Махаббат зынданы(шынайы өмірден алынды жаңа ғана)

Бір досым, жақын бауырым агентпен хабарласып жатыр. Іш-құсаға ұшыраған сияқты. Баяғы сол махаббаттан. Ондай сезім маған да таңсық емес. Біраз жыл бұрын қатты сүйетін қызыммен айырылысқанда көзімнің алды қарауытып, ойым тұманданып кеткен еді. Есімнен кетпейтін. Жаныма салынған мәңгілік дақ. Махаббат дағы. Әлі күнге өшпеген ғой.
Бұл жігіттікі енді басқашалау. Күрделілеу. Қасіреттілеу деседе болатын шығар, қиналып жатқанына қарағанда.

… Екеуі бірін-бірі бұрыннан таныса да дос ретінде ғана араласып жүрді. Бір оқу орынында оқыса да, топтары әртүрлі болды. Қай кезде қарасаң көңілдері жарасып жүретін. Ол кезде қыздың да мінезі періштенікіндей, айналасына мейірім шашып жүретін. Бірақ агентте отырғанда ағайн-туыстарына деген өкпесінен көп пессемистік пікірлер қалдыратын. Көп ұзамай екеуі "Қыз бен жігіттің арасында достық болмайдының" кебін киіп, ғашықтар атанды.
… Содан бақытты күндері басталды. Жарты жыл өтті, бір жылға жақындады. Араларында барлығы тамаша. Жігіт қызды үйіндегілерімен таныстырып қойды. Үйленудің жоспарын да жасаумен басын қатырып жүрді.
Екеуі де оқу бітірді. Дипломдарын алды. Бірақ жігіт ауылға, қыз қалада жұмысқа тұрды. Қыз бір-екі рет ауылға өлсе де барғысы келмейтінін айтқаны бар да. Ал жігіттің ауылы алшақ орналасқан. Содан қыздың көңілі суи бастаған сияқты.
… Бұны жігіт те сезеді. Сүйіктісінен айрылып қалмас үшін алып қашады. Басында қыз жақпен біраз хай-вай болады. Бірақ кейін барлығы сабасына түседі. Екі жастың болашағын ойлай бастайды. Қуғыншылар келеді. Тойдың уақыты, қалың малы келісіледі. т.с.с.
… Содан бері көп уақыт өте қойған жоқ. Алайда шаңырақ көтерілмей сол қалпы қалып қойды. Жігіт іш-құсадан бұрын дәмін татып көрмеген арақты сіміріп отыр. Досы кетіп, дұшпанына жолықты.
Барлығы да қыздың тұрақсыздығынан болды. Өзінің, болашақ жары бола жаздаған бұрынғы сүйіктісінің ата-анасының батасын ала тұра, басына орамал таға тұра артына қарамай кетіп отырды. Себебін досым түсіндіре алмады. Өйткені өзі де білмейді. Бірнеше болжамдар айтады, бірақ болар іс болды. Қыздың тас-жүректігі сондай, бұрын өліп-өшіп сүйген жанын ел-жұрты алдында қара бет қылып барады. Мүмкін қыз о бастан жігіттің сезімімен ойнаған шығар…
Егер бұрынғының Теңгелері болса "Қайтқан малда қайыр жоқ" деп шашынан сүйреп болашақ құдаларына өздері апарып берер ма еді. Бірақ не керек қыздың қырық жаны бар. Ал досым болса махаббат зынданына қамалып, күзетшісі қайғы, серігі арақ болып сергелдеңге түсіп отыр.
Бөлісу:

34 пікір

araika
Дос ретінде рухани көмектен аянып қалмағын! Уақыт — емші, ертең-ақ жазылып кетер.
VKM
аянышты(((
Досың әлі-ақ бақытын кездестірер
madlen
Ауылға келгісі келмейтін қызды басып алып қашып кету осындай нәтижеге алып келуі таң қаларлық емес. Қыз не хочу деген и все. Бітті
Zilola
Біріншіден, ол қыздың орнында мен болсам да ауылға бармаймын дейтін едім.
Екіншіден, қыздың не үшін ол үйден кетіп қалғанына қыз кінәлі дегенге күмәнмен қараймын. Болары болып, бояуы сіңген үйден жәйдан жәй кетпес еді. Ну, енд, андай болып қойған дегенім ғо. Так что досың он екі мүшесі сау, дипломы бар ажаптауыр мұжық болса, тым жақсы жұмысқа тұрып арағын қойсын!
satibaldi
Пост үшін арнайы мағыналы суреттер салып, сканерлеп, осында қойғаныңыз қуантты…
Zilola
Менің әкемнің ағасы Алматыда оқып жүргенде жеңгеймен танысқан екен, келісіп үйленді. Ағамыз оқуды үздік бітіріп, жолдама бойынша (типа дипломмен ауылға) Созақ ауданындағы Шу совхозына механик болып жұмысқа кетті. Жеңгей (дәу мамам) әрқашанда қасында жүрген. Алматыда туылып өскен қыз үшін Шу совхозы ит байласа тұратын жер емес болып көрінген. Жақсы көрген соң, ары бері көшіп жүре бергенге де көнген, бірақ ағамыздың (үлкен папам) мамандығы мен қызметі болған. Содан кейін көп жылдар Жаңатаста да тұрды, тек кеңес өкіметі тарқаған соң ғана Алматыға көшті. Жұмыс бабымен. Айтпағым, ауылда жұмыс болса мейлі ғо, дипломын алып қой бағып кететіндерге жыным ұстайды.
Simona
Зилолa, Шу сaпхозы деп бiздiң Шу қaлaмызды aйтaсың бa? Жоқ сiз жaқтa Шу деген совхоз бaр мa?
Әдiлет Шуды қaлқоз деп жaтыр!
Zilola
Созақ ауданындағы Шу совхозына
Шымкент облысы, Созақ ауданы, Шу совхозы ше. Шу, Тасты, Жуантөбе, Степной деген Созақтағы ауылдар ғо
Әбида болмасын, Қазақстанда жер аттары қайталана береді, Шу өзенінің бетпаққа қарай ағып шөлге сіңіп кететін жерінде Шу деген ауыл бар.
Simona
Естiмеген елде көп, мен Шуды бiздiң Шумен қырғыздың Чуйымен шектеледi деп жүрсем. Көзiмдi aштың
Adiletshu
Менің кластасым кластастас қыздың группаласын алып қашқан. Қыз көнді. Қалың малың беріп қойды. Бетін ашып, ашылатын жердің барлығын ашып тастады. 5 күннен кейін қыздың мамасы келіп: "Қызым үйден киімдерін алып кетсін деп" — өзімен бірге алып кетеді. Содан келмеді.
Abilakim
Келісіммен алып қашылса неге кетіп қалғаны түсініксіз екен?
Ал, тек қана қалада тұрамын дейтін қыздарға таң қаламын.Бақытты қаламен өлшеуге бола ма екен? Жігіттер, жар таңдағанда сенімен бірге жердің тесігіне түсуге даяр қыз іздеңдер.Оның көңіліне ғана жағатын әрекеттер жасамай шынайы өмірде қандайсың солай жүр.
VKM
Ауылда тұруға болады, тек қалада өскен біз сияқты қыздарға қиын болатын сияқты.Бірақ ...үлкен, санузелі, бассейні бар үйде неге тұрмасқа? Иә, көмекші 1 адам болса тіпті супер. Таза ауа болашақ балаларға да жақсы
Abilakim
Сананы тұрмыс билеуі заңды да шығар.Сонда, ауылда сиыр сауып, пештің күлін шығарып жүрген жеңгелеріміз бен шешелеріміздің көбін бақытсыз әйелдер сапына тұрғызамыз ба?
«Басқа түссе баспақшыл» деген.Сендер тек өз жағдайларыңды сондай өмірмен елестетесіңдер.Мүмкін сен пешті жақсы жағып, табаға нанды тамаша пісіретін жан шығарсың?
Қазір адамдар тойынып кетті.Кезінде әйелдер бұлақтан су әкеліп кір жууға ерінбесе,қазіргі келіншектер полу автомат кір машинасына кранна су құйып киім жуып, оны унитазға ағызтып жіберуге ерінетін болып бара жатыр
askerbek
Дұрыс айтасын,Әбеке. «Адамның жағдайын жасаған сайын еріншек болады деуі»рас-ау деймін.
VKM
Ауылда жетіспейтіні: балалардың болашағына, спорт кешендері, жақсы тренерлер, тіл оқыта алатын білікті мамандар, ал басқа жағынан ауыл балалары қалалық «неженкаларға» қарағанда,әлдеқайда күшті, төзімді.
Abilakim
Сен секілді қытай тілін(басқа да шет тілдері мысалы) білетін, меңгерген қыздар ауылға бармағандықтан да(ауылда тұратын ауыл жігітіне күйеуге тимегендіктен) бұл мәселе дұрыс шешімін таппай отыр. Малдың боғын шығарғанның өзі әжептеуір тренировка негізі)) ал, спорттық секциялардың кеңінен ашылмауы басшылықтың бассыздығынан
VKM
туй, болмадыңыз ғой,өліп ғашық болып жатсам, бара саламын ауылға.
Abilakim
мадес
Maya
Уф, көндірдім-ау десеңші, Әбеке...
rauka
Бұл дегеніміз дамып жатырмыз…
aza
Әбеке, болады ондайлар! Ауыл, қала… Мәселен, мен туған ауылдың қаладан еш айырмасы жоқ. Жылу, газ, су бәрі үйдің ішінде. Ұялы байланыс, санды қалааралық байланыс, интернет құзырыңызда. Тек клуб жоқ демесек, ресторан, кафелер жұмыс жасайды ауыл талғамына жауап бере алардай. Мәдениет үйі, аурухана… Жаныңа не керек бар бәрі де…
Қысқасы, қыздарға махаббат жетіспейтін болса керек…
Болмаса, ауылда бір аға жеңгем бар, екеуі де қызыл дипломмен бітірген. Энергетика, байланыс салаларын, ағам өндірісте қызметте. Жеңгем үйде. Қалаға көшеміз деген ойлары болған әу баста… Кім қарсы болды білесіздер ме?! ЖЕҢГЕМ! 22 жасына дейін ауылдың иісі мұрнына бармаған жеңгем! Жақсы көреді ауылды)))
rauka
Бұл онда шағын қала болды ғой…
Aizhantabyn
«дело не в тебе, во мне» — мен сені сүймеймін деп аударылады. Махаббат жоқ, болмаса ауыл, қала, Марс, Юпитер))))
GulL
Сонда қыздың ата-анасы қайда қарап отыр. Қазір сондай қыздар көбейіп кетті ғой, анасының тәрбиесіне байланысты. Тқрмысқа шыққасын анасы келіп қыздарын бұлдап алып кететін әсіресе. Жігітке қиын болған екен, берер кеңесім өмір салыстырудан тұрады демекші осындай кездері өмірде бұданда ауыр қиыншылықтар болып жататынын ескеріп мойымағаны жөн. ол қыздың оның өмірінен бұлай оңай кетуі оған таптырмас сый болуы мүмкін
Simona
Өз обaлы өзiне. Екiншi бaрмaйм деген қызды зорлықпен қaшырмaйтын болaды. Сaбaқ бопты. Бaсқaлaрғa дa сaбaқ болсын. Зорлықпен ешкiм бaқытқa кенелмес!
dark_nazgul
Басқа түссе баспақшыл… хехе. Адам қашанда арманына ұмтылады. Ал оның арманы қораның қиын ойып, күл шығару болмаса, болары болып қойды екен деп, сонда байланып қалуы керек пе?
Сонда, болары болып қойған қызды тастап кетуге жігіттердің дәті барады, оларға рұқсат, ал бояуы сіңген жерден кетіп қалу қызға сын, типа туыстары қайда қарап отыр ма?
Қыз сонда қалса, біраздан соң ішқұса болып өзі ішіп кетпесіне кім кепіл?
GulL
болары болып қойған қызды тастап кетуге жігіттердің дәті барады, оларға рұқсат, ал бояуы сіңген жерден кетіп қалу қызға сын, типа туыстары қайда қарап отыр ма? 

Әрине бұл да дұрыс, шынында бұл тек жігіттің әңгімесінің версиясы ғой, ал қыздыкы беймәлім, мүмкін оның да өз себептері болған шығар
Gastarbaiter
Әйелдердің дефицитінен тұқымсыздыққа ұшырап, қырылып кету қаупінің алдында тұрғандай қыз алып қашатындарды түсінбеймін.