Update

Жүрекке әмір жүрмейді

Сұраулы жүзбен қарайсың маған.
Жақындасам жалтардың.
Көңілім, неге болды екен алаң,
Жаныңа батты-ау,
шаңшар мұң…
Айтқызбай-ақ,
сездің бе, әлде,
іштегі сырын сезімнің.
Жүргенім де меңіреу халде,
Жетегінде төзімнің.
Мұз еді жүрек көргеннен сені,
Шуағың тиіп еріп еді…
Қайтейін бірақ,
Мен емес теңің.
Ойласам қайғы төгіледі.
Аңсаған күнім алыста тегі,
Білемін, қайта келмейді.
Түсінсең жаным кешірші мені,
Жүрекке әмір жүрмейді

(Жаңғырық Бестәңірі)

Келе берем

Бардым. Тостым.
Сен жоқсың,
сезіндің бе?
Сезіндің бе, шегі бар төзімнің де.
Білесің бе?
Мен сені шын сүйемін,
Келе бергім келеді кезігуге.
Тосып тұрмын,
Уақыт өтіп барады.
Бір көруге өзіңді кетіп тағат.
Ойыңа да келмеді-ау,
бәлкім сенің,
Мен келер деп кешігіп,
тосып қалады.
Айыға алмай түйіткіл жебелерден.
Қайтып барам,
Күдікті ой себелеумен.
Болма мейілі,
Болмағың мен келгенде,
Келе берем,
бәрі-бір келе берем.

(Жаңғырық Бестәңірі)

ПыСы: авторы мен емес
Бөлісу:

7 пікір

e_zhalgas
(барлығың келісіп алғаннан саусыңдар ма!?)
шаңшар мұң
қызық, ол қандай мұң екен
AL-ASTER
Острый мұң

(Уәли ағаның Шаншары емес))) )
a63a1
лібә қиналып жүрген екенсіңдерғой Пайдаланыңдар пайдаланыңдар!!! 1 апта қалды 1-ақ апта
VKM
О, Нұржол.Сол қызың қайда?
AL-ASTER
Қоштасып тастадық. Уақыт емші деген рас екен.)))
satibaldi
Жақындасам жалтардың.
Ау енді бірден төсек қайда, ең болмаса әдеп үшін жалтарған болады ғой, сен де бір…
araika
Жаңғырық Бестәңірі
Бұ кім? Сен дейін десем,
авторы мен емес
деп ақталып кетіпсің…
Жаңғырықты жаңғыртып жүрген кім? Бәлкім, сен? (осыған дейін де өлеңін оқыдым) Автор жайында ауыз ашшы