Кім болды автор сонымен?

Кім болды автор сонымен? деп сұрап жатыр жұрт.
Вопшым, былай ғой.
Бәйгеге оннан астам шығарма келіп түсті, біреуі ерте, біреуі кеш. Ең алдымен келген «Ботбай» болды.
Қазылар алқасына үш адамды тағайындап едім, ұйымдастырушы құқығымен. Екеуі пікір білдірді, үшінші қазымыз жұмысбасты ма, ұмытып кетті, әйтеуір.

ИтаҚ, бірінші жюридің, Асаубота есімді админнің таңдауы.
1. Әтеш махаббат
Қазіргі кезді бұрынғы кезбен керемет интеграциялаған. Әдебилік жағынан да жақсы жазылған.

2. Ердақын Ырсаечтың агенті мен әйелі
Жеткізілу формасы өте тамаша. Әдеби көркемдігі де. Қарапайым мысалды жақсы жеткізген.

3. Виртуалдағы реал
Басқа новеллалардан тәуірі осы. Бұл жерде оқиға басқаша әйтеуір басқаларына қарағанда.

Екінші жюри, Теріскей жігіттің бағалары.
1. «Әтеш махаббат» — 10 ұпай
«Көпәріп» синдромына шалдықса да, селт еткізе алған шығарма. Өзіндік қолтаңбасы бар, ой жеткізу мен стилистика, орфографиялық сауаттылығы жоғары дейгейде деп айта аламын.

2. «Ердақын Ырсаечтың агенті мен әйелі» — 9 ұпай.
Оқырманға көңіл-күй сыйлаған «новелла» деймін. Сюжет пен композиция құрылымы өзгерек екен. Барлық талапқа сай

3. «Виртуалдағы реал» — 8 ұпай.
Ұнады, барлық талапқа сай, дегенмен… Дегенмен, бір нәрсе жетіспейді.

Қалғандары төмендегіше:

«Ботбай» — 7 ұпай.
Оқиғаішілік байланыстар жақсы өрбіген, тек көпсөзділік басым. Айтар ойын анық жеткізе білген. Негізінен новелла шарты баяндау емес, ой жинақы өріліп, шарт түйінделуі қажет еді, соңғысы орын алғанымен, алдыңғысы ескерілмепті.

«Желідегі жалғандық» — 5 ұпай.
Сендіре алмады. Жаттанды ой, жалған композиция.

«О, шшш… сен бе едің?!» — 5 ұпай.
Оқиға желісін шұғыл өзгертіп, ойламаған тұстан «вуа-ля» жасағысы келген ой сәтсіз шыққан. Қызықсыз. Дегенмен, еңбек бар.

«Желідегі туысқан» — 6 ұпай.
Тақырып атауы сәтсіз, «тізесі шыққан» тақырып дер едім, дегенмен, автор жалықтырмады. Айтар ойын жеткізе алды, новеллалық принциптің жүгін арқалай алды.

«Әкімат көйлек» — 3 ұпай
«Новелла» — құсық, аффтор – зынданға!!! © Түк жоқ, түк!

«Бақытты күндер» — 3 ұпай.
Кезекті ««новелла» — құсық, аффтор – зынданға!!! ©»

«Собеседник вас попытался разбудить» — 3 ұпай
Эхх…

Авторлар жағына келетін болсақ…
«Собеседник вас попытался разбудить». Авторы: Әбіләкім.
Бақытты күндер. Авторы: Бальзаминка.
Әкімат көйлек. <kobaiganov@rambler.ru> деген адрестен келді, автордың есімі мен үшін де жұмбақ.
Желідегі туысқан. Авторы: Айжантабын.
О, шшш… сен бе едің? Авторы: Ая.
Желідегі жалғандық. Авторы: Айкона.
Ботбай. Авторы: Патик.
Осы жерде айта кететін бір жайт. «Желідегі туысқан» атты шығарманың обалына мен қалдым. Автор туындысын тақырыбын қоймай жіберіпті, мен де қайбір жетіскен креативщик дейсің, ойыма алғаш келгенді қоя салдым. Сол үшін, «Желідегі туысқан» новелласына менің атымнан ынталандыру сыйлығы бар.

Ал енді жеңімпаздар тізіміне келер болсақ.

Әлгі екеуі қайда болса, мен сонда, менің де таңдауым алдыңғы үш шығармаға түскен болатын.
Сонымен, бір ауыздан бірінші орын — бас жүлде, Алматыдағы пәтердің кілті "Әтеш махаббат" новелласының авторы (тек ешқайсысың «не догалывался» демеңдерші) Сатыбалды мырзаға бұйырды.
Екінші орын және Астанадағы пәтердің кілті «Ердақын Ырсаечтің агенті мен әйелі» туындысының авторы (тағы да таппадық демеңдер) Қисық баланың қанжығасында кетті.
Үшінші орын және менің пәтерімнің кілті «Виртуалдағы реал» новелласының авторы НұрберГений_Мақымның еншісіне бұйырды.
Сыйлықтарыңызды блог құрылтайда табыстаймын, амандықпен жолығуға Алла жазса.))))

Солай да солай. Вопшым, берместің асы піспес деп, біраз созылып кеткен шаруаға кешірім сұраймын.
ЗЫ. Пайдаланушы никтерін қойып жатуға еріндім. Сөге жамандамассыңдар.
Бөлісу:

36 пікір

AKY
Мамадес. Жеңімпаздарды құттықтаймын
sammita
Сатыбалды мен Қисықты бірден тапқам мен ля-ля) Әділ қазы шешіміне разымын, жеңімпаздар
Көбейсін мүшәйралар осындай
Gastarbaiter
пападес, дұрыс болды мынау.
dark_nazgul
Ал енді, шығарма авторларына қандай болжам жасағандарыңды айтпайсыңдар ма?
Gastarbaiter
Бәйгеге не тігілгенін білгім келеді.
dark_nazgul
шыны керек қой. Демеушіміз жоқ.
Gastarbaiter
Міндетті түрде демеуші керек емес, жай мысалы Ұтқан адамның шығармасы пәлен деген сұмдық газеттің бетіне жарияланады, телевизорден айтылады, құрығанда бірнеше тілге аударылып, спам етіп жіберіледі. «Хард әдебиет еңбекқоры» виртуал орденімен марапатталады, немесе шығармасының желісімен комикс жасалынады деуге болады ғой, кішкентай стимул болса уже қызық. Ырым- а приятно. Сын емес, келесі сайыстарға ұсыныс.
Жазарманмен қатар, оқырманды да процесске белсенді қатысуын қамту үшін, оларға да сүйікті шығармаларына (мал тігу) мүмкіндігі жайлы құлаққағыс етілсе, ставкалар ойып, бәске түсулеріне де болатынын есіне салып қойса.
Смс-пен дауыс беру жағын қарастырса. 90-шы құрыған жылдары да мектепте жарыстарда бірдеңе қып марапаттаудың ебін табушы ед тесік қалта мұғалімдер. СОлардан үйренгеніміз болсын)
dark_nazgul
ааааа… ондай бар. бірақ әзірше келіссөз жүргізіп жатқан адамның жұмысбастылығы салдарынан орнынан қозғалмай тұрғандықтан, өтірікші болмау үшін, жар салмай отырмын. Құдай қаласа, ол бағытта движение жасап жатырмыз.
Zako
… менің пәтерімнің кілтінің дупликаты демепсіз
meirzhan
Құтты болсын!
Ердақын Ырсаеч туралы новелла туралы болжамым расталыпты.
serjan
Назгүлдің пәтерінің кілті ең жақсы силық екен, кез-келген уақытта кіре алады.
satibaldi
Ох дон Жуан, ох кәрі сері, ох Казанова, ананы қара сен!
asaubota
нәтижелерге қарайсың да күрсінесің. креатив жазатындар аз, сол баяғы құрам: Сатыбалды, Нұрберген, Димаш, Ернарлар. тіпті креатив емес жәй ғана қазақша контент жасаушылар да жоқ. Гаста да қартаяды, қазіргі жастардан қарап отырсам іліп аларлықтай ешкім жоқ. өкінішті, бірақ шындық осы.
VKM
Аршат аға, көп қой таланттар, тек олар «Керекке» кірмейді.Ал қыздар не жазуға біраз талпынған жаңадан келгендер критикадан көздерін аша алмайды.
asaubota
көп болса бірдемелер көрер едік ау
Gastarbaiter
Рафаеллодан зор үміт күтем өзім, сосын… Аз да болса жақсы дүниеге морально қолдау беріп қою керек анда санда.
Үйренем деген адамға, жақсы жазбаның, керативтің негіздерін үйрете аламын.
Әрине, Сатыбалдының таланты мен бірегей өмір тәжірибесін құйып бере алмаймын.
Звездец болмаса да, орташадан сәл жоғары креативщик болам деген адамға қажетті материалдар мен ресурстарды ұсына аламын.
Ministry
ұсынсаңшы енді, әкел!
Gastarbaiter
Синдром Утенка деген бәле де бар.
Алғашқы көріп ұнатқан дүниең, содан кейінгі көрген дүниеңнен артық көрінеді. Алғаш машинасы япошка болса, немістерді мойындавать етпейтіндер оған жақсы мысал.
sammita
алқашқы махаббат та осыған жата ма
Gastarbaiter
Ең жарқын көрінісі
Gastarbaiter
Тек қисыны жұтаң тілшілер сияқты, «Сонда Асауботаның алғашқы махаббаты Сатыбалды болған ба?» демеш
Aikona
Не ғой, жеке өз пікірімді айтсам: 1. басында авторлар көрсетілмейді деп еді 2. Жюри құрамы әдеби саладан тым алшақ сияқты 3. үшінші жюри өзі көрсеткендей алдыңғы екеудің пікіріне сүйене салған сияқты. 4. Все таки керекте таныстық басты роль ойнап кетеді.
Менің пікірім жарысқа қатысушы автор ретінде емес, керектің қолданушысы ретінде қабылданса
asaubota
былай кірпіге де түсінікті сияқты ғой қалғандарында әдеби құндылық жоқ екені. жюри немесе админ ретінде емес жәй оқырман ретінде айтып отырмын бұл пікірді
Aikona
менің айтпағым ол емес еді…
dark_nazgul
1. Басында авторлар шынымен ақ көрсетілген жоқ. Тек қорытындысы шығарылып, бәйге аяқталған соң шығарылды.
2. Жюри құрамы әдеби саладан алшақ емес. Теріскей әдебиеттану маманы, ал Аршаттай сөз қадірін түсінетін адам іздеп көру керек (ал, талаңдар).
3. Үшінші жюри (яки, мен) жалпы жюри де емес. Жюри болған адам пікірін білдірген жоқ. Менің таңдауым бұл жерде ешқандай роль ойнап тұрған жоқ, шын айтса. Рас, «Виртуалдағы реал» бәрінен де ұнады. Егер мен таңдасам, ол екінші орынды иеленер еді.
4. Все таки, «темная лошадка» болып, бұзып жарып шыққан өмірі көрмеген, оқымаған біреу болса, қуана қуана соған берер едім жүлдені. Бірақ, әттең…
5. Керектің өзге қолданушылары әр жазба жарияланған сайын пікірін білдіріп, қоятын плюстарын қойып отырды емес пе. Авторларын білмей тұрып ақ. Сондықтан, бұл жерде «сыбайластық» орын алды деп кінәлаудың жөні жоқ.
Ministry
Ай, маладестер! Ертен бір жерден тесіп шығасыңдар сендер!
Daniar-Alan
Осыны жалғастырсаңЧ Назғұл апм ауу