Қазақша газет-журналдар неге дамымайды?

Қазақша қағаз БАҚ-та Қазақ Интернеті неге дамымайды? деген жауыр тақырып бар. Бұл қақырықты тақырыпты анау-мынау газеттер жаза алмайды, көзі ашық журналистері бар газеттер жазады. Өзіңіз ойлаңыз, Интернеттен мақала ұрлап, газетінде жариялап жатқан ұсақ-түйек газеттер үшін Қазақ Интернетінен асқан дамыған Интернет бар ма?

Енді Қазақ Интернетінде жүргендер Көптеген* қазақша газет-журналдар неге дамымайды? деген сауалға жауап беріп көрсе. Мен былай жауап беремін:
  • Концепциясы жоқ;
  • Газет немесе журналды коммерциялық жоба ретінде ұйымдастырмайды. Жай ғана айлық алып, шайлығын айырып отыруға жараса, сол да жеткілікті. Шығын шықпай кіріс жоқ депті атам қазақ;
  • Көп редакция біліксіз адамдарды жұмысқа қабылдайды. Солай ақша үнемдеуге тырысады;
  • Соры құрып қалған басылым болса да таралымын 2-3 есеге дейін көбейтіп жазады. Солай жарнама тартамыз деп дәмеленеді. Жарнама берушілер ақымақ емес;
  • Жарнамалау, пиарлау жұмыстары атымен жоқ. Жазылу жүріп жатыр дегеннен басқа не білгендері барын білмедім;
  • Әлемдік озық технологиялардан мақұрым;
  • Контенттік жағынан, дизайнерлік жағынан, полиграфиялық жағынан алғанда, газет-журналдар сапасыз болып келеді.
* қазақ тілінде жарық көретін газет-журналдардың барлығына бірдей қатысты емес.

Осы жазғандарға толықтай (қадай газет-журалдың қандай мәселесі бар) мысал келтіруіме болады. Бірақ ұзақ әңгіме болып кетеді.
Бөлісу:

8 пікір

urimtal
Кішкене ауқымдырақ қарайтын болсақ, қазақ тіліндегі БАҚ-тың (медианың емес) нарықтық тұрғыдан дамымауы оған қатысты ұстанып отырған мемлекеттік саясатқа байланысты. Бюджет ақшасына немесе әлдебір лоббиді көздеген ұйымның ақшасына шығып отырған газет экономикалық дамуды емес, әлдебіреудің саясатын орындайды ( журналитерде кәсіби дамуға деген ұмтылыс болған күннің өзінде, уақыт өте келе босқа ауа қармап жүргені түсінеді). Ондай саясат кейде қарапайым «отмываение денег» болуы мүмкін. Мұндай саясат қазір онлайнға да көшіп отыр. Себебі мем.тендердге қатысу үшін кейде сайтыңның болуын міндеттейді. Кейбір өңірлерден газет шығару «ақпараттық рекетирлікпен» байланысты. Солай да күн көретіндер бар. Сосын қазақ тілді басылымдар нарықты орыстілді ақпаратқа беріп алды. Қазақстандағы экономиканың тілі — орыс тілі. Газет арқылы нан тауып жеймін десе, оны бизнес жобаға айналдырамын десе, менеджердің орысшасы, ағылшыншасы мықты болсын. Газетті тауар ретінде қарап үйренгендер бар, бірақ сол қазақша тауардың дамуына қазіргі редакторлардың бәрі мүдделі емес. Айлық келіп отыр, жұмыс жүріп жатыр. Заказчик мәз. Егер жарнамалар міндетті түрде қазақ тілінде берілсін деген заң шығатын болса да, орыстілді коммерциялық ұйымдар сол мақсаттарын орындау үшін қазақша бір газет шығарып алуы да мүмкін. Қазақша газеттер орысшаға ұқсамайтын контенті бар болған соң ғана күн көріп отыр. Мені бәрінен де "Ұлан" газетінің тағдыры алаңдатады. Жаңа формацияға тезірек бейімделіп кетсе деймін.
Gastarbaiter
Айтқаныңның бәріне қосылам. Қос тілді меңгермеген, жалқы тілді қазақтар тек ауылдық жерлерде. Тек ауылдық жерлерде қазақ тілі орыс тілін бәсекелестікпен жеңеді. Тіпті орыс тілді газет жоқ ауыл-райондарда. Осындай жағдайда, пысықтардың, оның ішінде Шымкент облысының кәсіпшіл жарты-журналистеріне де бар, ұрлақы көшірме контентіне де сұраныс табылады.
Gastarbaiter
Ауылдық оқушылар ағартушы газеттерге де ойын-сауықтық ақпаратқа да әлі де аш. Өкінішке орай сол аштықты көбі сапасыз контентпен тоғытып отыр.
Менің бір жолдасым Жаңақорғандық, орысша екі сөздің басын құрай алғанмен, кітап, газет оқитындай дәрежеде білмейді. Бірақ, бір риза болатыным, қазақша қолы жеткен материалды, кітаптарды, классиктердің аудармаларын мүлт жібермейді.
Zako
Ауылдық оқушылар ағартушы газеттерге де ойын-сауықтық ақпаратқа да әлі де аш. Өкінішке орай сол аштықты көбі сапасыз контентпен тоғытып отыр.
Үлкен мәселе. Өтірік журналистер сол сұранысты қанағаттандырғансып, нан жеп отыр.
Zako
Инсайдердың ағынан жарылыуы депті  Билік те, оған қарсы жақ та БАҚ-ты қаруға айналдырып алуды көдейді. Ол жерде қайдағы бизнес-жоспар болсын.
Егер жарнамалар міндетті түрде қазақ тілінде берілсін деген заң шығатын болса да, орыстілді коммерциялық ұйымдар сол мақсаттарын орындау үшін қазақша бір газет шығарып алуы да мүмкін.
Орыстар мен орыстілділердің қолдарынан келеді олай ету. Мысалы, кереметтей «Бөпем» журналын «Мир пресс» ЖШС шығарып отыр. Ал қазақтардың шығарғаны өткендегідей ұрлықы газеттер мен журналдар.
ereke_enu
Интернетте қазақша контент көбейсе, қазақ тілінің дәрежесі артып, көпшілік өз тіліне оралады деп ойлаймын. Жеке өз басым бұрын yvision сияқты сайттарға қызығатын едім. Қазір осыннан шықпайтын болдым. Керемет)))
Zako
Бұл жақтан шыққай жүруіңіз ..., біріншіден, сіз алғаш рет келгеннен бастап қалып қойдыңыз ба?
ereke_enu
Ия, казақша жазған, казақша сөйлескен — нағыз тақырып!!!)