14-ші ақпан.Мен.Келіншегім.

Бұл күнді сонааау артта қалған жас кезімнен аса тойлай қоймаушы едім.Дегенмен, бұл күннің менің өміріме тигізген әсері болды.Әсері дегеннен көрі өзгерістер енгізді десем де болады. ол кезде келісім-шарт бойынша әскери қызметтемін. Жезқазғандық бір жауынгер (шатаспасам) Спасск оқу-жаттығу алаңынан қашып кетті. Ресми және бейресми ақпараттар бойынша ол солдаттың Қарағандыдағы бір оқу орнында қызы барын және соны құттықтау үшін қашқанын білдік.Әр оқу орнына бөлінген біздер оны жарты күнге жеткізбей тауып алдық."Іс бітті,қу кетті" дегендей, осы мүмкіндікті пайдаланып бұрыннан бері телефон арқылы сөйлесіп жүрген, кездесіп көрмеген бір қызбен жолығып кетуді жөн санадым. Ақыры, кездестім де.Қазір ол қыз біздің үйде біреуге келін, біреуге жеңге, біреуге АНА болып отыр.
Бөлісу:

34 пікір

ErNur
Ия бұл себепші. Тағдырдың жазу күні дейсің ғо? Мен жолдасыммен студенттер күнінде танысқанмын мысалы
Abilakim
Келіншегімен СПИДке қарсы күні танысқан дәрігер көршіміз болып еді бұрынғы үйде
19852407
 асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын
salta
мен де 14 ақпанда танысқанмын Апитогыммен…
satibaldi
Сен бұл мәлімдемеңмен национал-патриоттардың қосынына қандай ауыр соққы жасағаныңды түсінбей отырсың.
salta
 қойымды қырықпасыншы әлгілеріңіз… тағдыр ол тағдыр деп қыртқаннан басқа айтарым жоқ...
satibaldi
Қай атаңмен туыстығы барын тексеріп жатыр уже.
salta
қазақтарда гейлер болмаған... =)
Zhan
Өткенде агентте отырсам бір ұлттық деңгейден ойланатын біреу былай дейді. қызық болсын деп копирайттап қойып ем. "қазақстанда 600 мыңнан астам қазақтың қызы тұрмысқа шыға алмайды ғой… ер азаматтар аз..400 мыңнан астам әйел ажырасқан… сонда 1 милион туыт жасындағы аналар бала көтермей отыр деген сөз..қазақтың саны қалай өседі сонда? ер азаматтардың көбінің денсаулығы жоқ… біздің ұлтымызға демографиялық азшылық қаупы төніп тұрған жоқпа?
ұлттық деңгейде ойлауды ұнатпайсызба?"
— дейді.
Осылай да ұялтады екен. Бұны да қой қырқуға жібереміз бе әлде…
salta
жібере сал…
Zhan
Салта ең қызығы алда. Ол көкем еще былай дейді. Рас, өтірігін білмедім. Общм «тұрмысқа шықпаған. ұрпақ көтермеген әйел затына құранда жаназа шығаруға тиім салынған екен.» дейді. Мұнысына не дейсің?
salta
оны айтқан адам Лама Шарифпен кездесіп пе екен?! сол айтса сенемін  а тақ құранда жазылмаған… қырқа берсін қойын барып
Abilakim
өзінің неше баласы бар екен?
Zhan
Бір жастан асқан қызы бар айтуынша
kokbori
Жанекесі, ұлттық деңгейде сондай мәселе көтерген болса, ол ең бірінші Мақаш Тәтімов па еді, демограф, сол секілді
Abilakim
Тәтімовтың бір ғана баласы бар деген ақпаратыңыз бар ма?
kokbori
Білмедім. Ай Алла солай ма еді, ағзасын ауыстыру керек екен ондай болса, ең бірінші үлгі көрсетер ед
Zhan
Жоқ, бірақ әжептәуір лауазымы бар сияқты. Сонысына дейін мақтанып агентте маған. Өзінің кісілік келбетімен, ақылымен қызықтырса бірсәрі, өйтіп-бүйтіп қол жеткізген лауазымы арқылы қыз-қырқынды қызықтырам деп ойлай ма, лібә «жемеш» дедім ғой оған короче.
Abilakim
Саған арам ойы бар болғаны ма?
Zhan
Арам ойсыз еркек, еркек емес десем, ыстық сковородкаға күйіп қалғандай баж етпессің. Жұрттың бәрінің арам ойы бар екен, мені өсектепті, үй депті, бүй депті деп барлық нәрсеге жауығып қарай берсем, Дәруішөлгеннен баяғыда-ақ шығар едім. И так сол жаққа кетіп қалғым кеп жүргенде. Бірақ, ол жаққа кетіп қалуыма какой-то бір еркектің арам ойы себеп бола алмайды. Мен кетсем де ұлттық деңгейдің «нарынан» жығылып барып кетсем деймін.  былай жалаулатып.
Abilakim
Сонда Сіз «Мен жайлы арам ойлай бер, маған арам іс істемесең болды» ұстанымындасыз ғой
Zhan
Туу, сенде қоймайды екенсің. Жүдә сол, «мен туралы арам ойлануыс жоқ» деуім қалып еді, десем сенің тыңдай қалуың жетпей тұр еді. Менің қолымда біреудің ойлау фантазиясына шектеу қоятын құдірет берілмеген. Берілмесін, беті аулақ. Мен де кезінде Арнольд Шварценеггермен сүйіссем деп армандағам. (Қазір Арнолдыңа да, ол ойыма да құсқым келеді). Так что, арам ойлар нәпсі барда жалғаса береді. Тағы қандай лекция оқиын.
Abilakim
Сіздің ой менікінің жанында арам екен)) Шварцнегер туралыны айтамын.Мен Брюс Лидің де жұмыртқасы бар ма екен, тепсе ауырмай ма екен деп ойланатынмын
salta
мен 70ке келгенде Софи Лорендікіндей фигурам болса екен деп армандайтынмын, 40 келгенше ол арманым бір жерін қысып кететін сияқты ғой… ойларыңыз арам емес екен…
kokbori
Ойбай, Жаке, қайтесіз қазақтың қамын ойлағандарға жегізіп. Статистикаға сүйенсек, бір еркекке бірнеше әйелден келеді екен дегенді кеше кыбыныдан естіп едік қой
asaubota
қызық история екен
Gulistan
Әбілакім әскер жайлы әңгіме айтса, «Холодец» әңгімесі еске түсіп кете береді
Nurgisa

Үлкенді сыйлай білген азаматтар ғой, тәрбие көрген… бияқққ
Abilakim
Сол Қостанайлық досым Қарағандыға көшіп келіпті.Ана жолы кездесіп қалдық. Қызық бала болатын.Өз кеудесіне өзі наколка салып алған
Gastarbaiter
ken
тағы да «мәмбет» деп күліп жатырсың ба?