"Жұлдыздар отбасы" журналы туралы не білемін?

«Жұлдыздар отбасы» журналы — қазақ тіліндегі ең танымал, таралымы көп журал деуге болатын басылым. Бір көргенімде, таралымы 70 150 дана депті. Бұл айлық таралымы ма, әлде екіапталық таралымы ма, ол жағын білмедім. Айлық таралымы болса да аз көрсеткіш емес (әр саны 35 мың данамен шығады). Ал әр саны соншалықты болса, айына 140 мың данамен тарайды екен. Кітапқа, газет-журналға деген қызығушылық жоғалған мына заманда осыншама көп данамен таралатын басылымға иелік ету, онда жұмыс жасау дегеніміз мәртебе болу керек. Ал редация табысқа кенеліп, үлкен баспа ұйымы болу керек. Бірақ нақты жағдай олай емес секілді.

Былтыр журналдың бірнеше санын алып қарадым. Бір де бір жарнама көрмедім. Ал орыс тілінде шығатын қазақстандық басқа журналдарда жарнама жетерлік. Таралаымдары 10-15 мың дана ғана. Солай болса да ай сайын бірнеше миллион теңге табыс тауып отыр. Ал «Жұлдыздар отбасы» журналы журналды сатудан түскен қаржыға және үкіметтің қолдауына (егер әлі күнге дейін беріліп жатса) тікелей тәуелді.

Себеп неде?
Журналдың таралымы көп болса да жарнама тарта алмауының маған белгілі бірнеше себебі бар:
1) Журнал коммерциялық жоба ретінде қарастырылмаған;
2) Басылым менеджментін ұйвмдастыру ісі жоқ;
3) Редакция мен редакция басшылығының контенттік тұрғыда қазіргі заман ағымына (басылым саласындағы) толықтай бейімделе алмауы (бірсарында материалдар: сұхбат. 2011 ж. шілдедегі бір санында толықтай сұхбаттар жарияланыпты, 24 тақырып бойынша сұхбат);
4) Маркетингтік саясат жоқ (жарнама берушілер мен басқа да әріптестердің өздері келеді деп ойлайтындай көрінеді маған);
5) Редакциясы Интернет-аудиториямен дұмыс жасамайды.

Бұл журналдың көп данамен таралуының сыры елдегі жұлдыз және жұлдызтәріздес адамдардар мен олардың отбасылары туралы сұхбаттар жазуында болып тұр.

Қазіргі кезге дейін өте танымал болып, таралымы 70 мыңға жеткен журналға бәсекелес болатындай журналдардың контенттік жағынан «Жұлдыздар отбасынан» ерекшеленіп тұрғаны шамалы. Айналып келіп сол 20-30 адамнан ұқсас тақырыптар бойынша сұхбат ала береді.

Егер сауатты журналистер мен редакторлар және қаржы көзін таба алатын іскер адамдар болса, халықтың «Жұлдыздар отбасы» журналын сатып алуға жұмсайтын ақшасына лайықты керемет журнал шығарып, барлығын басып озуларына болады
Бөлісу:

22 пікір

asaubota
бұл журнал жақсы сатылады, сондықтан тек сату арқылы ғана отырған сияқты.
Zako
Көп пайда бола қояды дегенге сене алмаймын. Өйткені журналды бастырудың құны газетті сатудан түсетін сомманың көп пайызын құрайды. Баспаханамен сөйлескенде түйгенім осы болды.
omarbirat
Базар, вокзал, автобекеттердің маңында, Интернетпен жұмысы жоқ қазақтілділер көп жүретін жерлерде жақсы сатылатын шығар. Сондықтан жарнама алуды қажетсінбеуі мүмкін. Ақша онсыз да келіп жатыр оларға.
Abilakim
ауылдық жердегілер де көп жазылады байқауымша
Aldeken
Үйде мамка жазылды, биыл, онда да меркантильді мүддемен… жазылу түбіртектері бойынша 20 жылқы лотереяға салынад деген.
Журналға келсек, осы журналмен бірге шығатын «Аңыз адам» деген журналы бар. Танымдық журнал дер едім. Әр нөмірі белгілі бір тұлғаға арналады. Тұлғаға қатысты біржақтылықтан алыстап, жан-жақты көзқарастарды беруге ұмтылыс бар, ұнады өзіме.
ferdaus
маманызга жылкы буйырды ма?
Aldeken
16 желтоқсанда деп ед, ұтыс ойнату, бірақ, созыңқырап жіберді ау дим… пока күтіп отыр…
Abilakim
бір адамға 20 жылқы ма,әлде 20 адамға бір жылқыдан ба?
Aldeken
1 адамға 20 жылқы деген Жаңарқаға жарасса керек. 20 адамға бір жылқы да қиындау болар, мыналардың айтпағы, тәуелсіздіктің 20 жылдығына 20 жылқыны ұтысқа саламыз деді ау дим… Айтпақшы, «Жұлдыздар отбасы» мен «Аңыз адамға» жазылсаңыз, теориялық тұрғыдан 2 жылқы ұтып алуға мүмкіндігіңіз бар…
omarbirat
«Алтын Орда» базарына барғанда осындай жазылған плакатын көрген едім. Басқа жерден көрмеуім заңды нәрсе шығар енді Контенті де, жарнамасы да дейістібителні халыққа арнап шығарылатын журнал.
asaubota
білуімше үкіметтен ақша алмайды олар, таза бизнес тек.
Zako
6 ақпан 2010. Алаш айнасына берген сұхбатында бас редактор ағамыздың айтқандары:

– Байқап отырсам, «Жұлдыздар отбасы» журналындағы материалдардың дені сұхбат жанрында жазылады екен. Коммерциялық басылымдардың ішіндегі белді журнал ретінде неге сыни, сараптамалық материалдар жиі жариялап тұрмасқа?

– Неге жеңіл жанрды таңдадыңыз дегіңіз келіп отыр ғой. Мен о баста-ақ сұхбат жанрын таңдауымның себебі таза сұхбат басылымын ашып, осы жанрды байыта түскім келді. Өйткені менің қаржылық мүмкіндігім осы жанрды таңдауға мәжбүрледі. Егер маған, шындығында, керемет жағдай жасалса, мен тіпті таза ғылыми академиялық стильдегі журнал шығарар едім. Ал мен жалпы халыққа арналған басылым жасадым. Көпшіліктің ішінде жоғары, орта деңгейлі оқырман, жастар, балалар бар. Басылым осылардың бәріне ортақ болуы тиіс. Жеңіл жанрдан бастауымның тағы бір себебі – осы. Бірте-бірте салмақтата беруге болады деп ойлаймын. Жалпы, таралым – сол басылымның бағасын анықтайтын бірден-бір критерий емес. Кейбір басылым екі-ақ мың дана бола тұра, қоғамдағы ең қажетті, түбегейлі мәселелерді зерттеп жазуы мүмкін. Бірақ мұндай басылымдарды тек жоғары деңгейлі оқырмандар ғана оқи алады, жай халық күрделі дүниені түсіне бермейді. Сондай-ақ әлемдік баспасөзде негізгі табыс көзі – жарнама, екінші – таралым. Мен журналдың таралымын көбейтуге күш салдым. Егер ешқандай қаржылық проблема болмаса, сапаға жұмыс істер едім. Кез келген басылым дамуы үшін ол халық ойының алдында жүруі керек. Жоғарыда айттым, былтырдан бері Үкіметтен қаржылық көмек жасалып жүр.
Осы сөзін оқып, қазір де көмектесіп жатырған болар деп ойладым. Анығын сұрап көру керек.
asaubota
мұны білмеппін. тек естігенім бойынша айтқаным еді, үкіметтен ақша алмайтын жалғыз басылым деп.
Gulistan
Ауылдағы апа-жеңгелер осы журналды жаздырып алып оқиды да, соны елге айтып отырады «бәленше бүйтіпті, сөйтіпті» деп, «Оу, апа, қайдан білесің?» десе, «Жұлдыздар отбасы!» дейді.
Танымал журнал, әңгіме жоқ.
Abilakim
осы тектес журналдар көп«Жұлдыздар құпиясы»,«Старс кз» дей ме көп әйтеуір.Бірақ, халықтың көбі «Жұлдыздар отбасын» оқиды
Zako
Рас. Бұл журналдың танымалдылығына талас жоқ
Armanjan
электронды нұсқасы жасалына ма екен?
Zako
Белгісіз. Сайттары адам шошитындай халде.
Электронды нұсқасын шығару арқылы нандарынан айырылып қалуы мүмкін. Күрделі мәселе ғой.
ferdaus
былтыр осы журналдың маркетинг бөлімін басқарамын деген бір салпаңбайымен танысқам, танысқанда ол өзі іздеп келді мені радиоға, 1 сағат тікелей эфир сұраған журналды жарнамалагысы кеп. бірақ келісімге келе алмадык
Gastarbaiter
бұл журналға жұлдыздар өзі туралы ақпарат, пияр үшін ақша төлейді деп ойлаймын.
satibaldi
«Меніңше біздердің иғымыздан аяқ, ал көтімізден қол өсіп тұр. Ендеше аяқтарымызды шауып тастайық?». © «Шильда қаласының тоғышар тұрғындары шилбдюргерлер туралы хикая».
VKM
Мен(мамам да) істеген агентствода ТВ, радио, наружкадан басқа, ақысыз тарататын газет шығаратын,16 бет, аптасына 2 миллион таза ақша жинайтынбыз менеджерлер.Мынандай журналда жарнама қарастырылса, сатқаннан 5 есе артық ақша табатын еді.Себебі жақсы сатылатын журналдарға барлық үлкен компаниялар жарнама бергілері келеді.