Ақтөбе қаласындағы бір тойда рекордтық көрсеткіш
АҚТӨБЕ. 30 қаңтар. ҚызАқпарат /Жамал Меңдібаева/ — Ақтөбедегі бір тойда рекордтық көрсеткіш жаңартылды. Басталуы 18:00 деп белгіленген той 21:00-де басталып, таңғы 05:17-де аяқталды.
Бұл тойда күйеу жігіт пен қалыңдықтан басқа олардың әке-шешелерінің, тіпті қалыңдықтың жездесінің де биографиясы тыңдалды. Жалпы есеп бойынша тост, тілектер кезінде 14 адамның өмірбаянынан сырлар шертілді.
11 жиен, 6 іні-қарындас өлең айтып, би биледі. Ұлттық "Қаражорға" биі 4 рет биленді, сондай-ақ той қонақтары 5 өзбек, 4 үнді билерін тамашалады.
«Ең қысқа тост» грамотасын небәрі 4 минут сөз сөйлеген күйеу жігіттің әріптесі Серікбол алды.
Бүгін күйеу жігіттің үйінде 14:00-де «келін шәй» басталып, одан кейін 1 апта жалғасатын «Тойдың видеосын қараудың» премьерасы басталмақшы.

Осындай тойдан қорқып үйленбей жүрмін
оның үстіне кассета көбінесе монтаждалмай беріледі, яғни той 4 сағат өтсе сонша уақыт қарауға тура келеді
Самал Ендібаева шығар.
Сосын мұны рекордқа жатызбас едім басталуының бұдан да кешігетін тойларды кездестіріп тұрамыз
қатты күлгенім соншалық, қасымда ұйықтап жатырған кісі оянып кетті