Онейрологтар назарына

Түсімде шкафтың ең жоғарғы сөресін астан-кестен етіп бірдеңе іздеп жүрдім. Толып жатқан кітап-қағаздардың арасынан ескі блокнотқа ұқсас кітапшаны аламын. Парақтап қарасам, қаламмен жазылған өлеңдер екен.Тағы бір бетінен «Танакөз» деген жазуды көремін. Сосын мұқабасын қараймын — М.Шаханов.
Ояна салысымен Танакөзді Яндекстен сұрадым. Помидор лақтыра беріңіздер — ол кісінің өлеңдерін оннан-мұннан бір оқығаным болмаса, шығармашылығымен таныс емеспін  
Яндекс маған Шахановта «Танакөз» деген поэма бар дегенде!!! 
«Түлкінің боғы» дейді ғой тағы.
Ұйықтағанда көретін паранормальный нәрселердің тізімі өз басымда жетіп артылады. Бірақ, бүгінгісі енді «высший пилотаж».
В общем, Морфейдің не айтқысы келгенін жорамалдау үшін поэманы оқып шығу керек болды.
Электронды нұсқасын көргендеріңіз болса, жөн сілтеп жіберіңіздер  Болмаса дүкеннен алармын. Карл Юнгты заодно.
Бөлісу:

22 пікір

sammita
егер Танакөзді оқымасаң біреуден/бір жерден еріксіз естіп қалғансың ғой. Болады ондай жатталып қалады санада.
Aizhantabyn
Мен бұрын, осыдан алты жыл бұрын түс көргем. Түсімде Құранның ішінен Бақара сүресін іздеп жатыр екем. Бұрын ондай сүре барын білмеген ем. Қызық болды…
Gulzhanat
Вот-вот. Кіші-гірім шок болды
19852407
Ақындармен нәсіптес болады екенсің, құтты болсын!
19852407
Сосын жаттап алдың ба сүрені?
TERISKEY
Құранның ішінен Бақара сүресін іздеп жатыр екем
Сосын жаттап алдың ба сүрені?
Armanjan
«Танакөзді» іздеп тауып алып оқуға кеңес беремін, өте керемет жазылған, жалпы Мұқағали мен Мұхтарды қанша оқыса да адам жалықпайды ғой.
Gulzhanat
Рахмет! Тауып аламын.
Келісемін! Мұқағалидан ешқашан жалықан емеспін. Құдай оңдағанда, атадан балаға келе жатқан екі томдық өлеңдері бар үйде. Әйтпегенде оны да танымас едім))
satibaldi
Ғылыми-танымдық, ғылыми-көпшілік әдебиеттерде баяғыда сүйегі кеміріліп, шайналған тақырып. Очм, жанама кадрларды адам түсінде фронталды тура фокуспен көреді. Ендеше түсіңде күндіз көзіңе де ілгің келмеген аула сыпырушымен сүйісіп тұруың ғажап емес.
Gulzhanat
Очм, пікір білдіргеніңізге рахмет) Көзім ашылды)
satibaldi
Саған да рахмет. Аузым жабылды.
e_zhalgas
түсім есімде қалмайды екен.
Карл Юнгты заодно

Юнгты аттап өтіп, Фрейдке бірден жол тарта сал.
Gulzhanat
Фрейдті аттап кетіп тұрған жоқпын ба ))
monti
Танакөзді менде оқығаным жоқ, хотя Шахановтың әр поэмасын жатқа айтсамда
менде де болад түсімде корейше кітаптарды тез/тез оқып, кейде жап/жақсы сөйлеп тұрам әсресе түнмен сериал көріп, таңға 2 сағат ұйықтағанда болып тұрад
Aizhantabyn
Үйде өлеңдер жинағы бар, содан сканерлеп жіберейін саған)
Gulzhanat
Урааа!!! Рахмет!!!
Abilakim
… Содан менің Мұрат досым көрінбеді бір апта
Жаз жайланып, күз қоныстап жатқан тұғын қыратқа..."-есімде қалған жолдары осы екен.«Танакөз» Шахановтың поэзиядағы шыңы
konvict
Оқып жүргенде есеп шығара алмасам ұйықтап қалатынмын. Түсімде сол есепті шығарамын. Сосын тұра сала зуылдатып жазып тастайсың
Abilakim
Менделей деген атаң жоқ па 7 атаңда?
Gulzhanat
Күлмеңіз  Менде де дәл солай болатын.
neoman
Маладес! Қатты тырысатын болуыңыз керек, шығара алмадым деп уайымдайтын да шығарсыз. Миы мықты ғой адамның, өзі есептеп кететін.
Пс. Навье-Cтокстың есебін қарап көріңіз жатар алдында, мүмкін шығып қалар