Марк Уебб: "Жаңа өрмекші адам" - басқа Питер Паркер


Comic-Con атты жыл сайын шығатын журналға "Таңғажайып Өрмекші-адамның" режиссері Марк Уэббтің берген сұхбаты жарияланды. Сол сұхбаттан Latino Review ресурсы ұсынған үзіндіні қазақшалап, назарыңызға ұсынамыз.

Өткен жылы желтоқсанда «Жаңа өрмекші адамның» постері шықты. Онда "Әлі айтылмаған хикая" деген жазу бар еді. Шынымен де фильмде әлі айтылмаған оқиға көрсетіле ма?
"Әрине, бұл айтылмаған оқиғаның бір бөлігі болады. Бәріміз үшін мынаны есте ұстаған дұрыс: бұл осыған дейін Сэм Рейм түсірген фильмнің римейкі емес. Мынау жаңа территория, жаңа зұлым, және басқа Питер Паркер".

Трейлер мен постерлерге қарасақ, сіздің фильм көңілсіз болып көрінеді, бірақ Өрмекші қашан да күлкілі супер-қаһарман. Сіз фильмде осы юморды сақтап қаласыз ба?
«Біз юморға, әзілге, трюктер қоюға қатысты жайттарға келгенде өте мұқият болдық. Біз аталған нәрселерді сақтап, олардың шынайы болуын қаладық. Біз үшін де юмордың шынайы көрінгені керек еді. Менің мақсатым да сол — көрермендер осы эмоциялардың барлығын сезіне алатындай әлем құру. Фильм анағұрлым түнеріңкі, шиеленіскен сезімдерге толы болады. Сатқындықты, трагедияны, сонымен қатар — юморды, романтиканы да көре аламыз. Жалпы айтқанда эмоцияның сан алуан түрлері болады: қаһар мен қауіп, жеңіл ой мен алаңғасарлық. Эндрю Өрмекші-адамдағы Питер Паркерді бейнелеу үшін осы қасиеттерді пайдаланды. Эндрю Питер Паркерді панк-рокерлік әуестігі бар етіп ерекшеледі, бұған дейін біз білмеген бөтен адамға айналдырды. Әрине, біз түсірген дүние анағұрлым жабыңқы болады, бірақ Өрмекші-адамға тән болып келген юморды сақтап қалдық».

Өрмекші-адамның қабілеттері мен қимылдарын толыққанды көрсету үшін қазір 3D шынымен де аса қажет нәрсе сияқты.
«Осы мәселені алғаш талқылауымыз онсыз да 3D-ның дамыған сәтіне дәл келген еді. Бірақ түпкілікті шешім тек бізге тәуелді болды, ешқандай қысым болған жоқ. Мен „Өрмекші-адамды“ 3D етіп түсіру қажет деп ойлап келгенмін, солай ойлай да бермекпін. 3D-мен түсірілген кейбір үзінділерін қарай отырып, нағыз тамашаның куәсі болдық. Сондықтан да стереоскопия ең қажет нәрсе екенін түсіндік. Біз фильмді бірден стереода түсірдік, сондықтан бұл ешқандай конвертациясыз, тумысынан 3D болып шыққан дүние».

Сонымен, Рис Иванс орындауындағы зұлым — Доктор Курт Коннорс.
«Ол теңдесі жоқ жан. Ол сүйкімсіз сыпайылықты әкеледі. Курт Коннорс — Питер Паркердің досы. Ол қатігез қарсыласқа айналып кететін одақтас, бірақ Питер өз тарапынан Доктор Коннорсқа бауырмалдықпен қарайды. Рис өзінің образына 2 тұлғаны сыйғызды. Қазір ғана ол аса мейірімді әрі бауырмал болып тұрса, бір сәтте лезде қатал рок-н-ролл орындап шыға келеді. Сіз бүкіл фильм бойына екі түрлі кейіпкерді анық көресіз».

Аударған Kinostan.kz

Осы орайда фильм туралы да айта кетуді жүн санадым.

Бірнеше күн бұрын «Таңғажайып Өрмекші-адам» (The Amazing Spider-Man) фильмінің жаңа, толықтырылған трейлері шықты.

Бұл өрмекші-адам туралы оқиғаның жаңаша баяндалуы. Үнемі жолы болмайтын Питер Паркер есімді қарапайым оқушыны бір күні мутант-өрмекші шағып алады. Осыдан бастап оның өмірінде таңғаларлық оқиғалар орын ала бастайды.

Фильм 2012 жылғы шілде айында прокатқа шығады.

Басты рөлдерде: Эндрю Гарфилд, Эмма Стоун, Рис Иванс, Мартин Шин, Крис Зилка, Эмбет Дэвидц, Салли Филд, С. Томас Хауэлл, Дэнис Лири, Энни Париссе.
Режиссері: Марк Уэбб
Жанры: боевик, триллер, қызық оқиғалы

Трейлер:
Бөлісу:

17 пікір

e_zhalgas
мен күтіп жүрген фильм. жалпы, супергеройлар туралы фильмдер ұнайды. бірақ, питер паркерді тоби магуаэрден басқа адам ойнаса, қабылдай алмайтын сияқтымын, көреміз…
patick
бірақ, питер паркерді тоби магуаэрден басқа адам ойнаса, қабылдай алмайтын сияқтымын,

Бәрімізде де сондай сезім.
satibaldi
бірақ, питер паркерді тоби магуаэрден басқа адам ойнаса, қабылдай алмайтын сияқтымын
Лібәәә, гламур әңгімелер бізде де бар екен ғой нақ
e_zhalgas
әркім көргісі-естігісі келген нәрсесін қабылдайды
Abilakim
Сенің атың Пипец емес пе?
e_zhalgas
тисе бұтаққа, тимесе кете берсін деп айтқан сияқтысың ғой
Abilakim
Сондай Супергеройы бар фильм бар еді
e_zhalgas
иа, бұл жолы адаспай, дәл үстіне отырдың. бірақ, ол супергерой емес
Abilakim
Сеніңде супергерой емес екеніңді, бірақта супергеройлар туралы фильмді ұнататыныңды ескеріп жазған ем
Adiletshu
Бар. Фильмнің аты да «Пипец».
Gastarbaiter
Самовнушение, мнимость, инерция деген ұғымдар келеді ойыма. Ассоцияциалық қатарыңдыссс
Gastarbaiter
Дәл сондай әңгіме Джеймс Бондты ойнаған Шон Коннери жайлы да болған. Одан кейінгі агент 007-ні сомдаған Пирс Броснан туралы да солай айтқан.
Жалпы көз үйренбегендікі ғой. Күте тұр тағы бір екі сиквелын.
satibaldi
Тек режиссердің фамилиясы үшін көргуе болады екен.
aza
Трейлері тамаша! Көрерлік дүние деген ойда отырмын…
Gastarbaiter
Конвееріңдісс, «Спайдермен» меніңше голливудтың ең ескі әрі идеологиялық әрі коммерциялық сауын сиырларының бірі.
patick
Әнәсті «Х-адамдардың» қатарына қосып, солар туралы фильмдерге кіргізіп жіберу керек қо. Бір қой мутант