Өлімге қатысты «есеп-қисап»
Жұрт интернетке қайдағыны жазады. Жақында сондай «қуған» статистиканың біреуін тауып алдым. Өлімге қатысты екен. Әрине, өлім мәселесі денені түршіктіретіні өтірік емес, бірақ деректері «қызықты» көрінді. Енді сол «әңгімені» айта отырсақ.
Біреулер адамзат жаратылғаннан бері қанша адам өлгенін де есептеп қойыпты. Әлгі зерттеушілер күні бүгінге дейін шамамен 100 млдр адам өлгенін есептепті.
Адам өлген соң 3 күн ішінде біздің асқазанымызда күнделікті асты қортуға жәрдемдесетін түрлі сөлдер адамның өзін құрта бастайды екен. Бұзыла бастаған клеткаларды бактериялар тез арада жеп қоятын көрінеді. Сөйтіп, шіріп кетеді екенбіз. (Өлген соң әрине)
1951 жылдан кейін АҚШ-та ешбір адам қатты қартюдан өлмепті. Сатыбалдының сөзімен айтсақ «Аид амигоның еліне кеткендердерге» дәрігерлер түрлі «сырқаттардың себебінен өлді» деген уәж айтатын болыпты.
Бойында жаны бар кез-келген тіршілік иесі қандай себептен өлсе де, бастысы денедегі органдарға оттегі жетіспеудің салдарынан ана жаққа тартып отырады екен. Түсініксіз дүние.
Тек қана АҚШ та жерге көмілген өлі денелерден 827 060 галлон сұйықтық бөлінеді екен. Сөйтіп, әлгі денелер ауаға гидрохлор қышқылы, күкірт пен карбондиоксиді түрінде тарайды деседі.
Швецияда Promessa деген фирма жансыз денелерді сұйық азотқа салып, қатырып арнайы табытқа салып, жерлейді екен. Оны «эологиялық таза» жерлеу деп атайтын көрінеді.
Үндістандағы зәрдуштер өлген туыстарының денесін күшігендер жесін деп далаға тастайды екен. Бұл дәстүр Тибетте де бар деп естігем.
Сол күшігендердің көбі адам мен сиырлардың өлексесін жеуден өледі екен.
Мадагаскардың байырғы тұрғындары өлген адамдарыдң сүйектерін қайта қазып алып, ауылды бір айналдырып, «қыдыртып» қайта көмеді екен. Бұл салтты «фамадихана» деп атайтын көрінеді.
ХІХ ғасырда Мысырда теміржол компаниялары жерден қазып алынған мыңдаған мумияны паравоздардың отыны ретінде пайдаланыпты.
АҚШ-та адамдардың 80 пайызы ауруханада бақилық болады екен.
Нью-Йоркта суицидтен өлетіндер қылмыскерлердің «жәрдемімен» Аид патшалығына сапар шегетіндерден әлдеқайда көп көрінеді.
Ешбір халық «өлу» сөзін тура айтуды жақтырмайтын көрінеді. Әр халық бұл ұғымды басқаша айтады екен. «Қайтыс болды», «бақиға аттанды», «көз жұмды» дегендей әйтеу «өлді» деуден қашқақтап жүретін көрінеді.
ПЫ.СЫ: Бұл интернеттен тауып алған «жағымды» жаңалықтарым. Толықтырам десеңіздер, мархабат! 14 –ақпанда іш пыспасын дегенім ғой.

17 пікір