Қаржы дағдарысын еңсерудегі "Дені саудың жаны сау" газеті редакторының қулығы

— Кім айтты 12 мың дана деп?
— Газеттің құжатына солай деп жазыпсыздар.
— Жарнама тарту үшін көбейтіп жазғанбыз.

2008-2009 жылдары қаржы дағдарысының қатысы болмаса да, қаржы дағдарысының салдарынан жабылдық деген бас редактор 2010 жылы қайтадан газет ашып алады. Газетінің аты басқа демесеңіз, заты сол баз-баяғы қалпында. Акцияларын Лондонның қор биржасына шығарып, содан акцияларының құны түсіп, жабылып қалғандай болып отырған редактор бала-шағаның қамы деп, газет шығару ісін қайта қолға алған ғой. Сол кісіден кейбір сауалдарымажауап алдым.
— Редакцияларыңыздан қанша газет шығады? Қызметкерлердің саны қанша?
7-8 газет шығарамыз. Редакцияда менімен қосқанда төрт адам бар.
— Қызметкерлеріңіз аз екен.
Жетеді.
— Екі аптада бір рет жарық көретін 12 беттен тұратын Дені саудың жаны сау газетін шығару үшін қанша адам жұмыс жасайды?
Оны бір студент қыздың жалғыз өзі дайындайды.
— Сапалы газет шығару үшін бір адам аздық етпей ме? Жалақысы қанша?
Аздық етеді. Бірақ шамамыздың жеткені осы. Айлығы 15 мың теңге. Үйінде отырып істейді.
— Газеттеріңіздің қазіргі кездегі әр санының таралымы 12 мың данаға жетіпті. Сіздер үшін үлкен жетістік пе?
Кім айтты 12 мың дана деп?
— Газеттің құжатына солай деп жазыпсыздар.
Жарнама тарту үшін көбейтіп жазғанбыз. Таралымын көбейтіп жазу арқылы жарнама берушілерді табуды ойладық. Шынымды айтсам, таралымы 3-4 мың дана. Оның 2-3 Мыңы сатылса сатылды, сатылмаса, қайтып келеді.
— Сонда кімді алдамақ болдыңыздар?
Жарнама берушілерді.
— Сіздерге кімдердің жарнама беруі мүмкін? Сіздердің газеттеріңіздің 12 мың данамен тарайтынына жарнама берушілер сенбейді. Осы күнге дейін жарнама берушілер болды ма?
Жарнама бергендер болмады. Компанияларға айтсақ, Жарайды, жауап күтіңіздер дейді де жоқ болып кетеді. Бізге сенбейтін сияқты.
— Сенбесе, неге таралымын көбейтіп жазасыздар?
Газетті сақтап қалу үшін жасалып жатқан қулық қой...

Солай да солай… денсаулық, спорт, салауатты өмір салты туралы жазатын таблоид газеттің (A3 форматта) жағдайы осындай болды.

Газеттің аты өзгертіліп, аздап келеке етіліп жазылғаны болмаса, жағдайы дәл осылай. Редакторымен кездесіп, мақала ұрлағаны туралы ескерту жасаған едім. Сол кезде біраз әңгімелесіп, Бүйтіп шығарған газеті құрысын дедім.
Бір газеттің материалдарын бір студенттің өзі дайындайды. Әр саны үшін алатын ақысы 7,5 мың теңге шамасында. Осыдан кейін қандай сапалы газет шығуы мүмкін?! Болса да, сапалы газет болмайды. Әлгі газеттегі мақалалар тым қысқа, түсініксіз. Ал газеттің баспадан шығуы мен бояуының қанықтығы мен ұқыптылығы туралы сөз қозғаудың өзі артық болады.
Бөлісу:

1 пікір

Abilakim
Кеше Данияр осы тәрізді жазба жазып еді