Үйдегілер менің кітап оқығанымды ұнатпайтын (Аяның постынан кейін)

Мүмкін сіздер таң қалатын шығарсыздар, бірақ бұл шындық еді. Қай ата-ана баласының кітап оқығанын қаламайды деп те ойлап отырған шығарсыздар, бірақ бұның себебі жоқ емес еді. Әлқиссаны әріден бастайық…
Мен кішкене кезімнен кітап оқуға құмар болдым. Неше жасымнан бастап кітап оқығаным есімде жоқ. Бірақ апамның айтуынша кішкене кезімде әпкемнің әдебиет кітабындағы «Керқұла атты Кендебай» деген көлемді ертегіні оқып жатып, шаршап ұйықтап кеттіппін. Демек, ол кезде мен алты жаста едім. Содан бері ес жиып, етек жапқалы кітаптан кітап қалдырмай оқыдым. Не таңдау жоқ, не талғам жоқ, әйтеуір алдыма келгенін асай оқи бердім. Қызығы сол, оқитын кітап болмаса, үйдегі бұрынғы кітаптарды қайта-қайта оқып тастайтынмын. Тіпті «Абай жолының» өзін бес-алты рет парақтаған екенмін. Бірақ бұның пайдасы тиді. Алтыншы-жетінші сыныпта оқыған эпопеяны студент кезімде емтиханда айтып беріп (тіпті, өлеңінен үзініді келтіріп бердім), бес алып кеткенім бар(Алайда ол кітапты тек ұзақ жылғы үзілістен кейін, универ бітірерде бір-ақ оқыдым). Мақтанып кеттім білем, негізгі тақырыпқа оралайын. Сол талғамсыз кітап оқудың салдарынан кітап оқымасам отыра алмайтын дәрежеге жеттім десем де болады. Жарық сөніп қалған кезде шам әкеліп оқыдым. Ал ол кез барлық нәрсенің қат кезі ғой. Содан таңда солярканың таусылғанын көріп, күйінген үйдегілерден таяқ та жеп алдым. Содан соң қараңғыда кітап оқисың, соқыр боласың деген диагноз да өз әсерін тигізбей қоймады. Оның үстіне қаражұмысқа жалқаулау мен үйге кісі келіп жатқанда жатып алып кітап оқитынмын, ондағы миссия шаруа жасамау. Өйткені кітап оқып жатқан баланы жан жаққа жұмсауды көп қонақтар жөн көрмейді. Ал, олардың алдында үндей алмай, өздері жүгірген аға-апаларым мені тайраңдатып қойғысы тағы келмейді. Міне сүйтіп, кітап оқу да маған біраз жүк болғаны бар. Әйтсе де қазір кітап оқуды ептеп қойып келемін. Дегенмен әлі күнге кітап не газет оқысам болды, жан жағымды естімеймін. Тіпті тарсыл гүрсіл, маған қойылған сұрақтар, жооооқ…
Бөлісу:

113 пікір

kokbori
Құрысын интернет дұрыс істемей, барымен базар қылдым.
zhannin-sayasi
Мен ойлаймын, кітап оқығаныңызды тоқтатпаңыз. Ол өте жақсы қасиет қой. Мысалы мен кітапты қатты таңдаймын, сіз сияқты таңдамайда оқи бергім келеді, бірақ бір — екі сөйлемі ұнамаса жаба саламын. Оның үстіне кітап оқитындар теледидар көретіндерден екі қадам алда жүреді. Сіздің жазбаңыздан — ақ кітап оқып, білім алғаныңыз көрініп тұр. Оған қоса кітап оқитын адамның жүрегі таза болады деп есептеймін, себебі кітап адамды тек адамгершілікке дәріптейді )))) Осы жазбаңыз үшін сіз менің ең сыйлы блогерім боласыз!(Бұл пікірді жағымпаздық деп ойлап қалмаңыз, бар болғаны тіке сөйлейтін, ойымды ашық айтатын қазақпын)
kokbori
Рахмет, Жансая, жақсы сөз жарым ырыс, біраз масаттанып, мастанып қалдым ғой
zhannin-sayasi
Оқасы жоқ))) Өмір тым қысқа ғой, сол себепті бір — бірімізге жылы сөз айтып, жандарымызды жадыратып, Алланың ризалығын алғанға не жетсін...!
Aya
Қандай жақсы))өз ықтиярыңызбен оқыған керемет қой. Бірақ сіздікі шамадан асып түседі екен.
kokbori
Шынымды айтсам, бір кездері онымды өзім де ұнатпайтынмын, бірақ кейін көп оқымай кеткесін, өзгере бастаған сияқтымын Шынымды айтсам сол күндерге қатты қызығам қазір
Esmeralda
мен үйге кісі келіп жатқанда жатып алып кітап оқитынмын, ондағы миссия шаруа жасамау
 талғамсыз оқығаныңыз осыдан да көрінед)
Aya
Бұ жері маған келеді екен)) Сосын шешем келеді да: "қой келгенде қойшының қызы іс тігеді" демей таста!" деп бір ауыз сөзбен шымшып ап тұрғызатын еркіңе қоймастан))))
kokbori
ия, бірақ расымен де кітаптың ішіне кіріп кететін едім
satibaldi
Содан бері ес жиып, етек жапқалы
Профайлыңызда көрсеткен жынысыңыз рас болса, шотлдандтықтардан болдыңыз ғой?
satibaldi
Кітап көп болғаннан жетпеген жақсы сияқты. Біздің үйде кітап сөреге сыймай толып жататын. Нәтиже? Нәтиже жоқ нақ! Ницшені кемірдім десем, Аспан Әміршілері нажағай жіберіп жүрер. Кітап оқуға тек екі стимул болатын: әліп) эротика элементтері бар кітап болса; би) кейде пақан тығып қойып, ұмытып кеткен бірсомдық-үшсомдықтар мынау соншама сұрықсыз дүниені бір сәтке болса да ажарландырып, сау ете қалушы еді.
kokbori
Ол да жөн, бірақ біз кітап жоқ болса ізденбей, кітап жоқ деп жата береміз ғой. Ал, стимулдарың бізге жүре қоймайтын секілді, әліп) кітабымды бәрі қарауға рұқсат еткем, би) ақшаны мен салмасам, басқа ешкім салмасы анық, ал мен салған ақшамды сол күні кешке шейін алып қоймасам, ертең таңға дейін шыдайды
satibaldi
Үйдегілер менің кітап оқығанымды ұнатпайтын
Ей, қазір ғана есіме түсіп отыр: біздің үйдегілер де сенің кітап оқығаныңды жақтыра бермейтін.
kokbori
Сәке, мен әдеби шығарма жазып отырған жоқпын. Оның үстіне Атыраулықтар солай сөйлейді.
satibaldi
Атыраулықтар менің тамырым.
Ал енді анау-мынау тартқыштағаннан еш сөлекеттік көріп тұрған жоқпын.
kokbori
Ал енді анау-мынау тартқыштағаннан еш сөлекеттік көріп тұрған жоқпын.
Сіздің жүйрік ойыңыздың шаңын көре алмағанымды мойындаймын, Сәкесі
Erkekyz
Содан бері ес жиып, етек жапқалы
Осыны мен де ұға алмай отырмын.
Aya
жай шатасып кеткен да, соған бола ұға алмай отырмын дейтін ештеңе де жоқ! Ондай ондай Дариға Назарбаевада да болады!
satibaldi
Ондай ондай Дариға Назарбаевада да болады!
Со кісінің қазақша мәтінін кездестірмеппін.
Aya
Өңі теріс айналған прикол да
satibaldi
Ааа, біз бейшара түсіне бермейміз ғой.
Aya
«Ондай ондай ханның қызында да болады»
satibaldi
Мәссағн, қалай тұспалдағансың, жаңа ғана түсіндім! Мықты, мықты! Табан соқпасқа шара жоқ.
kokbori
Содан бері ес жиып, етек жапқалы
Осыны мен де ұға алмай отырмын.
әбүйірдің бар екенін сезінген, немесе білген кез ғой, мүмкін ес біліп, етек жапқан шығар
salta
менің есімде қатты қалғаны 7 сыныпта оқып жүргенде "Қан мен терді" кроватьтың астында жатып оқығаным. Өйткені, үйдің тіршілігі бітпейтін, соны бітірмей кітап оқымайсың дейтін үйдегілер. отын шабу, мал суару, көмір кіргізу, су тасу, тауыққа жем салып, кешке оларды қамау, сиырдың басын ұстау… Құдай-ау, бітпейтін еді ғой бітпейтін… бәрін тастап, тығылып жүріп, 2 күн дегенде әрең аяқтағанмын кітапты. қазір көбінесе жалқаулыққа бой алдырамын.
satibaldi
отын шабу, мал суару, көмір кіргізу, су тасу, тауыққа жем салып, кешке оларды қамау, сиырдың басын ұстау…
Физруктар комплекс ұстаған шығар а саған бірдеңе деуге?
salta
физрук мені кез-келген спартакиадалардан қалдырмайтын. железно 1-2 орын болатын
satibaldi
Еламанның обрызына қатты еліктеген шығарсың а?
salta
үйде жалғыз ер бала болғанның әсері да… тем более менен кіші болған… байға тиіп көзіміз ашылды ғой
satibaldi
Өткенде қойған суретіңнен шахта жұмысшысын байқамадым.
salta
күйеуге шыққаныма 7 жылдан асып барады, қолымның күсі мен тілімденген өкшем жазылды да…
salta
Еламанға емес, Дориан Грейге көбірек ұқсайтын сияқтымын…
satibaldi
Қартаймағасын, тастап кеткен еркектерің ұрыса бере ме?
salta
жоқ, адамды өлтіріп келіп, бетім бүлк етпей отыра беремін… мені тастап кеткен жігіттер жоқтың қасы ғой, мені дұрыс бағаламайды екенсіз деееееп жыртылып қояйын ба?
satibaldi
Иә, сені денсаулыққа залал келтірмей тастап кете қою қиын шығар…
kokbori
Жабысқанымнан айырылмаймын десеңізші
kokbori
Шыны керек, Сатыбалдыға тәнтімін десем админге жалбақтау болмай ма екен, дегенмен мені сөзбен тұсау қиын деп күпініп жүруші едім, аузыма құм құйылды. Сатеке, саған арнап арнайы пост ілемін бұйырса
salta
сразу мына жерде Сатыбалды ізін қалдырған деп қабырға ескерткішін жасата салсай...
kokbori
Ойбай, онда өзі айтқан Жүсіп Болат ағасындай асқақтап кетіп, бас алып жүрер
Altygradus
Жарық сөніп қалған кезде шам әкеліп оқыдым. Ал ол кез барлық нәрсенің қат кезі ғой. Содан таңда солярканың таусылғанын көріп, күйінген үйдегілерден таяқ та жеп алдым
20ғасырдың басы ма???? сонда қазір жасыңыз нешеде???
kokbori
Жиырмасыншы ғасыр емес, тоқсаныншы жылдардың орта кезі ауылда сондай жағдайьболды. Шамасы, сіз ондайды білмеген, байбатша болдыңыз ғой
bazuka
ауылдарда жарықты уақытпен жағатын кездерде болар
kokbori
Ол енді бөлек әңгіме, той басталған кезде сөндіретін электрик құдайларды айтсаңшы
boztorgai
май шам әлі де бар ғо
құдайларыңды ұмытпасаңдарЩ
madlen
Екпінде кітапханаларға шолу, Массагетте кітап оқу, Жалғас та оқыңдар-оқыңдар деп, Керекте де сол тақырып… Қызық тенденция
kokbori
Мұқағалидың туған күні ғой, содан болар
satibaldi
Қайта Өрлеу Дәуірі.Ертең Триумфалдық Аркалар мен мүсіндер жасай бастаймыз. Адам құқығы туралы да еңбектер жарық көріп қалуы мүмкін.
KILYZAMAN
Содан таңда солярканың таусылғанын көріп, күйінген үйдегілерден таяқ та жеп алдым.
… Динозаврмынба деп жүрсем, бекер сияқты
kokbori
Содан таңда солярканың таусылғанын көріп, күйінген үйдегілерден таяқ та жеп алдым.
… Динозаврмынба деп жүрсем, бекер сияқты
Қилыеке, миымыз Сатыбалдыдай емес, түсініктірек етсеңіз сөзіңізді
KILYZAMAN
Мен болсам суми екенімді әлдеқашан жариялап тастағанмын. Сол судың әбден қайнағандағы берген өнімі оқып оотырғаның ;-)
kokbori
Аа, онда ештеңе емес, жүрегім орныма түсті ғой
KILYZAMAN
Соляраны иіскеп кітап оқуыңа не себеп?(Токсикоман емес сияқтысың);-)
kokbori
Сондай кітапқұмарлық болды. Өзімде түсінбеймін
satibaldi
Ол сондай: жұрт сөздерін түсінбегенннен бітіріп алады
Gastarbaiter
Дәмді паста екен. «Кітап оқу» етістігінің орнына жағымсыз әдеттерді қойса қызығырақ оқылады. Мастұрлау, шөп қарау, тырнақ жеу, сияқтыларды қойып оқып көріңдер.
Gastarbaiter
Не таңдау жоқ, не талғам жоқ, әйтеуір акез келген саусағымның тырнағын тістеп тастайтынмын. Қызығы сол, тістейтін тырнақ қалмаса, тістелген тырнақты қайта-қайта тістеп, жан жағындағы терісіне дейін жеп тастайтынмын. Тіпті башпайымның тырнағының өзін бес-алты рет кемірген екенмін. Бірақ бұның пайдасы тиді. Алтыншы-жетінші сыныпта аяғымды басыма жеткізетін трюгым студент кезімде Д/Ш-дан емтиханда жасап беріп (тіпті, бір екі башпайымды көзінше кеміріп бердім), бес алып кеткенім бар(Алайда ол трюкты ұзақ жылғы үзілістен кейін, универ бітірерде бір-ақ жасадым). Мақтанып кеттім білем, негізгі тақырыпқа оралайын…
KILYZAMAN
тістелген тырнақты қайта-қайта тістеп, жан жағындағы терісіне дейін жеп тастайтынмын
— асқазаның пиролиздік қазандықтанда күшті болса керек /Тырнақтың сынығы адамның сілекейімен(кез келген ылғал ортада) өсетіні анық/
kokbori
Бұған жарылмасқа болмайды
madlen
Мектепте жүргенде-ақ Атлас человеканы кеміріп тастағансың ғой сен, уфффф, через чур скучно олай
Gastarbaiter
Егер сен біреудің өмірін қызық емес деп тапсаң, ал ол онымен келіспесе, демек ол сенің проблемаң.
madlen
Білемиии, жасырын зависть жеп барады да s
satibaldi
Ішекқұрт тығылатын жер қалмад: барлығы ағып кетті
Gastarbaiter
Сол не болса соның суретіне талғамай уқалаудың салдарынан, уқаламасам отыра алмайтын дәрежеге жеттім десем де болады. Жарық сөніп қалған кезде шам әкеліп уқаладым. Ал ол кез барлық нәрсенің қат кезі ғой. Содан таңда солярканың таусылғанын көріп, күйінген үйдегілерден таяқ та жеп алдым. Содан соң қараңғыда көп уқалайсың, соқыр боласың деген диагноз да өз әсерін тигізбей қоймады. Оның үстіне қаражұмысқа жалқаулау мен үйге кісі келіп жатқанда жатып алып уқалайтынмын, ондағы миссия шаруа жасамау. Өйткені уқалап жатқан баланы жан жаққа жұмсауды көп қонақтар жөн көрмейді. Ал, олардың алдында үндей алмай, өздері жүгірген аға-апаларым мені тайраңдатып қойғысы тағы келмейді. Міне сүйтіп, уқалау да маған біраз жүк болғаны бар. Әйтсе де қазір уқалауды ептеп қойып келемін. Дегенмен әлі күнге газет не телевизордан «андай» көрсем, жан жағымды естімеймін. Тіпті тарсыл гүрсіл, маған қойылған сұрақтар, жооооқ…
Gastarbaiter
Білә қызық болады екен
kokbori
білә, үйдегілерге жынды болып көрінетін болдым
Aya
Мына пікіріңізден бірдеңе түсінсем бұйырмасын?! Не мақсатпен жазып отырсыз сонда?
kokbori
Ayaжан, түсінбегеніңіз жақсы, ары қарай өте беріңіз. Періштедей пәк көңіліңізге қаяу түспей ақ қойсыншы
kokbori
Күліп күліп, өз отбасымның қасында болғанда ғой, кітап оқып жынданардай болып едің, енді компьютерден жынды болайын дегенсің бе деп ұрсар еді
Zhan
Көкбөрі саспа, маған да мына пікірлерден кейін күліп жатсам жұмыстағы әріптестерім екі көздері банка болып, таңырқап қарап жатыр. Кейде оларды осылай ара-тұра «шок» қып тұрам  Гастаның пікіріне күлем деп ішім ауырып кетті.
Zilola
Такырып тым ауыр деп кiрмей журсем, ужасс пiкiрлер ортейД на, ризамын барiне!
kokbori
Мына пікірлерді оқып отырып, қайтадан жынды кісіше күліп алдым. Негізі жай ғана кітапқұмар болған кезімді еске түсіріп, іліп қойғым келіп еді
araika
Бала күнімде жазғы демалыста, күннің +40-ты көрсеткеніне қарамастан, ауылдың о шетіндегі үйімнен бұ шетіндегі кітапханасына жол салушы едім. Обалы не керек, кітапханашы апайды ұстау тым қиын. Бір алған кітабыңды екі-үш ай құшақтап жүруіңе тура келетін.
Ал, үйдегілер… ең сүйсінетінім, ағам да қатты қызығып оқитыны, тіпті әкелген кітаптарыма таласып қалатынбыз. Талай мәрте "өзің барып ал!" деп насихаттадым да

Тіпті «Абай жолының» өзін бес-алты рет парақтаған екенмін.
 Мен 2-томына келіп, майы таусылған мәшинедей тоқтап қалдым. Шыны керек, интернетке қолым қалай жетті, кітап кетті
edige
Сатира жанрына мүмкіндігің бар?
AKY
Тапсырып кеткен сүтті тасытып алғанымда мамам: «маған кітап оқитын қыз керек емес, шаруа істейтін қыз керек» деген.
xsanatos
қандай болдың сонымен?
AKY
екеуі де емес, жәй интернетте отыратын қыз болдым
xsanatos
көп отыра берме онда
AKY
қойшы-әй.
xsanatos
мүмкін "әй, қойшы" дегің келген шығар. бірақ мен қойшы емеспін
dark_nazgul
Майшамның жарығымен кітап оқимын деп, отырмын ғой қазір, балаларым «неге көзәйнек тағасың, сен апасың ба не?» дегенде жауап бере алмай.
satibaldi
Ойбу-ай-хоооой, түбін түсірдім деЧ, конгресскітапханасынсстың?
dark_nazgul
көре алмай отырсың ба?
satibaldi
Жә, оның не көре алмайтыны бар. Май шам. Әбден жүні шыққан кітап. Хех.
Ал біздің үйде жыл 12 ай жарық болатын, «УРАЛТРАНСГАЗ» деген мекемеге рахмет. Сонда электриктер айтатын:
— Мына оңтүстік жақта толайым сібет жоқ, ал сендер құтырасыңдар, неге кітап оқымайсыңдар! — деп. Қойым оқиын ба? Сен де осы жерде отырсың, мен де осы жерде отырмын. Егер айырмашылық болмаса — оқып не керек???
xsanatos
Ой, лібә, ештеңе оқымаған адамдай болып отсың ғо. кітап оқудан бітіретін очкәрик шығарсың бәлкім)))
dark_nazgul
Бір әпкем бар, кітап жинағыш. Сол бір жылы көшіп қонып жүріп, бес қорап кітабын біздің үйге әкеп тастаған. Өңкей шетел әдебиеті. Нәкең бір қарық болды ғой.
Ал біз ол кезде новостройкада тұрамыз, свет тартылмаған.
satibaldi
Ал бізде жарық самалдай жап-жарық болып тұрушы еді, әлі есімде: «оңтүстікте жарық жоқ екен!» деген кезде, «Африканы айтып жатырсыз ба, олар қашан жарып еді?» дейтінбіз; сонда электриктер: «жоқ, біздің Қазақстанның оңтүстігі!» дегенде, өтірік айтпа нақ деп жамырайтынбыз
dark_nazgul
satibaldi
Керосиннің білтесіне шұға шүберек қаншадан болды сендерде?
dark_nazgul
қайдағы керосин? мақтаны білтелеп, кесенің түбіне құйрық майға шылап қоятынбыз.
Elirgen
Бұл жерде сол құйрығын отқа өртеген қой да сіздің кітап оқуыңызға құрбандық болған секілді
dark_nazgul
тірі қойдың құйрығын отқа өртеп жүрсең елірген екенсің
satibaldi
Білдік, білдік оңтүстіктің қиын жағдайда болғанын. Десек те. Өзімізге жақсы болғасын, басқалардың қамын ойлай бермеуші едік
Elirgen
Мдя… тірі демеген секілді едім, құйрықмайы үшін қой сойылған деп едғм, Назгулдың сразым беттен алатынын біліп жүретін болдым)))
dark_nazgul
алдымен сөйлеміңнің логикасын қарап алсаңшы. сразым беттен алмаймын, ойланып барып «шап» ете түсем
satibaldi
— Ағай, — деуші едік жағырапия мұғалімі Жансерік ағайға, — осы жарық жоқ қандай да бір елдер бар ма?
Сонда ағай сұраулы жүзбен Жердің саяси картасына қарап тұрып:
— Қайдам. БҰҰ-ның Қайыршылықпен Күрес Комитеті сонау 70 жылдары бастап еді надандықпен күресті, қазір түбегейлі жеңіске жетті деп ойлайм. Бірен-саран Мозамбик, Гана сияқты елдерден басқалары жарықтанып болған болар сірә. — деуші еді
satibaldi
Бұл не, алғашқы комптарың ба?
dark_nazgul
аха. свет жоқта тұтқасын бұрап бұрап оталдырып ала беретінбіз.
satibaldi
Әрине, көре алмаушылар да болды. Оңтүстіктен келіп жүретін еді бір дөкейлер. Елмен бірдей болыңдар дейді де. Сонда Аслан амиго орнына қойып тастад та жәй.
— Приватизацияны жүргізген сендер ме, біздер ме?
— Біздер — дейд дөкейлер.
— Бүкіл Біріккен Энергожүйені бельгиялықтарға сатжіверген сендер ме, біздер ме?
— Біздер — дейді аналар тағы.
— Онда бұтағыма көре алмай жылап тұрсыңдар? Жоғалыңдар ептібайымайдтар! — дегенде, безіп кетті де, со кеткеннен мол кетті шешесс.
dark_nazgul
ииии. мақтана бермеш. 95-жылдары Алматыда май шаммен кітап оқып, флягпен су тасып жүрген романтика кездерім есіме түсіп, ностальгия болып отырсам өзім
satibaldi
Өңменнен өткен жоқшылық.
Ал тап сол уақытта. Бізді айтам да. Бірде трансформаторлар желісінің бастығы келіп:
— 60 ваттық шамы несі? сол екен ғой дым нагрузка жоқ, трансформаторлар холостой ходпен тұр! Кәне ел болып, 120 ваттық лампаға көшейік! — деп кейіп, әп-сәтте ауыл іші ертегідегідей жарқырап шыға келді: терезедегі жарықтан көшеде күндіз сияқты болып тұрушы еді.
Simona
Қaйдaғыны қaйдaн еске түсiрiп…