Ей, маңғаздар, ұсынысым бар!

Маңғаз деген не? деп отырсыз ба? Маңғаз деген ИшАК-тың тілінде тұлға деген мағынаны беретін сөз. Сөз құрып қалғандай, солай жазыпты.

Сайттың админі әрі маңғаз Аршат Оразов айтқан қазақтілді Интернеттің жеке сыйлығын ұйымдастыруға қатысты бірнеше ұсынысым бар еді. Олар:

1) Сыйлықтың/бәйгенің ұсақ-түйегіне дейін сипаттамасы жасалса (ережесі, мерзімі, сыйлық түрі);

2) Әсіре оптимизм мен фантастикадан алшақ болса (былтырғы «Бәйге» сияқты быт-шыт болып кетпеуі үшін);

3) Аз сөйлеп/жазып, арық шықса (былтырғы «Бәйге» сияқты ауылдың иттеріне дейін шулатып кетпеу үшін);

4) Демеушілері болса: демеушілердің көмегі арқылы көңілге қонымды, ынталандыра алатындай сыйлық беруге болады;

5) Дауысты бір топ адам (сарапшы мамандар) берсе екен. Өйткені сайтымызға дауыс беріңіз деушелер баланың ойынын ойнап кетеді (у-шуы көп);

6) Ұры-қарылар мен авторлық құқықтың не екенін білмейтін маңғазсымақтардың сайттарын байқауға қатыстырмау (босқа уақыт пен сарапшылардың жүйкесі шығын болады);

7) Сыйлыққа/бәйгеге байланысты ресми сайт немесе блог болса;

8) Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұру жағы да ойластырылса.

Басқа да ұсыныстарыңыз болса, жаза отырыңыздар.
Бөлісу:

21 пікір

asaubota
иә, мені де осы маңғаз сөзі күмілжітті.  маңғаз менің білуімше жақсы мағынада емес.
Zako
Маңғаз дегенде жылдың ең сәтсіз жобалары туралы болар деп ойладым алғашында. Ерінбей орысшасымен салыстарсам, тұлға деген сөз екен.
asaubota
sozdik.kz/kk/hash/81e79aa24/ маңызды, важный дейді
Abilakim
Маңғаз адамдарда кішкене тәкәппарлықта болады ма деп қалдым
omarbirat
Өзім «маңғаздану» дегенді «важничать ету» деп түсінемін өзім. Сонысымен байланыстырылған шығар. Сөздікте контексімен бірге, қай жерде қалай қолданылатынын көрсетіп берсе, біраз нәрсе түсінікті боп қалар ма еді.
Janasil
Менің түсінігімде «маңғаз» сөзі «Маңғазданып» яғни «көкіректеніп» деген секіліді ұғым береді екен.

Е-Қо, 1,6 былай депті:
1) важный, величавый, гордый;
— маңғаз тоты құс аяғын бір басты величавый павлин сделал один шаг;
— ол маңғаз адам он важный человек
2) спокойный, степенный;
— ол салмақты, маңғаз жігіттердің қатарында он из выдержанных и степенных джигитов
Armanjan
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: Маңғаз — кербез, паң, тәкаппар.
asaubota
иә, менің де білетінім осы мағыналар.
serjan
Шығыстан келген қазақтардың қолдануында бұл сөз өте салмақты, жер жылжыса жылжымайтын сабырлы адамдарға қаратып айтылады.
Armanjan
Шығыстан келген қазақтардың
именно қай жерден келген сонда?
serjan
Қытайдан басқа шығыстан келген Қазақ көріп пе едің?
Armanjan
Мұңғылия да біздің шығысымызда екенін есіңе салып қояйын, сосын шығыс қазақстаннан біреу қонаққа келіп жатса, шығыс жақтан келген жерлестеріміз солай айтады екен десе де болмаушымеді.
patick
Қытайдан басқа шығыстан келген Қазақ көріп пе едің?

Жанна келіп жүр ғо Жапониядан
AKY
Маңғаз сөзін талқылауға арналған пост па еді бұл?
satibaldi
Маңғаздар дегеннің бұл жерде басқа да мағынасы бар, дұрыс қой. Типінақ, ей жайсаңдар, кәрәмәттәр, игі жақсылар деген сияқты ғой, орысша: эй, достойнейший дегенге ұқсас.
Нақтың.
Gastarbaiter
Қызымды әжесі еркелеткенде: Маңғазым ау маңғазым дейтін. Анау мынауға жылай қоймайтын, әрнеге мазасызданбайтын болған соң.
satibaldi
Лібә, мынау Бәйге биежарысын неге есіме түсірдің нақ. Лібәәә, өкшелеп қуып жетіп қалғанда, әдейі жабылып қалд нақ. Изя, жарнамаға кеткен ақшамды қайтар!!!
Zhanay
Авторы есімде жоқ, бір әдебиетте әйтеуір, адамның бейнесін жасағанда "Әрдайым маңғазданып жүретін кісі" деген болатын. Соған қарағанда "өзімшіл", «тәкаппар». маңғаз десе маңқа дегендей болады екен
Zako
ИшАК бұл сөзді пайдалану арқылы екі қате жіберіп отыр:
1) маңғаз сөзінің сын есім екендігіне қарамастан зат есім ретінде қолданып отыр. Орысшасы: деятель.
2) маңғаз сөзінің мағынасы интернеттің (белді) тұлғасы деген мағынаға келмейді.

Бүгін хат жазып жеберген едім қазақ тілін қорламай, дұрыстаңыздар деп. Қатені түзеттік деп жауап берді, барып қарасам, сол қателер тұр, кейбір сөздерді аздап түсезкенсіп қойған ба дедім.