Қиял МАХАББАТ

Еркелеген үмітім үкіленген
Еркелесең ғажайып бір күйге енгем.
Елітіп бар еркімді алып қойдың
Виртуалдық сезім деген осы ма екен...?

Виртуалды ешқашан мойындамай
Жүруші едім бұл жерді ойыма алмай.
Үйленбеген жас баладай қобалжимын
Реалға жетпей жатып бұным қалай?

Сеземін реалда да кездесерміз
Жазбаймыз ол кезде біз сөйлесеміз.
Айтуға сөз жетпеген жағдайларда
«Басқаша тілдермен де» түсінісерміз.

Түсінерміз бір-бірімізді ымдасақ та
Бір үмітке бір үмітті жалғасақ та
Сеземін, сол себепті күтіп жүрмін
Кездесердей елде жоқ бір ғажапқа…

Сөкпеңдер, жүрегі дүк*дүк етіп жүрген жігіттің келісімімен қойдым.  
Бөлісу:

35 пікір

a63a1
«Басқаша тілдермен де» түсінісерміз.
Көріспей жатып сүйісуге дайын жігітпе?
Delhi
Қайта сен бер жағын ойлайды екенсін, қиял деген жаман екенғой))) алде жақсыма?
a63a1
Қиялың тұрақты болса жақсы
madlen
Кім екен авторы?
Delhi
Сұлу қыз-ау, авторын қалай жазайын, өзі тақырыпқа да жоламай қашып жүрсе
madlen
Одан сайын қызық боп кетті
Erkekyz
Тамаша!
kokbori
Асықпаңыз, өлеңді «тілге жүйрік, жүрекке жылы тиіп, теп тегіс жұмыр келсін айналасы деген жоқ па Абай атамыз?!
Abilakim
Блогқұрылтайда кездесетін адамдардың өлеңі ғой мынау)))
TERISKEY
Үйленбеген жас баладай қобалжимын
budan avtor uyli-barandi dep koritindilay bersem bola ma?
Abilakim
Авторы мен емес, бірақ мен де үйлі-барандымын және қобалжулымын))))
Delhi
Әбіл неге қобалжулысын?
Abilakim
өзіндік себептері бар, ал сен қобалжып жүрген жоқсың ба?
Delhi
Қобалжу деген не ол өзі...? Сені көріп талып қалмасам, басқа іштене болмайды маған
Abilakim
талып қалатындай қаның азайып кетті ме?
madlen
Құрылтайда шетінен талу процесі болады ғой дим
Delhi
 Бәріміз шетінен талып жатсақ… презентация қалай өтеді екен...?
Aldeken
Блогқұрылтайда кездесетін адамдардың өлеңі ғой мынау)))
Блогқұрылтайда бәрі бір-бірін аңдып отырады ау, ә?
Abilakim
солай болатын секілді ғой.Әргі-бергі оқиғаларға қарасақ…
Aldeken
Сен міндетті түрде тұмар тағып келуге тиістісің…
Delhi
уаааау, Алдан аға Салта қасыңызда емеспе? Ешкімді аңдымауға болады ғой, мынадай сұлудың қасында.
Aldeken
 мен аңдымаймын ғо, мені аңдитын болар деп ойлап отырмын.
salta
саған сонша не жаздым аңдитындай? Қазығыңа қайта оралатыныңды біліп, көзімді көп нәрсеге жұмып жүрмін ғой қасқаааау… тегііі
Aldeken
Қазық болғанда қандай қазық, шіркін… десем, мына жердегілердің азғын қиялын асқақтатып жіберем ау, ә?
salta
қо құрсын, көк ала торғайдай болар жағдайым жоқ…
Delhi
Салта қалай сонда? Толығырақ...?
Altygradus
екі рет оқыдым аса ұқпадым, үшінші рет оқығым келмед
Delhi
 дұрыс айтасың, оқыма. Соның өзінде екі рет оқып шықтынбәй)))
Emilia
Күшті өлең екен, ұнаттым