Өте-мөте жиі қойылатын сұрақтарға жалпылама жауаптар
(Мой мир, Бетібоқ, Твиттердегі сілтемелерга жауап ретінде келетін сұрақтарға жауап)
Q.Бұл сайттың мақсаты не?
A. Бұл сайттың мақсаты — Максты өлтіру; мақсатсыз өмір салтын насихаттау.
Q.Бұл сайт кімдер үшін?
A. Егер айналаңдағылар сен үшін қалыптастырған жалған сыйластықтан; көрген сайын үш мәрте реверанс жасап сәлемдесуден; па жасап қоштасудан; өтірік қимай жылайтын қолтырауындардың көз жасынан шаршаған болсаңыз — бұл сайт сен үшін.
Егер жертөледе орналасқан пәтер иелері кооперативіндегі жұмыста бейпілауыз электриктерден, анайы обрыздарсыз жөндеп ештеңе түсіндіре алмайтын сантехниктерден шаршап, өзіңіздің де мәдениеттен жұрдай боп бара жатқаныңызды сезіп, қам жеп жүрсеңіз — бұл сайт тағы да сен үшін.
Егер беделді кісінің баласы болуы себепті немесе өзіңіз беделді біреу болғандықтан, жақсы сөзден басқа түк естімей жүрсеңіз, ғылыми еңбегіңе ең болмаса бір мін тапқан рецензия ала алмай қор боп жүрсеңіз де — бұл сайт Сіз үшін; не басымызға көтеріп мақтап, не ит теріңді басыңа қаптап жібереміз нақ. Сізді моралдық тұрғыдан құлдырауға да, шыңға шығуға да дайын болып келді деп есептейміз.
Q. Сайт деген қазір шүкір, көп қой; бұл сайтқа келуіме қандай себеп айта аласыз, ынталандыру сыйлықтары бола ма?
A. Әжеңнің бешпеті ептібайымайд, байқасаң — сайт сенсіз де жұмыс істеген, Шивақаласа — әлі де жұмыс істемек. Сайтқа он адам мен он мың адамның еш айырмашылығы жоқ. Аз бен көптің арасына теңдік белгісін қоя отырып, ең алдымен өзімізді екіжүзділіктен сақтасақ дейміз. Жолыңа боз кілем төседім* (типінақ — скатертью дорога), жоғалып кет.
Q.Мұнда өзі біреуге құрмет бар ма?
A. Бар. Сайт ҚР Қылмыстық, Азаматтық, Әкімшілік кодекстерін, Конституциясын,әнұраны мен елтаңбасын аса құрметтейді. Басқа адамдар мен пәнилік дүниелерге құрметке кепілдік берілмейді.
Назарбаударып оқығандарыңызға нақметтен басқа айтарым жоқ, рақтың.

Сын бар жерде сапа да болатынын түсінбейтіндіктен.