Грекия Қазақстаннан қарыз сұрауы мүмкін
Барлық ресурстардағы кредит лимиттері толған Грекия Болгарияны кредит алып беруге көндіруде. Болгария сапарынан кейін Грекия премьерінің мәдени байланыстарды нығайту мақсатында Астанаға іссапар жоспарлауы бүгін Мәжіліс кулуарларында орташа деңгейде дүрлігуге себеп болды. Мамандардың болжамы бойынша олар Қазақстаннан да қарыз сұрауға келеді немесе қарыз алып берулерін өтінеді. Осы оқиғаға байланысты ақша сұрау мәселесі бола қалған жағдайда нақты жауап беру үшін қаржы секторындағы білікті мамандар, депутаттар және тәжірибелі кәсіпкерлерден құралған бір комиссия құрылатын болды.
Мақсат Дүйсенов (қаржыгер):
Әзірше бір нақты шешімге келмедік. Тек өзімізде де қазір ақша жоқ, қарызы барлар әлі беріп болмай жатыр сипатында бір себеп айтарымыз анық.
Марсель Көшімхан (депутат):
Жауапты Твиттер арқылы беру керек. Нақты қандай жауап беру керегін білмеймін дәл қазір. Бірақ, қалай болғанда да Твиттер арқылы берілуі керек деп ойлаймын.
Болат Жұма (дипломат, жазушы):
Достарға қарыз беріп, достығымызға сызат түсірмейміз ғой. Артық ақшамыз болса былай да бере салатын дархан халықпыз ғой дегім келеді.
Раиса Джарылгасынова (депутат):
Жұрт бізді бір ақшаның астында отырғандай көреді. Өзімізге ақша жетпей жатқанда бізден қарыз сұрағандары несі? Бірден айту керек «Ренжімеңдер, ақша жоқ» деп.
ақшалай бере алмайтынымыз анық
нанмен, картоппен берейік
Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы — 800 доллар.
Елде кеме қатынасы жыныстық қатынастан да кең тараған, бірақ Еуорпалық Теміржол Жүйесінен тиын істеу үшін шығын болса да теміржол тасымалын ұймдастырып, 800 000 адам сол жүйеде жұмыс істеген екен.
Айтпақшы, Заңнамалары бойынша — жұмысқа келмей қалған адамды жұмыстан шығаруға құқығы жоқ екен, лібәдтің!
Сол нақ, адамзатқан физика, геометрия, тағы басқа да қуған пәлсапашыларды сыйладық екен деп құтырып кетті, шешесстер.
Жазалау керек, қатал, қатал жазалау керек!!!
Гректер түріктерден ақша сұраған ба?