Қазіргі жігіттер қандай болуы керек?

Жалпы қазіргі таңда нағыз жігіт жоқ, жігіт дегендер азып, сонау Баукеңдермен бірге келмеске кетті деп пессимистік ойға беріліп жүргендер көбейіп кетті (әсіресе нәзік жандылар тарапынан). Ал енді біреулер саусақпен санарлық жігіттер бар екенін айтып көңілді орнына түсірсе, бағзы біреулер «Ой, ондай жігіттер, мыннан, пішен, тек қыздар көре алмайды» деп желпіндіріп қояды. Шындығында қалай өзі, нағыз марқасқалар ортамыз да ма, әлде… Өз басым талай қыздармен тайталасып көрдім, ешбіреуін жеңе алмадым. Дәлелдедім деп мен қалдым, шалалау деп ол кетті. Ол қызбен айтысымыз түрлі түрлі турларға бөлінді. 1.Жігіттің мінез-құлығы, 2. жүріс-тұрысы (өзін ұстауы); 3. Киім киісі, т.б.
Алғашқы екеуінен сүрінбей өтсем де, соңғысында біраз тірестік, соңы жоғарыдағыдай болды. Әйтседе ойланып қалдым, басқа-басқа киім киісте тығырыққа тірелетіндей не болды?
Өйткені қарсылысымның айтқаны жігіттер локомотив, қыздар вагон, егер жігіттер киім киісімен қыздардың көңілінен шықса, қыздар далаға кетпейді. Өзінің ауы салбырап жүріп, болмаса жабыстырып киініп, балағы шолтаңдап жүрген жігіт қызға кіндігіңді жап деуге моралдық қақысы бар ма деп бет бақтырмады.
Сіздер не ойлайсыздар? Жігіттің қандай киім кигені дұрыс деген пікірдесіздер? Әлде, екі қойым бір тиын ба? Бірақ «керектіктерде» алдыңғы аға-апалардан үлгі алғысы келетіндер көп сияқты.
Бөлісу:

56 пікір

Albasty
«Денар» тобының "Қара көйлек" әнін тыңдамаған ғой ол қыз.
araika
сонау Баукеңдермен бірге келмеске кетті
Баукеңнің өзі болмаса да сөзі, көзі болмаса көңілі, батырлығы болмаса да батылдығы, мінезі жағынан ұқсайтын бейне көлбеңдейді 

Жігіттің қандай киім кигені дұрыс деген пікірдесіздер?
Сәнді киінсін демеймін, жарасымды болса жеткілікті. Ал жарасымды болуы талғамға байланысты, талғам сапаға, сапа матаға байланысты боп кете береді.
Қалған ойымды кейін жазамын, бұл тақырып төңірегінде көп сөйлей алатындаймынуақыт жоқ
Gastarbaiter
Өз басым талай қыздармен тайталасып көрдім, ешбіреуін жеңе алмадым.
Нағыз жігіт, идеалдар, жігіт ондай болу керек, мындай болу керек деген 22-ден асқан бойдақ қыздардың сүйікті тақырыбы. Образдарды суреттегенде, ауыздың суы бір сауым болып қиялға батады. Түс ауа мына жерде нешетүрлі «доставляющи» шығармалар оқимыз бұйырса.
Zhan
Меніңше, Бекжан, Аршат, Алдан, Марко — жігіттердің төресі! Өзімнің айналамда да небір жақсы ер азаматтар толып жүр. Бірақ, әттең, жақсы жігіттердің көбісі женатик.
salta
менің бір подругам: нормальные заняты, остались одни придурки деген баяғыда. өлгенше күлгенім бар, бірақ тапты нормальный жігітті, тақ шо Жансая үмітің үзілмесін… придурокты да нормальный қылып алуға болады
kokbori
Жақсы әйел жаман еркекті зор етеді,
Жаман әйел жақсы еркекті қор етеді дейсіз ғой, дұрыыыыс
asaubota
бір күшті қыздар албасты күйеулерге шығып жатады ғой, сол сияқты сендер де күшті жігіттердің әйелдеріне сондай көзқараспен қарайсыңдар ма? а?
Zhan
Мен жеке өз басым күшті жігіттердің сұмырайдай біреуге үйленіп алғанын көрсем, «Не күн туды мынаның басына сонша осыған үйленетіндей?» деп таң қалатыным рас. Еще щепетильный пысық жігіттердің әйелдері салааақ болып келеді ғой. Бір красавчик танысым бар, жүретін қызын көріп қашып кеттім. "қалай жүрсің десем, мінезі жақсы" деп қояды. Әлгінің мінезін көрсең бетіне зәрі шығып тұрған біреу. Проста жігіті қызды қандай фонда көргісі келеді, анау соны дереу изучать етіп алып типы сондай болып көрінуге тырысатын майталман актриса. Бірақ, ол қашанғы өтірік күлмеңдесін, бір күні маскасы ашылған кезде әлгі танысымның «Лібә, қандай қызға үйленгем» деп өкініп отыратынын ішім сезеді. Амалсыз бала-шағалы болып қалғасын отбасы жаупкершілігн арқалап жүретін отағасына айналғалы тұр. Ондай мысалдар көп, Аршат. Бірақ, Гаста айтпақшы, әркімнің өз таңдауы, өз қалауы бар. Опық жесе де, жемесе де басқа түскенін көреді де. Әуелі өзімнің басыма май жағып алайыншы
asaubota
менікіне алаң болмаңдар. әйелім красавица, хозяйка және 2 ұл туып берді кесаревомен
Daniar-Alan
… не болмаса голубой деп қойсаңызшы («хорошие мужики либо женатые, либо голубые»)… оххх ертерек үйленіп жақсы жігіт болғаным қандай жақсы болған…
a63a1
қазіргі жігіттер бұрынғы жігіттер деп қалай айтад екен осы қаздар нақты, қойындарына жатып шыққандай
satibaldi
Қайда барсаң да Фрейдтің көрі, анталаған адам рухының мамандары әйтеуір. Керісінше, ештеңе білмейтін таза адам табу мүмкін болмай бара жатыр, барлығы ең болмаса — шаштаразда іш пыспау үшін журналдан болса да бірдеңе оқыған көзі ашқы адамдар. Сайрайды-ай келіп 
Дәл осы уақытта Павлодарлық «Кызылжарская птицефабрикада» тауықтар аштан өліп жатыр: адамдар олардың көңілін табудың орнына — жаппай қолданбалы псиқалогияға кетіп қалған
a63a1
 сиыр сауғанда бетховеннің шығармаларын қойып қойса сүт көп беред дегені рас енді
VKM
Қандай болу керегі маған қызық емес,ұнаса болды.Менің бір дос қызым айтады: сондай ақылды адам, жақсы маман бола тұрып, сырт әлбетің табыстылықтың 90 пайызы екенін түсінбейді ме,қалай болса солай киінеді деп.Бір жап-жақсы жігіт туралы. Меніңше, табиғи талғамы нашар болса бола берсін, жақсы стилист 1-ақ сағатта орнына келтіреді, бірақ ақыл, адамгершілік, сыйластық деген категорияларды өзгерту мүмкін емес)))
satibaldi
Меніңше, Иосиф Болат ағай психологтарды, кибернетиктер мен астрономдарды бекер қудаламаған. Ерні ерніне жұқпайтын судырахмет суайт ғылым өкілдерін итжеккенге айдап, қоғамға ең болмаса тал құлаттырып пайда әкелген
Болат жоқ сендерге
kokbori
Жаппай қазақшаға көшсең Жүсіп дей салсай
Nurgisa
Жалпы, қиялдан идеалдандыру көп ретте әурешілік сияқты. Біреудің армандауына тосқауыл болу да нонсенс, болса да. Ер адам болсын, қыз баласы болсын, оның о бастағы өскен ортасына пост-фактум қалайша әсер етесің? Ешкім де күнәдан ада, пәк те саф ортада өсіп жатқан жоқ. Айналаңдағы жақсыға үйір боп, жаманынан жирену өз қолымызда. Құқымыз бар екен деп ішкі форманы дәріптеуде бәсеңбіз де, сыртқы марафетті мадақтауда, не болмаса, балағаттауда кәнігі майталман боп алдық. Ашық цинизм. Сексизмді де қосыңыз. Жақсы мен жаманның қарапайым айырымын ұмытпау маңызды. Бір-бірімізді тәрбиелей білейік. Ақпараты көп кеңістікте сырты жылтыраққа тәнті бола берейік, бірақ түпнегізімізді лайлатып алмайық. Қай-қайсымызда да тұнығы былғанбаған бір форма бар, әйтпесе.
SYMBAT
«Адам көркі шүберек» деген сөз бар. Адамның киім-киісіне қарап оның қандай адам екендігін (аяқ киімі ылғи таза болса — тазалықты ұнатады, үстіне киген көйлегі үтіктелсе типа ұқыпты деген сияқты әрі қарай кете береді) аңғаруға болады. Менің айтпағым әр адам жұмысқа барарда айнаға қарап, «менің үстімдегі киімім өзіме жарасымды ма, бұл шалбар мен көйлекті кисем менің артымнан ешкім күлмей ме? деген сұрақтарға жауап іздеу керек сиқты. Сонымен қатар, қазіргі брендовый киім-кешек сатып алып киу үшін, қалтаң қалың болу керегі тағы бар. Ааааа айтпақшы, әр облыс адамдарының өзіндік киіну ерекшеліктері де бар сияқты. Одан кейін жұмысқа, кешкі көңіл көтеру орындарына және т.б. жерлерге барарда арнайы киімдер болады. Оғанда мұқият болған жөн.
salta
ағам горячий…
satibaldi
әр облыс адамдарының өзіндік киіну ерекшеліктері де бар сияқты.
Қосыламын. Қаланың іскерлік орталықтарында түркістандықтарды сәлде мен мәсілерінен жазбай танимын.
e_zhalgas
түркістандықтарды сәлде мен мәсілерінен жазбай танимын
VKM
Сымбат, зема. Өскеменнендесің бе?
SYMBAT
Иә, Өскеменнен
VKM
жекеге жаздым)Білесің бе,қалай қолдану керек екенін?
ereke_enu
Зема, Өскеменненсің ба деген қызық сұрақ екен)))
VKM
Өскемендесің бе деп сұрадым. Себебі Өскеменнен болып, Астанадамын)
Aizhantabyn
Сымбат дегенге елең ете қап ем… ол Сымбат емес екенсің(((((

Мен бір профессор ағайды танитын ем. Киімі онша емес еді, бірақ талай қыздың жүрегінде мәңгіге қалды. Өйткені, біріншіден ол ақылды. Ақылды жігіттер қашан да секси) Екіншіден, харизмасы мықты еді. Адамды өзіне баурап алатын. Үшіншіден, ол қашанда мейрімді болатын. (Өзінен 20 жас кіші түрік қызына үйленіп, бірде маған «Жаным» деп айтқан). Сол себеп, үстіңе кенеп қалта киіп алсаң да болады, бастысы тартымдылықтан жұрдай болма))))))))))))
Marco
Кім біліпті, Баукеңнің заманындағы қыздар да, «шіркін Аманкелді, Әліби сияқты жігіттер жоқ қой қазір» деп күрсінген шығар.
kokbori
Баукеңнің әйелді қолғапша ауыстырғаны қандай екенін білдіріп тұрған жоқ па?
Gulzhanat
Қандай киім кисе де басы орнында болуы керек )) Трикосының балағын носкиге заправлять етіп жүргенді ұнатса да өзі білсін. Жүрегі жұмсақ, өзіне сенімді, принципетері мықты, сөзіне берік жігіт болса, одан артық не керек? Осындай яхонтовый мальчикты бағалайтын қыздың ақылы орнында болса де)
a63a1
Трикосының балағын носкиге заправлять етіп жүрген
политехте осындай орыс жігіт болған, жылы 81 болуы керек, мен түскен жылдары бітіріп жатты. Үстінде сұр кастөм шалбар, шалбарының ішінде көкшіл трикосының балағы нәскиіне қыстырылған, аяқта красовкі, көзінде лупа тәрізді очки, қолында постоянно айген пакетімен портфелі болатын. Айтпағым әлгі қызір қайда жүргенін білмим
Gulzhanat
сондай лупа әшкиі бар, оранжевый китайский көйлегі мен рюкзагын тастамайтын, шалбарының балағына великтің майы жұғып сатал-сатал болып жүретін жігітке қатты ғашық едім кезінде.Оған ғашық болған жалғыз мен емес. Сырт көзге чудик-ботаник көрінсе де, жақын танысқанда оны жақсы көріп қалмау мүмкін емес. Жаңағы орыс та тихоня-сердцеед болған шығар сондай
Gastarbaiter
Бар ғой, бар әнеки айттым ғой, келтіретін шығармалар қуады тойыс туады деп.
Gulzhanat
Кімге шығарма, кімге друг по жизни
Gastarbaiter
Жаза отыр тағы, нағыз еркек, джентелмендік жайлы әфсаналарыңды. ))
Gulzhanat
Ондай құпияларды білу жазбапты.Тек өзімнің көңілімнен шығатын образды ғана келтіргем.
Хотя, міне тағы бір классный мужик
salta
күшті айтыпты
e_zhalgas
Қазіргі жігіттер қандай болуы керек?
бұрынғылардай болуы міндетті емес әйтеуір
Gulistan
Әр заманның өз батыры бар демейші…
e_zhalgas
бұл сұрақ па?
Gulistan
жоқ, жай айтқаным.Сұрақ болса, жауап берер ме едің?
Gastarbaiter
Кейде адамның 99 жаман қасиетіне көз жұмдыратын, бір жақсы қасиеті болады. Кейде керісінше, 99 игі қасиетін унитазға ағызып жіберетін бір құсық қасиеті болады.
GulL
Әр адамын өзіне тән тартымдылығы болады ғой, ол киімге де байланысты емес, мысалы кейде бір жігіттер болады өзі керім жақсы бой десе бой, түр десе түрі бар бірақ аузын ашса болды «капец», а негізі анау мындай мынау андай деген ол тек киял, біреу былай айтып кетіпті ғой «В любимом человеке нравится даже недостатки, а в нелюбимом раздражают даже достоинства» сол сиякты адам адамга унаса болды калгандары кур далбаса имхо
kokbori
ойбай, құрттың ғой оқып қарашы
GulL
жарайды түсіндім нені меңзегеніңізді