Жұмақты гарантиялаған Мақаш атай бұдан кейін тек репутация үшін ғибадат қылмақ

Астаналық зейнеткер, бұрынғы экономист Мақаш Байжомартов жұмақты гарантияладым дейді. 83 жастағы зейнеткердің айтуынша бүгінге дейінгі жиған сауаптарын ойша есептейтін болсақ жәннатты әлдеқашан гарантиялаған екен.

Мақаш атай достарымен бірге
Мақаш атай достарымен бірге

«1992 жылдан бері имандылық жолындамын. Бес уақыт намазымды қаза қылмадым, қаза қылған кездерімде артығымен өтедім. Ораза ұстадым, нәпіл оразаларымды да санасақ болады. Садақа беремін, қажылыққа да бардым. Бүгінге дейін қаншама дұға оқыдым, балаларға, өлген кісілерге бата оқыдым. Газетке мақалаларым да шықты. Жинаған сауабым мол деп ойлаймын. Жеке өз есебім бойынша жұмақты гарантияладым деп ойлаймын. Тек бұдан кейінгі өмірімде пендешілік қателерге бой бермесем болғаны. Қалған өмірімдегі ғибадатымды енді осы және кейінгі өмірдегі репутациям үшін қылмақшымын», — дейді зейнеткер Мақаш атай.
Бөлісу:

32 пікір

Armanjan
Бір адамның асын беріп жатқанда молданың айтқан уағызынан есімде қалғанын жеткізіп көрейін: Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалеихссалам Алланың әмірін есту үшін сапарға шығады екен. Жолда оған бір адам кездеседі. Жөн сұрасқасын әлгі адам Аллаға қояр сұрағым бар еді айта барасыз ба дейді. Иә дегесін, мен өмір бойы бес уақыт намазымды қаза қылмадым, жаман қылықтардан аулақ жүрдім, өлгенде орным қайда болады соны біліп келіңізші дейді. Тағы біраз жүргесін және бір жолаушы кездеседі. Ол айтады мен өмір бойы арақ іштім, ұрлық жасадым, енді ғана тәубама келдім, бірақ бәрі кеш шығар, өлгенде менің орным қайда болады соны сұраңызшы дейд. Сондағы Пайғамбарымызға Алланың берген жауабы мынадай екен. 1-ші адам тозаққа барады, 2-шісі жұмаққа барады депті. Себебі 1-ші адам өмір бойы намазын қаза қылмай дін жолымен жүрсе де, бәрібір ішінде Аллаға деген күмән болған, тек әйтеу намаз оқу керек болғасын оқыған депті, ал екінші адам бар жасаған күнәсін жасырмай, мойындап отыр, және тәубаға келіп өкініп отыр, сондықтан оны жұмаққа жіберемін депті. (қысқаша негізгі нобайы осылай болатын). Жалпы айтқанда ертеңгі күні не болатыны тек бір Аллаға ғана аян ғой.
asaubota
кечіна (жақсы мағынада)
bazuka
 уффффф өлдім күлкіден
Jacqabaies_Chirac
 әңгіме жоқ, қарияға ұзақ өмір берсін, гарантиясы нықтала түссін!!!
Marco
Газетке мақалаларым да шықты
Nurgisa
 сен баланы бауырымызга катты кысып, олтiрiп алмасак екен, айналацын. Жаза тусшi!
Bayan_
Тегіне қарасақ, "қарапайым" кісі емес сияқты.
Marco
Оны байқамаппын)))
meirzhan
Рафаэллоның ойын қуалай алмадым.
dark_nazgul
қой көрмеген қуалап өлтіріпті
ereke_enu
Атамыз деп қанша сыйлағанмен үлкен кісі қателесіп жатыр. Бұлай демес бұрын мешіттегі имамдармен ақылдасуы керек еді. Қанша дегенмен де олар жақсы біледі.
konvict
Қайрат Жолдыбайұлының хабарласу керек еді бірден. Фейсбукта өзіне аккаунт ашыпты ғой.
araika
 ащы шындықтар! Жарайсың, Рафаэло!
timurrr
Жыртып жүрсің негізі…
asaubota
лібә, бар ғой осындайлар. өздерін гарантиялап алып, сосын айналасындағыларына террор жасай бастайды ғой, олардың қай жаққа баратындарын іштей анализ жасап.
bekkerey
«Бұрын алқаш болған шалдар қазір молда болып жұртқа уағыз айтады дегенді»-дейді ауылдағылар. Мұндайлар бар ғой. Намазхан жігіттердің бірі (бұрынғы базар ұстаған рекіт) вокзал төңірегінде бірнеше күн сауық құрып келіп, «мәә жігіттер иман азайып барады. қайтадан мешітке барып иман жинау керек» дегенін өз құлағымен естіп едім.
kazkozha
 Базар жоқ қария қыртады екен
suleimenuly
Орта ғасырлық Еуропада индульгенция деген болған екен. Ақшасын төлеп жасаған күнәларын кешіру туралы грамота (гарантия) сатып алғанғой сабаздарың . Сол секілді бұл қарияның жаратушыға "өткізіп қойғандары" бар екен, банкке депозит ашып ақшасын еселеп өсіріп жатқандай ғой өзі )
Ispek92
Негізі Қазақстанда гарантиялар жыл бойынша берілуші еді қанша жылға берді екен бұл атамызға
Daniar-Alan
4 қыз туғызсаң гарантия емес па не?