Онлайн Бизнес немесе бір ой келіп еді.........

онлайн бизнес
Ассаляму Әлейкум деп бастасам дұрыс болар!!!
Мен осы сайтқа тіркелгеніме бір-екі ай болып қалды, бірақ жазуға енді қолым жетті! Өте жақсы сайт, өте қызық!!! Сол, менде қарап қалмай бір ойымды жазайын дедім.

Өзімді таныстыра кетейін, есімім Нұрлан! Аршатты сыртынан танимын(мына сайтты жасағаны үшін қатты сыйлаймын). Голландиядағы Мурат Оңал ініміз арқылы. Бизнесте жүргеніме бір 10 жылдай болып қалды. Ащысында тәттісінде татып үлгердім бұл кәсіптің(егер солай атауға болса). Осы 2 күн болды жаңа компания құрдым, IT-саласында, сол сайт жасау және бағдарламалар жазу және консалтинг мамандығынанда хабарым бар(жарнама болып кетпесін, әрине). Сәл-пәл футболғада қатысым бар. Айтайын дегенім мынау: Мен бір сайт ашайын дедім, атында ойлап тауып қойдым «mybuisnesshistory.kz», былайша айтқанда менің бизнес хикаям! Бірінші күннен бастап не болып жатқанын жазып отырамын, қалай болды? не болды? не істедім? қандай қиындықтарға тап болдым? кімнен тапсырыс алдым? ол тапсырысты қалай орындадым? қанша таптым? қандай шешімдер қабылдадым? кім менен ақша сурады? қанша беріп құтылдым? және қанша қаражат жұмсадым? Әрине мұның бәрі жоспар. Сіздерден ақыл сұрайын дедім! Бұл көп адамға көмек ал мен үшін жарнама(әңгіменің ашығы)! Былайша айтқанда кәдімгі сериал! Бірақ кейіпкерлер біз өзіміз! Сізде болуыңыз мүмкін!!! Қалай ойлайсыздар, ағайын?
Бөлісу:

28 пікір

satibaldi
Жақсы идеа.
Баяғыда бір америкөттің сайты болып еді сондай. Ашықтан-ашық жазады, жас іс бастаушыларға кәдімгідей тәлім болатындай. Мысалы ол, тапсырыс беруші жұмысты қабылдамағанын, неге сәтсіз болғанын да жаздып жүрді. Немесе, бүлдіріп алғандарын, т.с.с. Жаңадан бастап жүрген адамдарға — пезнесс дегенің тек қымбат көлік мініп, холливудтағыдай тісті ақситып күліп келіссөздер жүргізу емес, сонымен бірге -ішпыстырарлық жағдайдағы күндіз-түнгі ауыр жұмыс екенін де көрсетеді.
Blogger.com-да болып еді есімде болса. Тап осындай атауымен болды ма деймін.
Айтпақшы, өткен жылы EADS-тың менеджері туралы мықты деректі фильм болып еді кабельТВ-ден. Сонда оның әр күні көрсетіледі. Ол әйгілі Airbus 380-ты құрастырып бітіру үшін тапсырыс берушіден тағы 1 жыл және 300 млн. доллар ақша сұрауға бетінен басып барады. Ақыры тапсырыс берушіні құлақтан теуіп ақшаға сындырып, ең соңында ұшақтың беташарын Саркози мен Блэр өзі келіп ашып кетеді. Лібә, сондай қылып жасаш сайтты.
KazaXXX
ИншАллаһ, бұйыртса көрерміз! Рахмет! Бірақ мен білмеппін біреудің былай істегенін!
satibaldi
Қазақ бизнесменінің онлайн-күнделігі:
«Мининаубайхана аштым.»…
«Шүкір тапсырыстар бар.»…
«Акиматтан рейдерлер келіп, пезнесімді тартып алып кетті. Талғардағы минимаркетімді қайтадан аштым.»
qisyq
Ал, идеяңыз баянды болсын.
KazaXXX
 тек қана алға!!!
asaubota
қош келдің! идеяң жақсы. жаңағыдай күнделік жүргізіп көр. тек өз атыңнан жазба және клиент, фирма аттарын да басқа атпен жаз. солай дұрыс болады деп ойлаймын. ешкім претензия айта алмайтындай.
KazaXXX
Өте дұрыс айтасыз!!! Рахмет!
19852407
Бизнесіңе де, сайтыңа да сәттілік тіліейміз!
huanysh
 күшті жоспар, бизнесің алға бассын!
KILYZAMAN
Іске сәт!
консалтинг мамандығынанда хабарым бар
— ол қандай мамандық екенін түсіндіруден бастап кетсең жаман болмас еді
KazaXXX
Бизнес консультант в сфере стратегического менеджмента!
KILYZAMAN
Стратегия деймісің? Оған қандай тактика қолданса болады екен ә Жан жағымда өңкей қаптаған стратегтер…
balzhan
меніңше атауы ұзақтау сияқты.mybuisnesshistory деп кім теріп жатады? қысқа ғана болса, бірақ ішінде сайтыңыз не туралы екені түсінікті болса болды. мен оқыр едім. қызықты екен. Іске сәт!
kokbori
Ұлтшылдар күшейіп бара жатыр, сенің анау шалаорыс тілңе пысқырмаса неғылсын?! Одан да қазақша түсінікті болсын да. Ал, орысша жазсаң, ол өзің ішкі жандүниеңдегіні төгіп отыратын жәшік болып қалады да қояды. Өйткені орыстарда бұндай пішен деп естідім
KazaXXX
Пікір қосқаныңызға рахмет! Бірақ шынымды айтсам түк тусінбедім! Ойыңызды түсіндіре алсаңыз үлкен алғыс айтар едім…
kokbori
Онда былай, бауырым, сен сайттың атын «mybuisnesshistory.kz» деп ағылшынша қойыпсың. Ал оны қазақтілділерге арнасаң, онда жағдайың қиын болатын сықылды. Сенің анау сайтыңның атын көріп, жүз километр метр алыс жүре ме деген қаупім бар. Себебі, қашанда кез келген нәрсені атауы шақырып тұратыны белгілі болар деп ойлаймын. тағы да айтатыным бар еді. Бірақ бұл сөз бұндай нәрсені қой деген сөз емес, жан жақты ойластырып, маркетинг, менеджмент жағына көз салып қойсаң деген тілік қой
KazaXXX
ааа! Дұрыс айтасыз! Ол жағын ойланып отырмын! Сайттың аты өте үлкен рөл ойнайды оны білем! Бір тиімді шешімге келермін деп ойлаймын! Біз start-up компания ретінде ашылдық, ол өте үлкен тақырып. Сол жобаларымызды іске асырып арасында нан табу туралы сайт қой! Ал «mybuisnesshistory.kz» сол жобаның PR-қадамының бірі! Өте ақылды және нақылды пікір айтып отырсыз! Маркетинг, менеджмент жағына көз салып қана жасап отырған қадамым! Ал тіл жағынан ортақ, тиімді шешімді сіздердің көмектеріңізбен шешермін(үш тілде істермін деп ойлаймын)!
KILYZAMAN
oilan-onlain.kz — ге қалай қарайсың бауырым
kokbori
Массаған, Қилекесі, сіз ат қоюға қарай бет бұрдыңыз ғой. KazaXXX бауырым, сен осы кісіге ат қойғызып, құлағына үш рет айқайлатып, ат қойғызып ал дұрысы
KazaXXX
ойланып көрейін!!!!
Janasil
Идея жақсы іске сәт! Ертең блог құрылтайда осы тақырыпта слайт жасауыңа да болады.
KazaXXX
Сол құрылтайды көрсек қызық болар еді… Қолдауыңыз үшін үлкен рахмет!
FaraOn1
Бастаған кезде сайтыңыздың сілтемесін күтеміз. мағанда қызық. саттілік!!!
KazaXXX
Міндетті түрде!