"Керектен" үйренгендерім))))


Аса құрметті админ ағай мен Сатыбалды, Саммита мен АКҮ (ханым) һәм Гаста, Бекжан, Алдан, Марко, Нұрғиса мырзалардың рухына емес, құдай сақтасын, құрметіне арналады.
Неге деп бағжиып қарама, проста жұмыс орнымыз оң жағалаудан, сол жағалауға көшіп, арада біраз уақыт Интернетсіз қалдық. Сол себебі. Жаңа сөзден сөз шығып, Сатекеңнің «мамандық» туралы постынан кейін, «Ойпырай осы „Керекке“ келіп біраз нәрсе үйреніппін ғой» деп ойланып таң қалып емес қалдым.
Так содан, не үйрендім өзі құдай-ау. А, Сатекеңнің "Қойшы-әйінан" бастасақ. "Кет на...", «лібә», «Күчт ғуә», «ИМХО», «Ом манэ падме хум», «ОлАһи-буддахи», «амиго», «пахом», «сыболыш», «бензин шашу», «отқа май құю», «ептібайымайд», «мұрттыбайымайд», "қолтықтан кеттім", «боғреем», «мұңайған боқ», «тас», «исажар», «Буддажар», «херметті», «жұма күнгі бояндар», «көтіқарақты христиандар», «кажись», «рәсә», «бұтақты жеме», «пензес» деген сияқтылар өріп кете береді. Енді в данный момент есіме түсіп тұрғандары осы.
«Керекке» алғаш шәйник боп келіп, ақырында үйренгендерімссс ғой  
Енді маған әлі бағжиып қарап тұрсыз ба, бұны не мақсатта жазды деп. Жаңа айттым ғой, «Керектің» арыстан-асқабақбасты патшасы Сатыбалдының мамандық туралы жазбасынан кейін осы ой келді да проста. Сосын жаңадан келгендерге типі путеводитель болсын деген түрім ғой. (Мә, не деген жанашырлық десейші)
Ал, енді сіздер де кісіліктеріңе зияны тиіп кетпесе не үйренгендеріңізді айта отырсаңыздар деген өтініш бар. Хи-хи. (Тссс, депрессиядан өш алып, Монтидан смайлик ұрлаған түрім ғой)
Р.S. «Сатыбалдыһәмкерекомания ІІ стадия» деген диагнозым да бар. Тек нотариусқа барайын десем, далада аяз боп тұр да.
Бөлісу:

47 пікір

satibaldi
«Күчт ғуә»
Олай емес нақ, "Құшті. ҒүӘ,"
satibaldi
СаянҮшің синтаксистік тағылымдарымен толығырақ танысқыңыз келсе: unblock-web.com/index.php?q=c2F5YW4zLndvcmRwcmVzcy5jb20%3D&hl=3ed
Adiletshu
СаянҮш қазір қайда? Неге жазбайды?
satibaldi
Мен қайдан білейін неге жазбайтынын.
Adiletshu
Ата жауың екен ғой
Zhan
СаянҮш деген не деп алдында түсінбей жүретін едім, кеше кешкісін қолым сәл тиіп кіріп шықтым. Түк түсінген жоқпын шынымды айтсам, біртүрлі ауыш сияқты блогы. Енді маған солай сезілді. Бірақ, ерекшелігі де бар, оны жоққа шығаруға болмайды.
asaubota
мақтанарлықтай емес екен үйренгендерің
Aigolek
ПЕППИДИН НЕННИ ЕКЕНИНЕН БАСКА ЕШТЕНЕ УЙРЕНБЕДИМ. АЙТКАМ АТЫНА ЗАТЫ ВАЩЩЕ САЙ ЕМЕС ДЕП. КЕРЕКЕМЕСИНФО ОНШЕН
meirzhan
 Позитивті пост екен.
madlen
Пахом деген не осы? balenti коп жазад соны.
Adiletshu
Нұрберген Мақым
Esdaulet
Керекті көріп, қазнетте е.gov, sports.kz, azattyq.kz басқа да әлем бар екенін көріп, көзім ашылватр.
araika
жұмыс орнымыз оң жағалаудан, сол жағалауға көшіп
Соңғы кездері осы бағыттағы көшіп-қону саясаты белең алып бара жатыр.
sammita
көштің басын кері бұрғандар да бар
Gastarbaiter
Кісілігіме зиян. Айтпайм.
Gastarbaiter
Керекинфо маған мынаны берді демей-ақ қояйын, целкалар сияқты.
Жалпы осында жүргендер маған біраз нәрсе берді.

Әдейілеп үйренбесек, те жұққан нәрелер көп. Жағымдысы бар жағымсызы бар.

Мысалы, Сатыбалдыдан ситуацияны абсурдқа келтірудің нақышын үйрендім, «с кем поведешся, от того и забеременеешь» деп еді Айжанатабынға ұқсайтын бір қыз, сол сияқты "қанатты сөздерінің" сәттілері енді әдейі емес, жұғып жатыр.

Асаудан флудтардың бәрін оқымауды үйрендім, Омардан қасқырды қолдап отырып, қойды ренжітпеуді үйрендім, Саммитадан белсенді боп жүріп, біраз күнге жоқ боп кетуді үйрендім. АКУ-дан кей жалмауыз көрінгендер «нәзік жандылар» шынымен де нәзік жанды екенін үйрендім, Аль-Астерден браттарды қалай сыйлау керек екенін үйрендім, Нұрбергеннен арақ ішудің романтизмін үйрендім, Жалғастан — менің жауапсыздығым сырт адамдарға қаншалықты құсық көрінетінін үйрендім.
Мейіржаннан, іш пысқанда бір адамның артына түсіп, қарапайым коментіне, «Алайда, бірақ, бәлкім былай да шығар», деген талдау, болжау жасау арқылы коменттерден зайбын шығаруға болатынын үйрендім.
Әбіләкімнен «кеңк-кеңк, галина бланка буль-буль» деген одағайды үйренген жоқпын, желание де жоқ, сол мұңайған одағайды Әбіләкім де ұмытып кетсе екен деген үміт де бар
sammita
айтканыңа кошулам туура экен
e_zhalgas
арақ ішудің романтизмін
Armanjan
сынықтан басқаның бәрі жұғады деген рас екен, екі түрлі жағдай болды. 1. жұмыста әріптес бір апай почтаға кеттім айтарларың барма дегесін, қиын болмаса төлей салыңызшы деп қалтамда бес күннен бері жүрген светтің квитогын беріп жібердім, біраз уақыттасын апай өзінің және басқамыздың шаруаларымызды тындырып келіп тұр, квитанцияны алып тұрып Нақмет апай, нақмет деппін, ол кісі байқайым ештеңе сезбей қалды, ал өзім қатты қысылып кеттім. 2. Izbasar айтпақшы жұмыста 11-дің шайын ішіп отырмыз, ананы-мынаны сөз ғып, әңгіме қаңтардағы сайлау төңірегінде өрбіп жатыр, соны несіне өткізеді алдамшы бәрі деген сияқты қырт әңгіме кетіп жатыр да, сол кезде әңгіме өзегіне сай кеп қалғанда мен: «иә түбінде өлетін адамдардың мимырт тірлігі ғой» деп қаппын, қалай айтқанымды өзім де байқамай қалдым, бәрі маған қарады, мен жерге қарадым.
asaubota
Керекинфоның оффлайн өмірге де ықпалы бар дейсің ғой
Erkekyz
«иә түбінде өлетін адамдардың мимырт тірлігі ғой»
Бір күні ауылдан жеңгелер келген, туған-туысқандардың келіндері. Бәрі менің бөлмеме кіріп алып, проблемаларын айтты дейсің. Өзімнің миым ашып кетті. Соңында біреуі «ееех» деп күрсінді. Мен де қосыла: «ияя, түбінде өлетін адамдардың мимырт тірлігі» деппін ғой. Құдай жарылқағанда ешкім естімеді, естісе де түсінбеді. Ішімнен "Өл, Райхан, өл" дедім ғой.))
Менің тағы қорқатыным, әлгі "қуанышқаны таныстымын" деген сөзді «танысқаныма қуаныштымынның» орнына айтып қоямын ба деп қорқамын.))
TOTY
Ой, Жаке, қатырдың!
a63a1
Ең бастысы етім үйренген бұл жерге
salta
мен де «ыңдысссс» дегенді айтатын болыппын, жыным келген кезде
asaubota
мен көп қолданбайды екенмін сайттағы сөздерді
VKM
 мен де реалда «жазалау керек», амиго, күЧтті айта берем))
sammita
«жазалау керек» қаззақтың сөзі ғой
serjan
Әйтеуір өз басым керектен біршама шынайы пікір жазуды үйрендім, оның алдында интернетке кіргенде ылғи да ұрандатып жүретінмін.
e_zhalgas
Сатыбалдының жазбаларындағы фарс, Гаста жазбаларындағы құйтырқы иірімдер, Димаштың созылмалы сөйлемдері, Патиктің «фас» деп тұрған комментері, қысқасы, жетеді. Үйренген нәрсе емес, үйренуге тұратын нәрселер.

пы.сы. Осы керектің боғауыздарын пайдаланудың приколын түсіне алмай-ақ қойдым
Delhi
мен «бұтағымды жемещ» деп сөйлейтін болдым, ал керек болса
Aizhantabyn
Пофигизмнің шырқау шегіне жеттім.
e_zhalgas
соншалық, қорапта түнеп жүрсің бе?
Aizhantabyn
қорапта түнейтіндердің бәрі пофигистер екенін білмеппім
e_zhalgas
жоға, айтайын дегенім, әдетте пофигизмнің шырқау шегі көпірдің астындағы қорапта түнеуге алып келуші еді
Aizhantabyn
жоға. Ол енді, асқынған, қатерлі дертке айналған пофигизм. Мен өз өміріме келгенде пофигист емеспін, ал жұрттың сөзіне шынымен бәрібір)))
Gastarbaiter
сақалды анекдот есіме түсті:
Сталин заманы. Американ азаматы мақтанып жатыр:
"Ө шешессс, нағыз демократия біздеғо нақ, мен далаға шығып, «ТРУМЕН БҰТАҚБАС!» деп айқайлай алам.
Сәбет қалсын ба, ол да:
"Қойня, мен де далада «Трумен дүрдараз!» деп айқайлай алам" депт.
Американ ашуланып,
«Ал мен, ал мен Ақүйдің алдында президенттің машинасына түкіргенмін, манпоқ, уахаха, өш» депт.
Сәбет ойланып тұрып,
«Мен Қызыл Алаңның дәл ортасына әскери парад кезінде ұлы дәретке бетім бүлк етпестен отырғанмын, ман бапще поқұй, ал», деп бәтіңкесімен үстелді бір ұрыпты.
Сонда америкот,
" Жарайд енді, не болт сонша, ашуланып. Қызумен айта салғам негізі, президент жоқ кезде болмаса, машинасына түкіріп нем бар" депт.
Сәбет жүзі жылып,
" Лібә, менің де арқам қозып кетіпті, негізі Қызыл Алаңда ұлы дәретке отырғаным рас. Тек дамбалымды шешпегем" депті.
e_zhalgas
қыстырыла кетеді екен де
Gastarbaiter
осы мантраңды жиі қайталауыңа қарағанда, ұмытып кетем деп қорқатын секілдісің.:-)))))
Aizhantabyn
осы бала мені жақсы біледі) Ути пути, жаным сол)))
Gastarbaiter
Апатай, ақыры бала деген екенсің, асырап алшы мені. Білә буду, әйәй болам. Тек қонжығыңа көрсететініңді көрсетпеш, сосын маусымдық асқыну кезінде дәрігердің рөлін сомдамаймын деп уәде берші, аха)
Aizhantabyn
bukil otbasynmen asyrap alaiyn ba?
Gastarbaiter
менің орныма 28 күн вахтаға барып, тұрсаң бүкіл отбасым алғысын айтар ед.
Aizhantabyn
жұмысымды асырап ал демеп едің))
meirzhan
Кейбір мәселелерге күле қарауды. Сосын Сатыбалдының инбокстағы логинін дауыстап айтып қала жаздаймын біреу подрезать еткенде
monti
«кажись»
мен үнемі жазамын бірақ сіз ойлағандай яцз сөзге жатқызбаймын
Zhan
Бірінші, негізі осы жазбаның тақырыбын дұрыс қоймадым-ау деймін. «Керектен» үйренгендерім емес, «Керекке» кеп білгендерім" деу керек пе еді. Екінші, тақырыпта тек ұятсыз сөздерді ғана емес, жалпы, әркімнің сөйлеу стилі, пікірі, осында келіп не үйренді, не білді сол туралы да сөз қозғалса деп өтініш жасағанмын. Оны Гаста т.б. түсініп, жақсы пікірлерін қалдырған. Үшінші, «кажисьтен» басқа да «жұма күнгі бояндар», «имхо» т.б. сөздер де тұр ғой, ешқандай ұятқа қатысы жоқ. Мысалы, боян деген сөзді осы «Керекке» келіп білдім. Аршат айтпақшы, түсіндіре алдым деп ойлаймын. Бұл жерде
бірақ сіз ойлағандай яцз сөзге жатқызбаймын
ұятсыз я ұятсыз емес сөздер деген ой маған шыны керек ваще келмепті.