Әулие Валентинге Құран бағыштаған жігітті қызы тастап кетті
14 ақпан күні Алматы қаласындағы "Қажы баба" мешітінде Әулие Валентин рухына бағыштап Құран оқытқан Асылбек Көшімханды 4 жылдан бері жүріп жүрген қызы тастап кетті.
Асылбек Көшімхан:
— 4 жыл бірге болдық. Мұның туған күні бар, Ғашықтар күні бар, 8 Наурыз, Жаңа Жыл бар, алғашқы қол ұстасқан күніміз, алғашқы сүйіскен күніміз барлығы 50 шақты сыйлық алыппын. 7 өлең жаздм оған арнап. Неше түрлі жұмсақ ойыншықтар, аттарын білмейтін гүлдер алдым. Апармаған рестораным жоқ. Небір концерттерге де бардық. Биыл бір рухани тазару мақсатында мешітке барып, Әулие Валентинге арнап бір дұға жасап, Құран бағыштайын дедім. Әлхәмдулиллах мұсылманбыз, бірақ та ол кісі де әулие адам, жастарға жақсылығы көп болған адам ғой. Сол себепті осындай тосын сый жасағым келіп еді. Мені дұрыс түсінбеді.
Евстафий әкей (Никольский соборының епископы):
— Бұл жігіт есімде. Өткен жылдары Санта Клаус киімін киіп алып, біздің храмға жақын маңда құрбан сойған еді. Сосын біздің прихожаниндерге қуырдақ таратты. Әрине дұғасын Алла қабыл етсін дейміз. Бірақ, біздің діни конфессиялар арасында татулық, діндер арасы диалог дегеніміз бұл емес еді негізі.
Күлетін де нәрсе емес!
жындылық қой мынау …
Ең бірінші талап мусылман емес адамға мүлдем құран бағыштауға болмайды… Анау жігіт фитнә жасады ғой… Құран бағыштап өзіне күнә ілгізді ме қалай… Бәрі Аллах тағаланың еншісінде бағасымен жазасын тек жаратқан иеміз береді…
Жауап беретін күні құдай саған көрсетпей соттайды деген үміттемін, қышуың қанбай қалатын болды.
Бұл сөзбен не айтқың келгенін түсінбедім. Ол күні менен емес, құдайдан қорықсайш)
Пікірлер де өртейді
Мына суретке каммент қажет пе или керек емес пе? Бірақ Валентин әулие мен Евстафий әкейдің риза боларына мен кепіл. Суретті Фейсбуктан тауып алдым.
kazradio.kaztrk.kz/kaz/blogs/show-blog/334.html
Жалпы мен жылда тойлаймын, құттықтаймын!
Ощым, аха Айжан Табында жақсы суретім бар еді, көйлектің барлық +сын байқайтын ракурста түскен, жекеге жіберіп жатса ілейін.
Әлі талай кездесерміз Даник, қоштасуды жек көремін.
құдабала қума!
Қазақ үні, Намыс
осы ше, муззоннның менеджменті осы көкенің күнін тойлауды жақтаушылар кен ғой — приз береміз бірдеңе-бірдеңе деп бірдеңелерін бастап кетті...))
www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1087%3A2013-02-14-05-24-59&catid=5%3A2011-11-18-09-02-24&Itemid=5