Өзіңіз жайлы қызықты ақпарат

Осы сайттағылардың бір-бірін жақсы біліп кетулеріне түрлі эстафеталар, сауалнамалар жүргізілді. Дегенмен, қызықты бір ақпараттар болады ғой.Мысалы, мені кішкене кезімде атамның жалғыз інісі асырап алмақ болған екен. Жеме-жемге келгенде не кедергі болғанын білмеймін. Егер, ол кісі асырап алғанда мен орысша өсер едім.Себебі, Қарағанды түбіндегі орыстары көп поселкіде тұрады. Мүмкін, бір-екі рет темір торға да түсіп келер ме едім.Ол жақта жастар қылмысы көп, және поселкіні ашқан кезде кілең түрмеден шыққандарды әкелген екен.
Қазіргі таңда қазақтар саны көбейіп қалғандай екен. Ал, сіздер немен бөлісесіздер?
Бөлісу:

84 пікір

Nurgisa
Менің атымды Алпамыс деп қоймақ болған екен
Daniar-Alan
Ақпантоқпантұрарқожа демегеніне құдайға шүкір десенізші...
Nurgisa
 Құдай өзі сақтаған ғой.
Негізі, адамның өсе келе бет-әлпеті өз атына ұқсайтын боп кете ме, сондай бір тылсым күші бар ғой. Мысалы, Айсұлтанды Владислав деп атаса, бет пішініне онша келіңкіремейтін сияқты…
Abilakim
қызыл қыртсың ғой))))
Daniar-Alan
қызық… Данияр не мағына береді екен???
Daniar-Alan
білетін жан бар ма??
Nurgisa
Орысша тәпсірлемесін таптым тек:

Значение имени Данияр
Имя Данияр означает обладатель знаний, ученый, умный. В переводе с тюркского — «Дар солнца»

Происхождение имени Данияр
Имя Данияр имеет персидское происхождение, также имеется версия о тюркском происходжении имени Данияр.

Характеристика имени Данияр
Данияры как правило обладают большим интеллектом, всегда стремятся к получению новых знаний. Добры и отзывчивы, уважают старших. Ценят свободу и независимоть. Любят путешествовать. Добросовестно относятся к выбранному делу.
Daniar-Alan
ооо рахмет… әйтпесе ешкім білмид. әке-шешем де. сұрайм: неге қойдыңдар деп? білмиміз дид… қызық дим да сонда былтыр туғанда «мода қуып» Саммитбек деп қоя салатын бедындер десем күлед…
Daniar-Alan
… ақылды, білімді екенім рас енді..
Nurgisa
Атыңа затың сай боп өс, үлкен азамат бол, Данияр!
19852407
Інімнің есімі — Данияр.
Құранда бар, мағынасы "Өзгеше бір жан" дегенді білдіреді.

Ал, Нұрғисаның бұл ат туралы тапқан анықтамасы Дәкенің затына тура келеді екен шыныменде.

Обладатель знаний, ученый, умный. Данияры как правило обладают большим интеллектом, всегда стремятся к получению новых знаний. Добры и отзывчивы, уважают старших. Ценят свободу и независимоть. Любят путешествовать. Добросовестно относятся к выбранному делу.
19852407
Шын мәнісінде, менің азан шақырып, көнекөз шалдар құлағыма үш рет айқайлап тұрып қойылған есімім — Эльонора
Әйәй әпкем көрген киносындағы қыз кейіпкерге, әлде оқыған кітабындағы Эльонора атты персонажға ғашық боп, қоямыз да қоямызға алған екен. Сөйтсе, бұлар үйде той жасап жатқанда, командировкада жүрген әкем алыс сапардан келе жатып, тікелей селсоветтің кеңсесіне тартып отырыпты да, «ГҮЛФАЙРУС» деп жаздырып алыпты қалтасында жүрген дәкүментіме. Уот, есімімнің сыры солай
Abilakim
Эльонора апай, сіз тілмен жұмыс істейсіз бе?
19852407
Не дисің осы, сен шал?!
Abilakim
Эльонора апай, далаға шығып келейінші.
Шымкенттік бір КВН командасы бар еді.Жақсы-жақсы қойылымдары бар болатын сол қойылымдарының біріндегі кейіпкердің есімі солай аталады.
Delhi
Менің осы күнге дейін әкемнің айтатын аты, күлмеңдер тек «Шибок құттай, Шибінұр құттай» дит  әлі күнге дейін солай, кейде үйге осыны есту үшін барам  
Daniar-Alan
 кіші қызы болдыңыз ғой…
Delhi
артымда да, алдымда да жетерлік, бауырларымды айтам
Abilakim
Шибұт деп еркелетіндерді де көргенбіз, сондай бір себептері бар ма?
Delhi
Шибұт емес   Шибок, Атам бар кезінде мені Бибок дегенго, содан айналып келгенде Шибок боппын.
Marco
кейде үйге осыны есту үшін барам
Сатыбалдының «ЖладЪм» дейтіні бар емес пе, сондай болып отырмын!)))
19852407
  Қандай бақыттысың а, күштіі ғой

Негізі қыз балдар әкесіне жақын келеді
Өзім солаймын, қатты жақсы көрем әкемді
satibaldi
Екі тігіс жасалд. Велосипедтен құладым.
Abilakim
«Балдырған» ба?
FaraOn1
Мүмкін «пионер» шығар. кесірін ұзын балақтан көрген шығарсың. Педалға оратыла беретін)))
19852407
Көршінің Дигін асырап, ас құйдым, ол білегімді қан етті

Үш тігіс жасалды. Ит қапты
saken
Велосипедтен құладым.
бұрынғы жұмыста бір жігіт болды. Велосипедті көтеріп теплотрассаның құбырының үстінен өтіп бара жатқанда бірге құлаған ғой. Рульі ішіне кіріп кеткен ((( опшым айтқан кезінде ужыссс. Бірақ аман қалған. Талағын алып тастаған ба, сондай бірдеңе…
Abilakim
Біздің бір жездеміз (баяғыда) тұңғышы дүниеге келгенде қуанғаны сонша, көзінен жас ағып үйіне қарай велосипедпен зуылдатып келе жатқан ғой.Кім кінәлі екенін біле алмадым,әйтеуір Камазға қағылыпты великпен.Камаздағылар аман екен дейді.Жездемізді вертолетпен облысқа алып кетіпті.Содан астыңғы және үстіңгі тістерінің бәрі протез, бет аузы мылжа мылжа болып қалған екен.
Janasil
Велосипед демекші, ауылда бір жігіт келіншегін мінгізіп алып келе жатып біздің үйдің тұсындағы арыққа құлап кетіпті. Оны көрген сол маңдағы адамдар жүгіріп барса. Әлгі жігіт орнынан тұрып, «Кабинкада әйелім бар, шығарыңдарш» деген екен.
Abilakim
өзгелер жайлы ақпараттарға көшіп кетіппіз)))
Daniar-Alan
...қызды. оттаанн...!!!
saken
нағашымның балалары шетіней беріпті. Содан мені соларға бермекші болыпты. Бірақ сондай бала беріп аузы күйген әжем бергізбей қойыпты.
Әйтпесе қазір күрішші ма, әлде комбайншы ма болып жүретін едім. ))
Delhi
мен 5 жасымда тоқитын сымды көмейіме тығып алыппын, ол сым соңғы азу тістін қасынан өтіп, сырт жағынан бір шығыпты. Тесік орны бар әлі.
Delhi
аузыма су толтырып алып, сол тесіктен су шашатын болыппын. Үйдегілер солай айтқанға шыныменде солай жасаған шығармын деп ойлап жүргем. Кейін білдім ғо, бітеліп қалатынын.
Nurgisa
Эхх, тесік деген жақсы емес…
FaraOn1
кімге жақсы емес, кімге жақсы)))
Armanjan
Тесік орны бар әлі.
ауа өтіп тұр ма сонда?
Delhi
 я, рахат сонымен демала беремін
Черніжан-ау, айтасың ау сенде, терісінде сәл пәл ізі қалған ғой.
Nurgisa
Бәсе, әйтпесе акула сияқты бір нәрсе елестетуге болады екен…
Daniar-Alan
аузың жаурамайд зато десеңізші. Алдардың шапаны сияқты…
Nurgisa
 Сөзді тауып айтады екенсің. Нақты, в тему. Керекинфо рухы жасасын! «Сегіз едік, тоғызыншысы сен бол»…
Daniar-Alan
ер Төстік болып па??
Abilakim
Біздің жақта бір шал кісінің ұрты іріңдеп, кейін дәу болып тесіліп қалды.Қонақтарда жағының тесігіне мақта тығып отыратын.Үлкендер«жасында ұры болып еді,ұрлық тесті ұртын» деп отыратын, біз баламыз ғой, шәй ішкенде ағып кетер ме екен деп қызықтап қарайтынбыз
19852407
типі кондиционер ме?
FaraOn1
Атан-анамның ауызынан.
Менің сәби кезімде әлі есі кіре қоймаған екінші ағам кукла деп ойлайды екен. Мамама үнемі бесікте жатқан мені нұсқап: «Ана кукланы әпер» деп жыласа керек. Әпермесе сындырып тастаймын деп те қоқан-лоқы жасаған))
Бір күні сол екінші ағам мен доңғалағы бар бесікте жатқан кезде пешті жарып жіберіпті(қалай екенін білмеймін). Үйдің іші қара түтін болып кеткен дит. Ағам қашып кеткен. Әкем әйтеуір героизм жасап, мені іздеп жүріп, аман-есен алып шыққан екен.Өйтпеген жағдайда аспандағы вертуал әлемде жүрер едім)))
Gulistan
Мен әжемнің көптен күткен немесересі болдым. Абысындарының балалары да, немерелері де әлдеқашан есейіп кеткен, кемпірлерден менің әжем ғана немере қызығын кеш көрген. Содан бәрі мені қызықтап, әр кемпір үйлеріне сүйреп жүргені. Ананы айтқызады, мынаны айтқызады, билетеді, сөйлетеді, күлкіге қарқ қысқасы.
кеш облғанда әжем ұрсып, мені кері алып кетеді екен. Солай жүргенде Алматыда тұратын, тұрмысқа шықпаған апайым «Жәке, осы қызды маған бер» деп қолқа саса керек, кемпір шалқасынан түсіпті Ь Бермеді, әрине. Кейін ойлаймын, мені беріп жібергенде, Алматыда оқығанда ғой деп. Ақыры сол Алматыны мектеп бітіргеннен кейін бір-ақ көрдім.
Nurgisa
Бар ғой сондай жағдайлар. Жақын туысына беру… Кейін, бірақ, өсе келе өзінің биологиялық әке-шешесіне "Әке", «Шеше» деп айтса, «асырап алғандар» ренжиді. Бірақ, бала да, бір түрлі, "Әке", «Шеше» деуге тартына ма, сондай ғой… Ағасы, әпкесі боп кетіп… Негізі, бір түрлі сияқты осы.
19852407
Кейін ойлаймын, мені беріп жібергенде, Алматыда оқығанда ғой деп
Мен де тура осылай өкінуші ем, Гулстан, пікіріңді оқып, бір күліп алдым риясыз

Мені Өскеменде тұратын анамның үлкен жеңгесі сұрапты (шешемнің сол кезде бермегені қандай жақсы болған). Қазір, Әбіләкім айтпақшы, затым орыс болып жүруші едім  Өздерінде жалғыз ұл. Қанат атты нағашы ағам бар. Қазақшасы «Кал калай, Гулямен?» бітеді

Ес білген соң, шешемнің «сөйтіп сұраған» деп айтып отырғанын көріп, «Туф, неге беріп жібермедіңдер?! Қазір Өскеменде тұрушы ем!» деп кәдімгідей бірталайға дейін тулағаным бар. Айда-жылда бір келгенде, өздері де, келген жақтары да экзотика боп көрінетін болуы керек.  
Мектеп бітірген ал оқи ғой деп жіберді үйдегілер. Вощым, Өскеменнің орысы да, орысыский менталитеті де түк ұнамады. Ищо Алматыға оқуға түсіп кеттік жарылқап
salta
менің атымды Алматыдан келген «Шалқыма» ансамблінің өкілдері қойып кетіпті. Гастрольге келген тәтем коолективін үйге шақырғанда, мамамның толғағы келіп, больницаға аттанған. Содан, қазағы,ұйғыры,өзбегі, орысы қосылып, біздің келгеніміз естеріңізге қалсын деп, сүйікті әншілері Разиеваның есімін қойып кетіпті. Атым ұнайды, бірақ қазақтікі емес… ұйғырдікі…
Nurgisa
Әйтеуір Қажымқановна емес шығарсың
salta
нанымен бөлісіп жатса, бола салармын… ол да жүр ғой наны үшін қазақ болып…
Nurgisa
Нан үшін кім не істемей жатыр десейші… Еее, қу дүния-ай…
Gulistan
Расымен, таныстырғанда неге "қазақ" деді екен?
Nurgisa
Иә, шынымен Салта, неге қазақ? "Ұйғырдікі" деп өзің айтып отырсың, мысалы…
Daniar-Alan
менің де нағашымды (86-жылғы) Ақжол Мейірбеков қойған. Ақжол деп. Ал мама жақтың фамилиясы онсыз да Мейірбековтар. Сомен нағашым жүр — Аөжол Мейірбеков боп… бірақ өлең айтпайд..
balenti
бірде мектеп кезіңде «стрелл»ға бардық, ну енді мега стрелл болды… біздін жақтан 120 школота (үлкендерде бар вечерний бітіргендер)))) содан, менттар келіп куды, айда қаштық, @sabalak бар, екеуміз класстаспыз, суйтіп бір бала бірдемеге сүрініп құлады, ол Сабалақтын (Руслан) көршісі, құлаған бала құлады ғой деп жүгіріп келем, сүйтсем алдымда жүгіріп келе жатқан Сабалақ (Руслан) артқа тартылып көтеріп жүгіріп келе жатыр, бір байқасам тұрс тұрс тұрс деген адамның тапырақтаған дауысы естіледі, басымды көтеріп қарасам Әлгі Сабалақ (Руслан) желкесіне көлденең жатырған Пушкин (Данияр) маған авгонға шығып кетті… щщс… жәмәннан күлдім)))) Пақомда болды осы стреллдаааа…
Zilola
Мамамнын маган аягы ауыр кезiнде бiлгiштер ул болады дептi. Бойжеткенге дейiн апкелерiм сен ул болганда Максат болатын едiн, Максат деп мазактайтын )
Abilakim
Сізге жарасар еді жігіт болған және ұл болған.
Егер Сіз жігіт болғанда мына жақтағы қыздарды бесит ететіннің нағыз өзі болар ма ең)))
Zilola
неге?
Abilakim
ойыңды еркін айтатын қызсың ғой.Еркек болсаң өзгеріп кете қоймассың
Zilola
еркек болсам мерзавец  болар едiм деп ойлаймын
Daniar-Alan
ухх менің жолдас балам сияқты айттыңыз ғо. ол да айтад әйел босам жезөкше болар ем деп
AKY
Маған аяғы ауыр болғанда егіз болады деп, дәрігерлер ерте жатқызып қойыпты больниске. Қуанышқа орай, егіз емес екем.
19852407
Қуанышқа орай, егіз емес екем.
 Неге, АКУ?!!!? Жақсы болушы еді ғой, қыз сыңарын болса, охх, былай сенімен алмасып, сабақ беріп қайтіп… «басын айналған» күндері...
19852407
Бұйырмаған сіңліні аңсағанда  ...«Раушангүл Тәйпуллина… бері кел!...» дейтінім бар
satibaldi
Кешіріңіз, осы Сіз KILYZAMAN -мен ішіп жүрген жоқсыз ба?
Albasty
қызық оқиға есіме түсіп отыр. Осыдан бес жыл бұрын ба, әлде алты жыл бұрын ба, бір көрші ата мен әже Астанаға көшті. Шамасы Гете көшесінде тұрса керек. Одан бір екі жылдан кейін орталық көшелердің бірінен, шамасы Республика даңғылында ма, білмейм әйтеуір, сонда көшіпті. Содан бері сол жерде бақыты жолықты ма, итқырғын немере, шұбырған шөбере сүйсе керек. Содан не керек, үлкен кісілер аман болсын!
patick
Мен дүниеге келгенде үш күн тоқтамай жаңбыр жауыпты. Атыраудың сол кездегі асфальтсыз көшесінде әкем жаяу тізеден батпақ кешіп алып келіпті. Қайтсін енді, машиналар жүре алмайды андай ми батпақта.
a63a1
Жұрттың сөзіне сенсек, мен туғанда қазақ саны 1 еркекке көбейіпті дит
madlen
Лениннің туған күніне орай жасалынатын субботниктердің ең соңғысында дүниеге келіппін.
Gastarbaiter
Септиктің қасында асық егейтінбіз алчи-табаннан таймайтын «сточка»-«точарка» жасау үшін. Егеп отырып, ашық тұрған люкқа құлап түскем, жүзу білмеймін, позор өлімнен қасымда тұрған үлкендеу балалар құтқарып қалды.
TERISKEY
… ал, мен… Алдымдағы ағам туылғанда әкем "ұлды болдым, ұлды болдым" деп өлгенше қуаныпты да, мен туылғанда тіпті бәлніске де келмепТ.