Туылған күніңмен, asaubota!
Аршаттың осында осымызды құп көрмейтінін білемін. Бірақ басқа-басқа, Аршат құрдастың ағамыздың бұнысын қалыс қалдырмаудың өз жөні бар сияқты. Кейде қырсық, кейде қыңыр болсаң да баршамызға үлгі болып жүрген абзал азаматтың бірісің. Беріп үлгергеніңнен берерің көп болсын. Біз сені сүйеміз, админ! Дұрыс түсін...
Саған келесі жыр жолдарын жолдаймыз:
Отыздан асып барамын
Сұқтанып тұрып жанарың,
Сұрыма неге қарадың?
Солай да, солай, қарағым,
Отыздан асып барамын.
Шашымның санап әр ағын,
Таңырқай берме, қарағым.
Санаулы басқан әр адым,
Отыздан асып барамын.
Белгісі тұр ма ағаның,
Бетіме неге қарадың?
Бақытым тілеп баланың,
Отыздан асып барамын.
Қуанып кейде қаламын,
Қуарып кейде қаламын.
Аттанған ата-ананың
Артынан қуып барамын.
Әзілің қайда, қарағым,
Әжімге несін қарадың?
Артымда қалып аларым,
Отыздан асып барамын.
Солай да, солай, қарағым,
Көңілдің таппай қалауын.
Жастықтың жықпай жалауын,
Отыздан асып барамын.
Қазақ ғаламторының кардиналы болуыңа тілектеспін!
менің тыйым емес ескертпеме қарамай сайтта құттықтап жатырсыңдар, қош
бірақ, туған күн иесінің туған күнінде ұмытылып кеткен посттарын қарап шығып, пікір жазып, эфирге шығарып отырсақ сол жақсы болады ау деп ойлаймын. сонда сайттағы құттықтау да мағыналы болады.
тағы да рахмет!
бауырымағатай, сен Махаббатизацияның артына тығылмай осы туған күнге арналған пост жазыңдар деп бұйырсаң да, «Ләппай» десер едік қой. Оййй, не ғылғаның тіптіііі