Гүл егу науқаны басталды!!!

@Armanjan-ның құлағына алтын сырға.

Осыдан екі апта бұрын алынған гүл тұқымдарын он шақты күн бұрын отырғызудың реті келді.
Суреттерге қарап, өздеріңіз де жұмыс барысын көре жатарсыздар.
Сұрақтар болса, жауап беруге дайынмын.
Бальзамин, аспарагус, глоксиния, пассифлора, гардения гүлдерінің қорабы:



Ең бірінші осындай стакандарға отырғызамыз, түбін бірнеше жерде тесіп алуды ұмытпаңыз.

Қайшы-керек дүние:

Топырақ аларда құрамын анықтап алыңыз. Менің таңдағаным — «ТерраВита» әмбебап грунты

Аспарагустың қара бұршаққа ұқсас тұқымдары суда 3 тәулік тұрды, арнайы нұсқаулықта солай жасау керек екен.


Стакандарымызды нөмірлеп, атын жазу керек:

Процесс аяқталды:

танысып қойыңдар


Сіздерге де сәттілік!
Бөлісу:

42 пікір

satibaldi
Бальзамин егу міндетті ме?
Gulistan
Егер бұрын тәжірибе болмаса, осы жақсы вариант деп ойлаймын.
VKM
Бұлар үйде тұратын гүлдер ме әлде далада өсетін бе?
Gulistan
Бальзаминнің Том Самб деген сорты іште де, сыртта да өсе береді. Қалғаны үйде.
Barshvariya
Баринен де такырып
Erlan
хризантема егіп көремін сәті түскенде
a63a1
менде гүл өсіру деген әуестігім бар едтә,
madlen
Бальзамин өскенде суретін салшы
Gulistan
Мадленр, былтыр қолдан еккен бальзамин мынандапй болды, қасындағы пеларгония, ол да қоллдан егілген:
Zilola
on zhaktagy geran' emes pe? tiip ketsen iisi burk ete kalatyn
Gulistan
Ия, герань деп те аталады.
Armanjan
өләәәә, топырақтың өзін арнайы жерден алу керек па не, ауылда қыстағы малдың қиын огородқа лақтыра беруші едік, содан тыңайтқышы дайын топырақ шығатынды. Сол топырақтан алып ұра берем деп жүрсем. Әлде гүлге ол жарамайтын болғаны ма. негізі бальзаминнен бастап көрсем ба деп ойлап отырмын. (гүл өсірмек түгіл өмірімде гүлге су құйып та көрмеппін ғой )
Zilola
тыңайтқышы дайын топырақ
gul ote nazik osimdik, al myna tynaigan topyrakpen oltirip alasyn, kuratyp zhiberedi go birden
Erkekyz
Бұлар неше күнде өсіп шығады? Өсіп шыққан соң түбекке отырғызады ма?
Gulistan
Бұлардың басы шығып, жайлап көтеріліп келеді.
Бальзаминдер 1 аптада, пассифлора екі айда, глоксиния 20 күнде, аспарагус 2 апта шамасында өскін берулері керек.
Бір ыдыста бірнешеуден орналасқанмен, қалай басын көтеріп, өзі жапырақтарын өсіре бастағанда, пинцетпен бір-бірлеп, дәл сондай бөлек стакандарға отырғызамыз.
Erkekyz
Кешіріңізші, тағы сұрағым бар.
Сонда әлгі майда, жаңа өскіндерді, жапырақтарды бір-бірлеп бөлек стаканға ма? Әлде барлығын бір стаканға ма?(Мысалы делік, бальзамин 3 жапырақ берсе, үшеуін бөлек пе, әлде бірге ме дегенім ғо)Сосын неге бірден түбекке отырғызуға болмайды? Рахмет.
Gulistan
Райхан, түбек деп нені айтып отырғаныңды түсіне алмай отырмын. Кәдімгі горшок, әлде кашпо ма? Оған әлі ерте.
Тұқымнан жаңа өскін пайда болып, жапырақ жібере бастағанда, қалған көршілерінен бөліп алып, бөлек ыдысқа отырғызамыз. Әрі қарай өсуіне сай ыдысы да өзгеріп отырады.
Алда нәтижелерін жариялап отырғанда көрсетермін.
Gastarbaiter
Гүлдеріңді Бәленти тамырына егіп алған сияқты
KILYZAMAN
Жаза түс Гүлстан…
Zhanay
ия, қызық, қыз болсам да, ешуақыт гүлмен қызықпаппын. Ұят екен масқара… Гүл өсіруші кісілер мейірімді деуші еді, Гүлістан сәттілік сізге! сіздің жазбаларыңыздан кейін «гүл өсірсем бе екен» деп жүрмін. көретін.
Gulistan
Масқара болатындай ештеңесі жоқ. Әр адамның өз қалауы бар. Мен де осы күнге дейін Еркеқыздай шөбек тоқи алмаймын, соның үйренгім келеді.
AKY
Гүлдердің адам сөздеріне «ренжіп» қалатыны рас па? Үйдегі қыздың гүлі сола бастады, сосын ол себебін іздестіргенде, мен «сенің гүліңе күнде жаман сөз айтып жүрмін, содан шығар» деп әзілдеп едім, гүлден бұрын қызым жатып кеп ренжіді.
Gulistan
АКҮ, ана қызбен өзің бірдеңе етіп татуласып аларсың енді
Жалпы кей адамдар гүлге қатысты ырымдарға қатты әуес болады, «отбасын бұзады», «мужегон», «бақытсыздық әкеледі»… Ондайға сенбеу керек және солай деп ойлайтындардан аулақ болу керек шығар.
Дегенмен, әр гүлдің өз энергетикасы болады.Бірақ сен жаман сөйлегеннен солып қалды деу — ақылға симайтын нәрсе. Қазір өсімдіктерде қиын кез, қыстың қысқа күндері мен ұзақ түндерінде олардың тұтынатын әлдебір элементтері азайып қалған болар, не болмас суық тиеді, жарық жетіспейді, әрі кетсе су да құйылмай қалады.
Осы олқылықтардың орнын толтырған абзал.
AKY
Қайда барамыз енді, татуластық қой онсыз да Жай көп адамдардан естимін сондайды. Өткенде бухгалтериядағы қыз да бірдеңе дегенімде «гүлдерімді ренжітпе» деп
Zilola
gulderge klassikalyk auender tyndatsan zhyndy osedi
Gulistan
Астанадағы құрылтайдан келсем, жас өскіндер солып қапты
Күн аяқ асты жылып кетіп, ыдыстары құрғап кеткен. Бірақ партиясын жаңарттым.
Бірнеше адамға өсіріп берем деген сөзім бар еді, бұйыртса соған жұмыстанып жатырмын
alisha
Бірнеше адамға өсіріп берем деген сөзім бар еді

Gulistan
Маған келіп, қалағаныңды айт
satibaldi
Астанадағы құрылтайдан келсем, жас өскіндер солып қапты
-… Исалық іске не шара, Ленин өлгенде Ленинизм де өлді, Сталин қайтқанда, Сталинизмге е хуяк келді. Енді мінекей ортамыздан …” -дей бергенде, он үш жасар Михуйыл Тшқақашвили галстугін, тойыс шұлығын шайнап отырып:
— Онаний ата, Құдай үшін өлмеші!” – деп еңіреп етегін жасқа шылапты. © Gastarbaiter
sammita
Гүлістан, әр стаканға неше тұқымнан салған @а63а1?
тағы қандай гүл тұқымын алып өсіруге болады үйде?
Gulistan
Тұққымдарды қыста отырғызған жақсы негізі, қатты ыстық жоқ, жарық өлшеулі. Қазір ауа құрғақ, өсіп кетуіне қиындау.
Дегенмен нартәуекел деп отырсаң, мынандай болады. Бір ыдысқа 5-6дан отырғызуға болады. Көп болса бытысып кетеді.
Кейбір тұқымдар кішкентай болғандықтан, топыраққа көмбей, бетіне себе салсаң да болады.
тұқымды сеуіп болған соң пуливизатормен су шашасың ақырындап, сосын бетін жауып қою керек парник жасап.
Күнде кешке 15 минутқа ашып тұрасың.
Құрғады ау дегенде су шашып жүресің.

Гүл толықтай өсіп кетпейінше тыңайтқыш керек емес.
asaubota
гүлдерді неше күнде суарып тұру керек? және біраз уақыт үйде болмайтын болсаң автоматты түрде суарудың әдістері бар ма? мысалы қасына ыдыс қойып, трубкамен ба бірдемемен жалғап қоюға бола ма екен?
Gulistan
Үйде гүлдер бар ма еді?
Қысқа қарағанда жазда гүлдер күтімді көбірек қажет етеді.
«Суарсаң өсе береді» деген қате түсінік, гүлдерге де қорек керек, ауырады, сырқайды.
Егер жас өскін болып, жапырақтары көбейсін десең, аптасына бір рет аз концентрациялы азоты мол тыңайтқышпен суару керек. Егер жапырағы мықты, бірақ гүлдемей тұрса, фосфор мен калийі көптеу тыңайтқышты қосасың.Оның шамасын байқау үшін сыртқы қораптарын тексеру керек, мысалы мынандай:

Бұл жалпылама шолу. Ал сенің сұрағыңа келер болсақ, көп гүлдерді күнде суарады, себебі ыстық, ауа құрғақ, тез құрғап кетеді. кейбіреуін, тіпті күніне екі рет суарып тұру керек болады.
Егер біраз уақыт үйде болмасаң, гүлдерді орташа су құйылған тазикке салып кет, шамамен 10 күнге дейін еш уайымдамауыңа болады. Бірақ гүл ыдыстарының түбі дренажды және тесік екеніне көз жеткізгенің абзал.
Сен айтып тұрған трубкамен жалғауды естігемен, жасап көрмеппін. Азап қой, таста Тазик аман болсын
asaubota
рахмет, сөйтермін кетерде.
mumtaz
Гераньның адам үшін ерекшеліктерімен қасиеттері туралы айтып берсеңіз
bizbike
фикустың тамыры қанша уақытта шығады?