Розаның туылған күніне тарту!


Ашып өмір есігін нұрланды күн,
Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін.
Өзіңе де, өзгеге шуақ сыйлар,
Құтты болсын, Розатай, туған күнің!


Роза! Бұл есім жаныма сондай жақын әрі жылы, себебі мені дүниеге әкелген аяулы анашымның есімі — Роза! Бірақ бүгінгі айтулы күннің иесі Сыр өңірінің сұлу да сымбатты қызы, ҚазҰУ-нің үздік студенті, алғыр да ізденімпаз, білім мен жаңашылдыққа құштар болашақ журналист, жаны мен тәні "қазақ" деген ерке аруымыздың бірі — Роза Әрен. Розатайдың жылы пейілі мен ықыласына, нәзіктігі мен мейіріміне, ақылдылығы мен өнерлілігіне онымен болған кездесуде тәнті болдым. Кездесу барысында айтылған әңгімеден сондай өжет, білімді, белсенді, тез тіл табысқыш, көңілді қыз екендігіне көзім жетті. Ризамын, Аллаһ жақсылығын өзіңнен аямасын деп тіледім.

Тұлпардай зула топ жарып,
Сәулесі түсер – бол жарық.
Бақыт кеп қонып басыңа,
Жамандық өтсін айналып.
Қиындықтардан ықпағын,
Туыңды қолдан жықпағын.
Мен үшін бақыт қашанда,
Бәйгеден озып шыққаның.

Сені жарық дүниеге әкелген ата-анаңа Аллаһ ұзақ ғұмыр берсін, сенің қуанышыңды қызықтап, жаныңда аман-есен жүре берсін. Жүзіңнен нұр, көңіліңнен шуақ кетпесін, жайдары қалпыңнан танбай күлімсіреп жүргейсің.
Мейірім шуақ таптым бір өзіңнен,
Ізгілік шамын жақтың жүрегіңмен.
Бойыңа асыл қасиет ағыл-тегіл,
Өзіңе зор денсаулық тіледім мен!

Шын жүректен шыққан ақ тілегімізді қабыл алғайсың! Аман бол, мақсатыңа жет, ата-анаңның абыройын асқақтат, әдемі қыз!  Енді керекшілердің жүрекжарды тілектерін қабыл алғайсың!
Бөлісу:

39 пікір

AKA
Құттықтаймыз!
Rozatai
рахмееет, Ака!  Таңертең Теріскей хабарласып, керекте осындай жазба жарияланғанын айтты.
madlen
Вааай, құтты болсын! Жақсылап қыдыр туған күніңде!
Rozatai
Рахмет, Маржан! Қыдыру жағын қатырамыз, бұйырса
Aya
))))))Жатахананың тұрғындары, біз, яғни группаластары құттықтап жаңа келдік! Сооол… Роза бақыт тілеймін саған, жұлдызың жарқырай берсін!
aza
Мында екі қызғалдақ қой…
Rozatai
сол жақта — Ака, оң жақта — Розатай. Қызылорданың қос қарлығашы
Aldeken
Құтты болсын! Бар жақсылықты тілеймін!
Aldeken
Пы.сы. Одминнің ұсынысы қабылданбаған секілді ме өзі…
Rozatai
қандай ұсыныс еді?
Rozatai
Рахмееееееееет!
satibaldi
 Тілек генераторын жасауға болады екен
VKM
 Розатай, туған күніңмен!Өзіңе тілеген арман мен мақсаттарың орындала берсін, бақытты бол!
Rozatai
рахмет, Венера!
Aldeken
Не ғо, Розатай, Маликаны Венера дегеніңді Марко кешірмей қалуы мүмкін…
Rozatai
аа, кешірім  Малика
Abilakim
Туған күніңмен! Админнің ұсынысын ережеге қосу керек секілді
kokbori
Дұрысы сол, ережеде тұрмаса, Саммита сияқты тауып алып сілтеме қоя беретін адам аз ғой
Rozatai
рахмет! аға, мен ұқпадым, ол қандай ереже?
kokbori
Админ туған күнді әлеуметтік желіде құттықтасақ па деген, сонда барша керек тұрғындары "құп, алдияр" деп серттескен де еді, қазір сол серттен тайған ба деп қалғанымыз ғой
Rozatai
еее, солай екен ғой. Оны Акаға айтсаңыздар екен енді. Өзім біртүрлі боп қалдым ғой
Gulistan
Роза, қуанышыңмен!!! Саған бақыт тілеймін!!!
e_zhalgas
тәні "қазақ" деген

а иа, құтты болсын туған күн! ыржиып жүре бер әрқашан
Rozatai
Әйтеуір, бір ілік тауып аласың  рахмет!
asaubota
мүмкін болса туған күндерді туған күн иесінің әлеуметтік желілердегі бетінде құттықтайық.
AKA
1. Бұл жайлы алғаш естуім, бұрын-соңды білмеппін. Нақты бекітілген болса, «ережелер» бөлімінде ол көрсетілмеген.
2. Туған күнге арналған алдыңғы жазбада бұл мәселе айтылмаған еді. Соған қарағанда ереже өте жақын мерзімде шыққанға ұқсайды.
3. Туған күнге арнап жазбаны көп жазған емеспін, осымен санағанда екеу-ақ. Оның үстіне, бірінші жағдайда уәдеге байланысты жазсам, екінші жағдайда тек туған күнді ғана емес, кездесу жайлы да жазып өттім. Яғни, екі маңызды оқиға қозғалды, шын пейіліммен жазғым келді, жаздым.
4. Бұрын «бөлме» функциясы болған кезде де қолданушыларға осындай құттықтаулар сол жерде жазылса деген ұсыныс айтылған болатын. Бірақ, оған қарамастан жазбалар жазылып тұрды, ешкім ештеңе демеген болатын…
5. Ескертуге рахмет, алдағы уақытта ескеретін боламын. Той жалғасын тапсын, Розатайды тағы құттықтай отырып, көңілді кеш тіледім!
Zhan
Админнің ескертуінен кейін үнсіз отыр едім, дегенмен Розатайды құттықтай кетуді жөн көрдім. Роза туған күніңмен, бақытты бол!!!
konvict
Туған күніңмен Розатай!
Aigolek
Ережелеринди бузып мен де куттыктай кетин.