Наурыз кестесі жарияланды

Діни және Ұлтшыл істер агенттігіне қарасты «Руханият: дін мен діл» басқармасы 2012 жылға арналған Наурыздың келу уақыттарын жариялады.

Кестеге қарайтын болсақ Наурызға ең алдымен еліміздің шығыс аймағындағы Владимировка ауылының тұрғындары кіреді. Олар таңғы сағат 04:10-да Наурызды қарсы алуларына болады. Алматы қаласы үшін Наурыз уақыты 04:57, елордамыз Астанада 04:58. Ал, Наурызды жұрттың соңы болып қарсы алушы Батыс Қазақстан облысы, Сайқын ауылының тұрғындары болмақ. Олар үшін Наурыз уақыты 05:32.


Халық Наурызды жылы палаткаларда отырып, асыға күтуде © voxpopuli.kz
Бөлісу:

11 пікір

qisyq
Қарсы алу керек)))
salta
намаз демекші, кеше поезда бір жігіт: Наурызды атап өтуге болмайды, ол біздің мереке емес деді. оның ойынша үлкендерге иіліп сәлем салуға да болмайды екен. тек Аллаға ғана тағзым етуге болады деп қарааааап отыр. Ширік екен енем мен қайын аға-апаларыма сәлем салып жүргенім. поездан белшемнен күнәға батып түстім… тура мағынасында емес әрине, қолымды қан қылғым келмеді... Оттапсың!!! дедім де, әрине ішімнен, көз алдыма «бақытты бол, айналайын» деген енелерімді елестеттім… Алданның әжесі секілді: Сәлем айта бар дедім обшым…
Rafaello
Наурызды түнгі 00:00-де қарсы алса күнә болады
VKM
Нұржанбай сияқты, суфист болды ол жігіт
ken
Рахмет, Алдар Көсе! Күлдірттің
asaubota
таңертең Наурызды күтейін деп жатырмыз. сендер ше?
Sebastian
күлмеңдер, ей! мындай шығыпты