MiniBlogCamp-2

Осы сенбі күні, 28.01.2012, кездесетінімізді жариялаймын.
Кездесетін орын: Астана қ., «Керуен» СО, 3 қабат.
Уақыт: 15.00
Өткен екі аптаның істерімізді қорытындылап, келесі аптаға істерімізді жоспарлаймыз.
Жаңадан келгендер болса, BlogCamp форматын түсіндіреміз.
Еріктілер тобына қосылатындар бар болса, қабылдаймыз.
Естігендер, естімегендерге айта жүріңіз .
Бөлісу:

44 пікір

Nurgisa
Келетiн кiciлер идеяларымен, калайша комекшi бола алам деп келсе деген отiнiш.
Кездесуге дейiн сайттын да маселесi бiр жагына шыгар деген умiт бар.
VKM келе ала ма екен…
araika
Кездесудің сәті түспеді-ау бір. Сенбі күні кешкі 8-ден кейін ғана босаймын.
satibaldi
Сенің бастығың туралы бізге қызық мәлімет келіп түсті…
araika
 Менен бұрын танып алғандарыңыз қандай жақсы!
satibaldi
Біздің қолдарымыз ұзын… Тура мағынасында бірақ.
vlogs
әттең, өзім бара алмайм( Алматы қаласындағы өкілдер бар маа екен? Алматыда да ұйымдастырса жақсы болып кетер еді. Сонда үлкен БлогКэмпке дайын барар едік
vlogs
Өзім бармасам да басқаларға айта жүрем)
Abilakim
Даниярдың барғысы кеп жүр еді.Ол да сол Астанада ғой
asaubota
Астанада тағы кімдер бар? келіңдер бәрің. araika, AL-ASTER… тағы кімдер?
araika
Мен жоғарыда жазып кеттім. Айжанның жұмада болады деп жазылған пікірлерін оқып, жоспар құрып жүрсем… Жұма сөзінің апта екеніне үйренісе алмай келемін.

Уақыт ыңғайы болып жатса (сіздерден) бір адаммен болса да кездесіп, құрылтай жөнінде ақпаратты және өз мүмкіндігіме қарай тапсырмамды алғым келеді…
satibaldi
бір адаммен болса да кездесіп
Екеуміз кездессек қайтеді…
araika
Қуанамын ғой
satibaldi
Әдетте, қорытындыны кездесуден кейін шығарады…
araika
ол кезде де қорытынды шығады, қорықпаңыз
aza
Тамаша… Барғым кеп отыр… Қайтсем екен…
Aizhantabyn
Сонымен, кім-кім келеді екен, тізімдеп жіберейік)))
— Мен,
— АКЫ
— Қарақыз (егер мүмкіндігі болса)
Қыздар неге аз?
— Админко (Админко2?)
— Алдекен
— Жанасыл
— Нұрғиса
— Данияр
— Талғат, о предводитель наш)))))
Басқа?
asaubota
аяқ астынан бірдеме шығып қалмаса келемін ғой. Қуаныш та келетін шығар.
talgatjez
Қыздар неге аз?
Өткенде, сен Тымаубекпен свиданкада жүріп келе алмаған күні (жұмадағы коньки) Алмагуль келіп еді. АКЫ мен Адекенмен таныстырдық. Сол келеді. Кофе брейкке жауапты болады.
Сосын Бурабай жағын біліп берем деген тағы бір қыз бар. Мүмкін ол да кеп қалар.
Aizhantabyn
))) Ок, +2) Уже банда! Әйтеуір келсінші, три тополя на плющихе боп отырмасақ болды))))
Nurgisa
Аршат, Данияр мен Каракыздан баскалырымыз жиналып отырмыз.
madlen
Барлықтарыңызға сәлем!
Nurgisa
huanysh пен Бекжан кеп косылды, сонгысы жумыстардын жай-жапсары жазылган паракшаларды алып, баска жумыстарымен кетуiне тура келдi. Куаныш жаксы идеяларымен, тажiрибесiмен болiсiп жатыр.
talgatjez
huanysh-тың келгені өте жақсы болды.
Арамызда ең тәжірибелі CAMPер екенін де ескертіп қояйын .
Zhanay
Әттең, Астанада болғанда, қыздардың қатарын көбейтер едім. Амал нешік
Aizhantabyn
Кстати, Салта неге келмейді? Алдекен?
Aldeken
1 үйден 1 адам келсе жарайд шығар, шаруаға қарайтын да адам керек қо…
Aizhantabyn
ну, тогда күйеуі келсін, сосын айтып береді))))
talgatjez
Кеш жарық, достар!
Ертеңгі кездесуге бірінші рет келетіндер, маған жекеге жазыңдар, телефон алысайық!
Ертең бір-бірімізді танымай жүрмейік
Marco
Самолет төрт жарымда (((
Aizhantabyn
қырсық! Даже онлайн ((( онда суретотчет күт))))