Ән шырқайық!)))))


Қайрат Нұртас-Үнсіз жүрек
Таңданамын тамаша сымбатыңа,
Барма амалым жүрегім сырға тұна.
Ұсынамын қолымды қиялымда,
Қысыламын көргенде тіл қатуға.
Шын сүйемде, өзгеден шын қызғанам
Дүниеде саған тең жұлдыз барма?
Жоқ амалыл көрдімде тағы бүгін,
Өте бардың жанымнан үнсіз ғана.
Қайырмасы:
Үнсіз жүрек, үнсіз кеуде,
Өтіп жатты үнсіз түндер. 2 рет.
Тура қарап айтшы маған,
Барма бақыт бұл өмірде?
Көзіңде арман елес, нұрсыз шуақ,
Сезімде болған емес мұңсыз сынақ.
Күрсінемін өзіңсіз түндерде ұзақ,
Шын сүйемін тегінсіз, тілсіз бірақ.
Бақ іздеп кезіп жүріп араладым,
Сан іздеп өзім бірақ таба алмадым.
Жалғанда барма бақыт жоқпа өзі?
Сен маған айтшы үнсіз махаббатым.
Қайырмасы 4 рет
Мейрамбек Бесбаев — Сағыныш
Жалғандағы армандаған асылым
Мұңымды айтам мен өзіңе жасырын
Асау өткел өткізбеді, қашқан жолдар жеткізбеді жаным
Айлар өтті кездеспедің, сырларымды сезбес пе едің жаным
Сағындым сені сағындым.
Сағындым сені сағындым.
Бір өзіңді ойлай, ойлай жыл өтті
Ғашық жүрек от боп жанып дір етті.
Қара көзің күлімдеген, кірпіктерің дірілдеген жаным
Жайнап өскен гүлім деп ем, жүрегімді тілімдеген жаным
Сағындым сені сағындым.
Сағындым сені сағындым.
Ғұмыр кештім елесіңмен аяулым
Шықпай қойдың сен есімнен аяулым
Кездескенде көктем еді, көкте тырна өткен еді жаным
Құстар қайтты оралмадың, сен бақытты бол арманым жаным
Сағындым сені сағындым.
Құстар қайтты оралмадың, сен бақытты бол арманым жаным
Сағындым сені сағындым.
Сағындым сені сағындым.
Бәйтерек-Ханшайым.
Сен сұлу ханшайымсың, бұралған балтайымсың,
Армансың бозбалаға, жар іздеген ханзадаға
Жанымның жұлдызысың, бағымның бұл-бұлысың,
Шуағың таралғандай, сұлулықтан жаралғандай,
Қайырмасы:
Ертегі мың бір түн бе екенсің
Ай мен күн бе екенсің
Жұлдыздайсың маған моншақ тағынған
Әлде гүл ме екенсің
Әлде нұр ме екенсің
Ханшайымсың аңсап жүрек сағынған
Тотыдай түрленесің, ғажайып күй елесің,
Назданып нұрланғанда, құлпырады бұл жалғанда,
Аялы жан сырымсың, аяулым бал шырынсың,
Шығыстың аруындай, ақ сәулелі ай нұрындай,
Қайырмасы
Таң нұрымсың, жан гүлімсің
Жан жырымсың шалқыған
Ертегімсің, көктемімсің
Көңілімде баураған
Аққуымсың, гәккуімсің
Сезімімді баураған
Тұмарымсың, сыңарымсың
Жүрегімді баураған
Бөлісу:

3 пікір