Қадірі қашқан корпоративка

Жаңа жыл жақындағанда мекемелер мен кәсіпорындардың корпоративканы қашан, қай ресторанда қалай өткіземіз деуімен бастары ауыра бастайды ғой. Сол басқосуды “жақсылап тұрып” өткізбесе келетін жаңа жыл келмей қоятындай болатынын қайтерсің. Тіпті соған жауапты адамды бір ай бұрын сайлап тастайды. Сонымен жылдағы дәстүр бойынша ресторанда отырмыз улап-шулап. Құттықтаулар, сол баяғы аяз ата, әртүрлі қызықты ойындар өткізу дегендей. Менің айтпағым қаракөз аруларымыз ішімдікке масайраған соң шығаратын қылықтары еді. Құдай-ау орыстың қыздары мен қатындары қанша ішіп жатса да мыңқ етпейтінін қайтерсің, еденді тесіп жіберердей екпіндерімен айғайлатып билейтіндері болмаса. Ал, қазақтың нәзік жандылары осындай кезде іштегі эмоцияларын ұстай алмай қала ма (әрине бәрі бердей деуден аулақпын) бірден көз жастарына ерік береді. Отырыс ортасынан асқасын жұрттың бәрі зал мен әжетхананың арасында сабылып кетеді ғой. Сол туалеттің алдындағы шағын алаңқайда екі қыз егіліп жылап отыр. Үшіншісі оларды уатып әуре. Бір кезде араларынан біреуі отырған жерінде ағылтып құсты да тастады. Сонда шылымын сорып тұрған орыстың бір қатыны шыдай алмай кетті ау дим: қазақтар құсып-тышатындарың бар, жылайтындарың бар несіне ішесіңдер деді. Сөз сүйегінен өтіп кетті ма, бір қыз орнынан атып тұрды да, қазақтың суын ішіп, нанын жеп отыр екенсің, ендеше оның құсығына да жиркенбей қара, егер оған шыдамасаң “қ...қты жемей” өз отаныңа зытып отыр –деп бірақ басты. Соңғы екі сөзді айтқанда дауысы қатты шықты. Ана қатын ужас-ужас дегеннен басқа ештеңе айта алмай қалды.
ПыСы: Өткен сенбіде жұмыстағы бір әріптес ағамыздың 60 жастық мерейтойына қатыстық. Онда да сол температурасы жоғарылаған бір қарындасымыз көз жасына ерік беріп жатты. Бірақ ол әйтеу құсқан жоқ.
Бөлісу:

27 пікір

asaubota
қыздар емес жігіттер де іше алмайды ғой. арақ ішудің де өз әдебі бар.
Daniar-Alan
негізі жоламаған дұрыс. анда санда шаршағанда сыралату болмаса
Armanjan
жөн ғо енді. жалпы сары қыздар мен қара қыздардың жыламайтынын/жылай бастайтынын айтып жатқан түрім ғо.
Aizhantabyn
трезвенник болған соң мұндайды сезініп көрмегем. Бірақ, мен де көтере алмаймын, кажись. Иісінен басым ауырып, құсқым келеді
Abilakim
Норманы білмей ішеміз ғой.
patick
Ақ араққа құсам әбизөк. Пивіні шамадан тыс көп жұтып қойсам құсам. Жалпы сыраны кері сыртқа шығару бөтелкелестен ұялғаннан организм отказ берсе де зорланып ішкенде болады.
Gulistan
Ішіп алған соң көңіл айтулар басталады. Кімде өштері бар екені еске түсіп, солармен «разборка» да басталып кетуі мүмкін.
Түбі жақсы емес.
satibaldi
Саған неше адам сөз салған шығар а, бықсывалып?
Janasil
қазақтың суын ішіп, нанын жеп отыр екенсің, ендеше оның құсығына да жиркенбей.....
деген жеріне келгенде орыстың шашынан жабысып "құсығында іш" деп салып, қырғын шаш жұлыс болған шығар деп ойладым. Ішпеген жақсы ғой негізі.!!!
satibaldi
Ұлтшылдық-сексуалдық фантазияң шықпай қалд.
Janasil
Ұлтшылдық
мейлі
сексуалдық
зачем?
satibaldi
Маған кейбір ұлтшылдар өздерінің шовинистік қиялдарына ерік берген кезде, олардыкі тұрып кететін сияқты әсер қалдырады.
Armanjan
негізінде былай ғой, көбінесе басқосуларда бір столға бір адамнан тағайындап тастайды. Сосын ол адам отырғандардың емін-еркін ішіп-жеуін қадағалап, қане-қане алып қоямыз, алып қоямыздың астына алады, қыздардың жанында отырғандар да, ну давай до конца деп қостап кетеніні тағы бар. Көбінесе осы да себеп боп жатады.
satibaldi
Себеп, қаззақтарда арақ ішу мәдениетінің жоқтығында.
Өзінің әдістері бар ғой қарағым-оу, елуден төрт реттен, жүзден екі реттен, немесе екі жүзден бір реттен тартжіверу деген. Оны таратып отыру тағы бар.
Armanjan
студент кезімізде бір ағамыз айтатын: арақты қара нанмен және агуршікпен ғана ішкен дұрыс деп.
satibaldi
О бір енді, төпеп іше беруге болмайды әрине.
Барлығың әжемізден қалған асты негатив жазып тастапсыңдар, құсад-тышад деп. Іше алмасаңдар неге арақтан көресіңдер? Кез келген нәрсе керегінше ішсең ем, артық ішсең у.
Сырнайды алып, онл-бұл тіскебасарды үтселге ұйымдастырып жіберіп, екеу-үшеуден жиналып ішетін арақтың әдемі әңгіме сарынына шақыратынын неге айтпайсыңдар???
Zhanay
Пікір жазушылардың барлығы арекеңмен доспа деп қаласың. Ия, жоғарыдағы постқа байланысты айтарым, қазақ қыздары іше алмайды «в натуре» сосын текке жылап, адамның көзіне күйік болады. Одан да "ішпесең не болар еді?" дейсің де қоясың. Біз сол корпоратив өткізу бойынша екінші орындамыз дейді ғой басылымдар, Әзірбайжаннан кейін, Бізден кейін Ресей үшінші орында екен.
Aldeken
Президент пен Байменов айтқанға дейін 1-орында тұрғанбыз если шо.
Zhanay
мәзсіз ғо таза болсын, қазекеңе той-томалақ болса болды ғой
Aldeken
Пікірімдегі смайл  болса, сіз де, «не болды, қазақ десе өзімізге тиеді, кредит алып, той жасағанша...» деген сарынға ауысар ма едіңіз?
Armanjan
керектің қыз-жігіттері через одного отыра қалып арақ ішеміз-ау дим. (АKY-дің көзі сулана бастады)))
Zilola
Мында вахтада журiп байкаганым, бiздiн казахтын жiгiттерi жумыс кезiнде басын томен салып салемдесуге де кымсынады. Сенбi кунi дискотекада кездесе калсан, мас, колында шолмегi бар, уже уятты койып касына келiп уйкеле бередi. Жыным устайды, Карагандылык орыс достарым бар солармен общение устаймын, iшсе де iшпесе де озгермейдi. Бiр жiгiтке урыскым (акыры мас го деп кейде жулкып та алгым келедi, жагасынан устап) келiп жур, айналайын сен-ак осы iшпей-ак койшы деп, реально жай кундерi майысып iзiлiп кете жаздайды, ал мас болса елдiн козiнше жабысып, суйкiмiн кашырып (((
Armanjan
Қалдоқ сен өзің жалпысы ащ суға қалай қарайсың, қанша метр жақын/алыс жүруші едің?
Zilola
етене жакынмын, бiрак iшпеймiн.