"Алдар Көсе" туралы ертегілер

2011 жылы Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Azia animation» компаниясы «Алдар көсе туралы ертегілер» атты анимациялық топтаманы жарыққа шығарды. Онда 85 мультфильм, 50 ертегі, «Бізді қоршаған әлем атты» суретті аудио-cөздік қамтылған. Жоба продюсері – Игорь Краус пен авторы – Артур Краус. Мақсат қазақ тілін бүлдіршіндерге мультфильмдер мен ертегілер арқылы үйрету.
Әрине, мультфильмдердің барлығы керемет деп айту артық. Онда бала санасына жат сөздер де көп кездеседі. Мәселен, байдың бажылдақ әйелінің аузынан шыққан әрбір былапыт сөзді балалар бірден қағып алады. Мәселен, «қақпас, есуас неме, жынды» секілді тым дөрекі сөздер құлаққа түрпідей тиеді екен. Дегенмен Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бұл қадамы қуантарлық әрі құптарлық іс. Ендігі төрелік – патша көңілді оқырман сізде. Біз Алматы қалалық Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Мамай Ахеттің арнайы рұхсатымен аталған топтаманы көпшілік оқырман назарына ұсынып отырмыз.


“Мінбер-Ақпарат”
Бөлісу:

12 пікір

Daniar-Alan
анимация быт-шыт. теңгені қатты үнемдеп 85 мультфильм шығарғанша сапасы жақсы 10-ын шығарса… менің қызым да көрмейді ғой мынаны.
Daniar-Alan
сюжеті де өтірік өтірік
Daniar-Alan
әлгі жерде қазақша үйреткен түрлері ғой. в обшым топасизм
asaubota
менің ұлыма ұнады
salta
еееееей, қазағым-ааай, шығармаса шығармады дейсіңдер, шығарса шығарды дейсіңдер, не оттап отырсыңдар?! Никелодеон, Джетикс деген каналдарды қараңдар, уродтар толып жүр, сыншы-мінші болсаңдар, керемет дүние шығарыңдар, қырта бергенше. жақсы дүние, әдемі жасалған… маған да ұнады… қызың спанджбобты тошно ұнататыны белгілі, басқа нәрсеге үйрету сенің қолыңда ғой қазір, тамаша мультик…
asaubota
бұрын Балапанды қатты сынап жазып едік. кейін түзеліп сүйікті каналымыз болып кетті. Николедеон, Картун нетворктардан құтылдық бұрынғыға қарағанда.
Daniar-Alan
нууу қызым спайнчбобты көрмиді. Өзім көремін
негізінде менің білуімше мультфильмдер де кинофильмдер секілді кадрларға бөлінеді. секундына 8-кадр, 16-кадр т.с. ал ең жоғарғысы 52 кадр. міне осы секундына 52-кадр айналған кезде сапалы анимация шығады. спайнчбоб т.б. осылай жасалған. «Тачки» неге әлемдік деңгейде (тіпті қазақшаға да аударылды (1-ші болып)? өйткені ең алдымен анимация жақсы. «Мадагаскардағы» Алекс арыстанның «шашы»-ның әр-бір талы қимылдайды. міне сапалы анимация. ал мына фильмде тіпті айтқан сөздерінің өзі ауыз қимылымен сәйкес емес. менің сапасыз 85 емес 10 сапалысын шығарғаны жақсы еді дегенім сол. соңында еще тілашар сымақ бірдеңе қосып қойыпты… менің сіздерге айтарым, егер дүние сапалы болса өздері-ақ аударып алады немесе бала өзі ақ үйренеді…
Daniar-Alan
ал Спайнчбоб сүйікті кейіпкерлерімнің бірі. приколдары қызық
salta
мен де жақсы көремін. әсіресе оған медуза аулаушы қиярдың «Придурок, придуууууурок, придуууроооооок» деген сериясы...
Janasil
30 сериясын көшіріп алдым. Былай жақсы секілді. /жоқтан жақсы ғой./ Үйге апарып қарап көремін бүгін.
kazprose
Бұл пікірлеріңізді мына жаққа жазсаңыздар күшті болар ед.
nurbergen_makym
Жалғыз Бекжан Тұрыстың дубляждаған/кадр сыртында мәтін оқыған даусымен мульт шығару қиын ғой, нақ. Адамдары да кілең, «клон» нақ. Кейбірінде, тіпті, қорқынышты құбыжықтар да бар. Мотиві «алда/ұрла/тона» — афферист бол деген месседж, очм. Бастысы, қызыма ұнамады. «Маша мен Аю» қараймыз, қазір