Қызым, қырыққа келдің!

Шәй ішіп отырған шешесі қызына қарап:

-Қызым, неге қашып келдің?-деп сұрады.

-Нет, мен қашып келген жоқпын. Мен кетіп қалдым.

-Қашып келмесең, бес күн болды үйде жатқаныңа, үйіңе қайт.

-Мам, не хочу…

-Ойбай, қырыққа келдің, қызым… Сүрленіп, сарғайып, қартайып барып әрең тауып бердім осы күйеуіңді. Құрбымды араға салып жүріп., Бір апта өтпей жатып, қайтып келгені несі?

-Мам, өзі бір түрлі…

-Екі түрліні қайтейін деп едің?

-Тамакка тоймады екен… Противно…

-Еркек деген тойымсыз келеді. Жей берсін. Жапырып жесін.

-Енем де жапырып жейді екен…

-Жесін! Адам тамақ жемегенде, иіскеп-иіскеп қоя сала ма екен?

-Ауыздарын салпылдатып жегенде, миым ашып кетеді, культура жоқ воовще…

-Әй, шүлдірлеген шала қазақ қызым-ай, қалай жесе де, өз үйлері ғой! Аш­уланып жейді ме, ыржиып жейді ме, жоқ әлде қылжиып жейді ме, ауыз­да­ры­на қарап нең бар, қызым!

Қызы бұртиып отыр.

-Мам, сен айтқан сөзді енеме айтып едім, ужас, басымды қос қолдап қасып берді… Ол кісі интересно, ашуланса адамның басын қаси беретін дурная привычкасы бар екен… Тырнағы басымды ауыртып жіберді…

-Не деп едің?

-Тамақ дайындадым. Енемнің бір подрушкасы да отырған. Алдарына супты әкеліп, жымиып: «Атауларыңызды ішіңіздер, ұялмаңыздар...» деп едім…

-Ойбай-ай, ойбай, мына сөзден кейін басыңды қасымақ- түгілі, қағып тастау керек қой!

-Өзіңіз ғой, папама: «Мә, атауыңды іш!» дейсіз…

-Қызым-ау, әкең сылқиып ішіп келгенде ашуланғанда айтатын сөзім ғой бұл! Атау-деген жаман сөз, адамның өлер алдында ішетін асы…

-Откуда я знаю… Кеше үйге қонақтар келді. Оларға да «атауларыңызды ішіңіздер» деп айттым…

-Мәз қылыпсың! Қырық түгіл елуіңде де ес кірмейтін шығар саған! Қызым-ау, қырыққа келдің ғой, қырыққа! Әлі қазақша жарытып сөйлей алмайсың!

-Мам, мен банкте істеймін, бізде бәрі орысша, ағылшынша, қытайша сөйлейді.

-Қатипаш, сен жинал да, үйіңе қайт.

-Не хочу.

-Бай керек пе саған қызым?

-Иногда керек.

-«Иногдаң» не сенің, ойбай?

-у, ішім пысқанда бірге курит еткенге…

-Сен әлі темекі шегіп жүрсің бе?

-Да. А чо?

-Келін деген темекі шекпейді.

-Онда тұрған не бар? Енем насыбай атады. Атам сағыз шайнайды…

-Сен сол үйдің келінісің…

— Енем айтады, «біздің үйге келген түтін» дейді. Күйеу балаңыз екеуміз темекі шегіп жатып, пожар болдық қой, көрпеміз өртеніп кетіпті, таңертең тұрсақ…

— Өздеріңнің өртеніп кетпегендеріңе шүкір де!

— Мам, атам қызық адам, рядом туалет, а он үйді айналып, как вам сказать… не удобно қарап тұруға…

— Ойбай, сен атаңды аңдып жүресің бе, не? Артынан қарап тұрасың ба не?

— Да. Онда тұрған не бар? Аташка как ребенок! Жасы тоқсан сегізде. Как робот журеді, енем айтқан, атамды қарап жүрмесең, бір жерде құлап қалады деп…

— Құдалыққа шақыратын ойлары бар ма өзі?

— Аташка өлген соң шақырмақ.

— Өлгені несі? Аман жүре берсін.

— Соның жетісі, қырқы, жылымен бірге құдалықты да шақырып, құтыла саламыз дейді…

Шешесі ішіп отырған шайына шашалып қала жаздады.

— Астапыралла, не дейді? Шақырмаса, шақырмай-ақ қойсын! Өлікпен бірге құдалық өкізген қай қазақты көрдік?

— Олар қазақ емес.

— Е?

— Енем еврейка, атам қазақ. Ну, оның папасының мамасы тоже еврейка болған. Мам деймін, атам жас кезінде сұлу болған екен. Қазір ғой, бетіне топырақ тастай салған сияқты, енешка оның екінші әйелі екен.

— Бірінші құдағи қайда тұрады екен?

— Давно өліп қалыпты. Осы енешканы атамнан қызғанамын деп, бір шелек клей жұ­тыпты да, аузы ашылмай, туалетке бара алмай, ішектері жабысып, мұрны­нан клей ағып, өліп қалыпты… Ужас…

— Обалдағы -ай… Артынан бензин ішіп жібергенде ғой, жұтқан желімі іріп кетер ме еді…

— Интересно, аташка до сих пор енешкамен бірге жатады!

— Енді бірге жатпағанда ше, кемпірі ғой…

— Да ну… Аташка совсем старик. Зачем бірге жату? Мен иногда ана дуракпен ұрысып қалсам, подрушкамның үйіне барып жатамын.

— Қызым, қырыққа келдің, қырыққа!

— Ну что, қырыққа келсем? Ия, жігіттер таңдап жүріп қалдым, елуге келсем де нормально жігіт тауып алар едім ғой, как Алла Пугачева сияқты… ақырында қатын тастаған біреуге таныстырып…

— Сол мыстан кемпіріңді айтпашы, «нербім» ойна-ап кетеді. Сен не, ата-енеңді аңдып жүрмісің?

— Қызық болды, бір түні для интерес аяғымды ақырын басып, екеуі жататын бөлменің есігінен сығаладым. Ужас!

— Немене ойбай?

— Енем атамның үстіне отырып алып, арқасына массаж жасап жатыр!

— Енді уқалайды да… Нең бар оларды аңдып? Ұят-ай, ұят ай!

— Сөйтсем, енем атамның екі жағына күйген кірпіштер қойып, оның үстіне доска тастап, соған отырып алып, масааж жасайды екен… А то, атам апамның салмағын көтере алмайды…

— Ойбай-ай, ойбай! Көріп қоймаса еді…

— Енем «пыш-әй, пыш!» деді де, есік жаққа қарай кебісімен жіберіп қалды. Мен кері шегінемін деп, су толы шелекке аяғымды тығып алдым.

— Ұят қызым, ұят!

— Ертеңіне тұрсам, шелектегі сумен шәй қайнатып қойыпты енем. Ішпей отырып алдым…

— Ерте тұрып, шәй қоймайсың ба не?

— Ененің қызығын көрмейміз бе?

— Енең сенің, келінінің қызығын көру керек! Ерте тұрып үй сыпыр, шәй қой, атаңа сорпа пісір.

— Қамыр жайдым бір күні. Шұрық тесік болды. Сосын ие-жіппен тігіп пісіріп едім, апам әбден ұрысты.

— Қамыр да жая алмайсың! Зуалаға бір жұмыртқа араластырып илесең, езілмей түсер еді…

— Атам қамырды жібімен қосып жеп қойыпты. Көздері нашар көреді ғой, жіпті қойдың ішегі деп ойлапты…

— Атаңды ажалынан бұрын өлтіріп тынарсың, мына түріңмен! Мен сияқты пысық болуың керек қой,--деген шешесі қасын кере сөйледі,--баяғыда-а, келіншек кезімізде атаң марқұм жүдә ұмытшақ еді ғой. Алжып қалып еді бейшара…

— ызықтар болған шығар, мам?

— Бір күні үйге кіріп келе жатсам, мені тоқтатып: «Әй шырағым, өзіңді бір жерден көрген сияқтымын...» дейді. «Ата, келініңізбін ғой, балаңыздың әйелімін» десем: «а-а, о қызталақ қашан үйленіп жүр?» деп қояды. Тағы бірде көстюмін теріс қаратып киіп алып: «Келін шұырақ, мынанынң түймелері түгел түсіп қалыпты ғой...» деп тұр. Қызық адам еді, жарықтық…

— Менің атам да қызық адам…

— Менің атам, менің атам деп қақсай бермей үйіңе қайт! Болмаса, үйге тұрған әр күніңе «квартплат» төле…

— Немене? Туған қызыңыздан ақша? Совесть есть мама? -деген қызы асығыс жинала бастады,--Кетемін! Сол жақтан воовще келмеймін!

— Келме!
— Байыммен бірге өлемін!
— Бірге қартайыңдар…
— Сізден енем жақсы, басымды қасып тұратын…
— Келме, тастай батып, судай сіңіп кет!
— Кетемін! Енді воовще қашып келмеймін! Өкпеледім мама!-деген қызы жындана жұлқынып, үйден шығып кетті.

— У-ух,- деді шешесі терең демін алып,--осылай демесем, әлі бір ай жатпақ түрі бар… Қырыққа келген қызымның бір шайнам миы жоқ… Миы болса, енесінің шайы орамалы мен кебісінн ұрлап маған әкеп бере ме? Ойбуу, сол орамалы мен кебісі қалып кетіпті ғой! Әй, Қатипаш, тоқта деймін!

Мұхтар Шерім.
«Абай-ақпарат»
Бөлісу:

33 пікір

neoman
Баяғы Тамашаның тұрмыстық деңгейден аса алмайтын мыжың қойылымдарын еске түсірді, құсқым келеді
19852407
Да. Онда тұрған не бар? Аташка как ребенок! Жасы тоқсан сегізде. Как робот журеді, енем айтқан, атамды қарап жүрмесең, бір жерде құлап қалады деп…
Қазір ең аржағы рожки қуыру қолынан келмейтін келінді ұшырастырарсыз, бірақ «блондинка» келінді кездестіруіңіз екіталай.
marmad
Сатыбалды Кербабаев ешқандай аке шешенің тәрбиесін көрмеген,үлкенді үлкендеп кішіні кішідеп сыйлау білмейтін жан екенсің әутеур аман бол, ескертем ешкашан адамга тіл тигізбе арты жаман болады; БҰЛ ЕСКЕРТУ
Mansy_kz
Сатыбалды Кербабаев тағы минустадын ба? Қотақбас екенсін 87018601417 хабарлас
satibaldi
Сатыбалды Кербабаев тағы минустадын ба? Қотақбас екенсін 87018601417 хабарлас
Тағы минустадым. Хабарласуға жүрексініп тұрм: пездес қылып жіберетін сияқтысың.
Mansy_kz
Сиктим сендей модераторларды қол койганым бар екінші керекинфоныда
satibaldi
Рахмет. Өте сәтті эпилог.
madlen
Минусқа сонша жынданып  
+4 қойдым, ренжімеші енді
AKY
Моржик, миротворец екендігіңде гәп жоқ, бірақ тап осы жерде қажеті жоқ сияқты.
madlen
туф, ана 40тағы қыз туралы пост ұнап қалд бар ғой
Gastarbaiter
Блин, мен модер болған кезде қайда жүрді осындайлар, түп тамырымен бір жылға айпиына банға жіберетін едім.
Ең болмаса, нақышына келтіріп соғыса да алмайд. Жақсылап дайындалып, досье компромат жинап қайта шабатын БРД Ансар дұрыс еді мына бұтақпастан. ең болмаса шоуға қарқ болатын. (((Аж ішің пысад.
VKM
Гаста: Соғыс(как положено с жертвами) болса ғоооой!
madlen
Какие вы все
VKM
Мен Гастаның пікірін қортындыладым ғой.
Gastarbaiter
Саяси ойындардан аулақ жүргенің дұрыс, құлыным, расходқа кетіп қалсаң, мамаңа не бетімізді айтамыз.
satibaldi
Иә, ол кездер керемет еді. Форумдар енді ешқашан баяғыдай болмайды
asaubota
современный келін образы Уәйстердің кезінде өтіп еді, қазір интернет тілімен айтқанда бояннн тақырып. түк қызық емес.
Abilakim
Иә, ененің айтқаны қашанда дұрыс дейтін уставтарға кезінде күлуге болатын
Delhi
Мынаның барлығы болмағанмен жартысы шындыққа келеді. Осындай да келіндер барғой. Жақын арада құдашам тұрмысқа шығып, бір кездескенде айтад" атам на второе пісіреді, мен шай құям, сосын атама тамағыңыз тәтті екен дим, ол шайың тәтті дид" деееп қарап отыр. Енесі жұмыста болады екен. Бірде төркініне келгенде үйіндегі артық шұлыққа дейін салып алып келіпті. Мамасы ұрсып қайтарып жіберіпті ғой.
19852407
Осы Мұхтар Шерім сыналса да қоймайды екен.
Айтпақшы, @Ablakim, ұстазың осы ағаң емес пе?
Abilakim
Ұстаз демегенмен кей жазбаларыма баға берген (қасымолжасыңдыссс...)

Вордпрестегі блогымнан жазбаларымды оқып тұратын бұл кісі, мен де ол кісінің жазбаларын оқып тұрдым сәйкесінше
19852407
 бәсе, бәсе деймін-ау
Abilakim
Жазбаларыма қатты әсер етті дей алмаймын. мүмкін, бұл кісі менің тақырыптарыма бойлап кеткен болар)))Әйтпесе, жап-жақсы жазатынды…
Gastarbaiter
Меніңше тым жақсы өз аудиториясы бар, Петросяндыққа үміткер.