабдықталған кеңсе орындықтарының бірі болып табылады. Бұндай механизмі бар орындықтармен әлемдегі кеңселердің 99 пайызы жабдықталған. Орындықтың төменгі жағында орналасқан газды цилиндр оны жоғары көтеріп немесе төменге түсіруге арналған. Орындықтың бұл қасиеті механизмге толтырылған жоғары қысымдағы газ арқылы іске асады. Мына жарылған орындықтта механизмнің еріктен тыс разгерметизацияланған (осы сөздің қазақша баламасын білсеңіздер айта отырыңыздар). Соның нәтижесінде орындықтың стержені атылып, отырған әйелді жарақаттаған. Бұл кеңсе орындықтарымен болған жағдайлардың алғашқысы емес. 2007 жылы Қытайда шығарылған орындықтарының бірі жарылып, 20 см стержень отырған адамның арқасын тесіп өткен. Жарақат алған 68 жастағы ер адам көз жұмған.
Пысы. Абай болыңыздар! Кеңсе орындықтарына жүгіріп келіп немесе секіріп отырмаңыздар ;-)


Бөлісу:

40 пікір

aza
Кәдімгі төрт аяқта жайдақ орындықта отырамын, десек те жан түршігерлік ойын екен)))
a63a1
кетей нақ недит ойбайййй
Aizhantabyn
ужас! Табуреткамды жақсы көріп кеттім ғой!
GulL
Сол менде табуретка алып келемін ба деп ойлап тұрм
Adiletshu
енді отыратын орындықтарымыздың фотосын салайық
GulL
Онда бірінші орынды кім алатынын ішім сезіп отыр  егер жұмыс үстелі шыныменде оныкы болса
19852407
сұмдық екен, менде де осындай орындық еді, біртүрлі отырғым келмей қалды
a63a1
неғой биіктетіп қойдым
a63a1
шешімін табылмайтын нәрсе жоқ екенғой, үстіне тақтай салып алатын шығармын
GulL
 оданда жиналмалы балықшылардың орындығын алып жүрген жақсы сияқты
a63a1
барымен базар, жүрсем енді балықшы орындығын іздеп
GulL
 несі бар жұмыстан соң пакетке салып алып жүре бересің
satibaldi
Жаны бар әңгіме. Анау қымбат, Директор деп аталатын сериядағы орындықтарда біреу айтып еді, гидравликалық өзекшесінде 5 атм. қысым бар деп, газ баллондағыдай. Кеден әке-көкемен өткізіп жібереді, ал талай үйде сол сұйықтық атылып, жан тәсілім етпегенмен, майып болғандар баршылық көрінеді.
Aizhantabyn
мын орындықтан емес, аға сізден шок боп отырмын уже.
Aldeken
ох, шыршалар, біздегілердің бәрі сол Директор дейтін креслоларда отыр… мен де…
GulL
Оқуын оқып алып енді отырған орындығымда әрең отырмын көп қозғалмай )))
Негізі бұндай орындықтар автбустың жүргізушілерінде де орнатылған ғой, әсіресе үлкен автобустарда ысылдап тұрады қозғалған сайын
salta
массаған! мен дәл осындай орындықта отырамын… Алдеке, аманат мүшелерім саған…
Delhi
Мынадай орындық әкелген күннен соң 3 күн болмай жатып, аяғы шорт сынды. Лақтырып тастағаныма қуанып отырмын.
kokbori
Шегірткеден қорыққан егін екпес
KILYZAMAN
Жайлы отырудан бұрын, жеңіл тұрып кету мүмкіндігін ойлаған әрине дұрыс
satibaldi
Садақа сағат 11-де бітті ғой, жай тілмен сөйлей берсейш.
GulL
сонда қалай? догонять ете алмай отырм
KILYZAMAN
«Астыңнан су шықтыма» — деген мақалдың төркіні тереңде жатыр емеспе? Жайлы орында солай…
Sabions
бәрі кухня (ху**я) ана әйелге не болды? тірі ма өзі
GulL
 әйел тірі тек ауыр жарақат алған
19852407
қай қаладағы оқиға?
GulL
Қытайда болған
konvict
Қай жерін тесіп өткенін топшылап отырмын

Әйел адамға қайдам, бұндай жағдай ер адам үшін қиын шығар
GulL
Қай жерін тесіп өткенін білмеймін бірақ жарақаттың аты жарақат емеспе әйел болсын еркек болсын, көзқарасыңыз қызық екен жалпы
edige
кулме досына, келер… деген бар
qisyq
Өмір бойы ар азабын көріп өтеді дейсің ғой
satibaldi
Ұнап қалып пәле болмаса де
Gastarbaiter
Қарға шарбаққа қонғанда, көтіне шеге кіріп кетіпті.
— Айбай шеге!!!:( Шеге? шеге? шеге? Шеге!!! Шеге-шеге-шеге-шеге!!!
Zilola
«Я плюю на ваши могилы» фильміндегі шерифтің күйін кешеді де азар болса
Gulistan
Жүгіріп кеп, не секіріп отыруға болмайды деп тұр. Бәрі сақтық шараларының болмағандығынан. Бүгін осыны құрбыма айтып ем, орындығын ауыстырды дереу