Тағайындау

Сайт басшысының өкімімен Сатыбалды Багратионұлы Кербабаев КерекИнфо сайтының Модерация қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Сатыбалды Багратионұлы Кербабаев aka satibaldi — еңбек жолын қайда бастағаны белгісіз, бірақ интернетте белсенділігімен танымал. Солай.де, Жастар, Кездесу сайттарында еңбек етті. Дәруішөлген сайтының админі де болды.

Админмен тең құқыққа ие болып, бұдан кейін сайт контентіне және пікір модерациясына жауап беретін болады.
Бөлісу:

93 пікір

asaubota
satibaldi алдымен осы сайттың Ережесін жазып шығады. содан кейін қатаң модерация басталады.
rauka
«Бой без правиладан» құтылатын болыппыз! Жақсы бастама!
konvict
очм, бұдан кейін мыняқа кіруге желание болмайды десеңдерші.

еркіндікке не жетсін
asaubota
қайта қоқыс азаяды
a63a1
ия ішіп жедік бір жыл бойы, қоқыс тазалайтын уақыт жеттіғой.
edige
жақсы тағайындау
Aizhantabyn
agasy, kutty bolsyn! Akim boldynyz endi ))))
Albasty
опыты мықты екен
muro
жақсы идеалар болатын шығар, жегізіп тойғыздық тарқататын кез келді ау деймін
meirzhan
Ол кісінің өзінің кейбір пікірлерін модерациялау керек қой  
Енді пікірлері мен посттары өзгеретін шығар. Бұрынғы лапылдаған өртті көре алады ма екенбіз? Әлде салқындалықпен өшіріп отырар ма екен? Кім білген…
MickThatsMyNick
Құтты болсын тағайындауларың,
Сәтті болсын ойларың,
Баршамыз да бақытты,
Баршамыз да…
aza
Әр тағайындаудан бір өзгеріс күтіп керегі шамалы. Қалай келе жатырмыз, әрі қарай да солай кетеміз… Саты Валда, халқыңа керек модер бол!
sabalak
 ал құтты болсын Сатеке!
Adiletshu
Онсыз да ішіп жүрген запойға кетеді десейш
dark_nazgul
Абсолют монархия енді орнайды десеңші…
VKM
бұл кісі хоть жақсыны жақсы, жаманды жаман дейді ғой)))Асыра сілтеп кететіні бар енді
dark_nazgul
Король умер, да здравствует король! ©
VKM
Король умер????
janarbek
Енді Жаңа парламент, жаңа әкімдер дегендей… Кереккеде жаңа басшы кеп жатыр екен, Жаңа басшы Нұрлы… кешіріңздер ауыз ұйреніп қалған))) Жаңа басшы Sati… босын да..
VKM
Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығарып десе Сатыпалды
meirzhan
Джамахирия орнау қаупі бар сияқты…  Не де болса сақ болайық. Азаматтық қарсы тұру дегендей  Фэйсбук бар әйтеуір.
Қилызаман да көрінбей кетті. Күдік, күдік…
janarbek
ұйреніп қалған нұрды сәтке ауыстырғанмыз жөн шығарСебебі қуғын сүргінен аман қалу пайызы жоғары
araika
Банға отправить ететін де осы кісі бола ма? Әлде зынданға жіберіп, шыға алмай қаламыз ба? Ойлар… Сұрақтар…
meirzhan
иә, осы кісінің фантазиясына байланысты…
Janasil
Қарсылық қабылданбайтын секілді. Әдеттегі жағдай. Не болса да көнеміз енді.
blackbeard
Құтты болғай
satibaldi
Ом манэ падме хуум…
blackbeard

Мантраны тәжуид бойынша оқуыңызды сұраймын
saken
Модерация қызметі
Сатекеңе қызметінің басшысы ғана болған аздық ететіндей. Мүмкін басқармасы, болмаса тіпті департаментінің бастығы қылып тағайындаса дұрысырақ болар еді.
)
Zilola
Баска баска, мырзамнын канатынын астында болган жаксы, барынша флудтамауга соз беремiн
Daniar-Alan
дааавввно пора.… бірақ…
serjan
Қолпаштаулар қалай әсер етіп жатыр, Сатыбалды.
monti
сат, құтты босын жұмсыңыз!!! шығармашылық табыс тілеймін!!!
бірақ мені аяр демеңіз енд
Maya
Сатеке, құтты болсын! Тасыңыз өрге домаласын...
Jacqabaies_Chirac
Тасыңыз өрге домаласын
Maya
 Несі күлкілі?
satibaldi
Жақсы тілек айтып келе жатып, қарғайтыныңызға күлдік те
Maya
«Тасыңыз өрге домаласын...» — деген қарғыс емес қой, Саке
Ойнамаймын сізбен
Abilakim
«Жігіттің домаласа өрге тасы
Самалеттен озады машинасы»-дегенді кім айтып еді кезінде?
Maya
Әбеке, отқа май құймай отыршы...
Abilakim
май емес, Сырбай Мәуленов па біреу кезінде айтыпты осы жолдарды. «Деген екен...» деген кітап болушы еді
Armanjan
Ғафу Қайырбеков айтқан екен.
satibaldi
Қойдым. кшіріңіз, артық кетсем! (қарғыс атқан админдік, мұны да айтқызды-ау).
Delhi
 күлмеске шара қалмады
Maya
«Проклятый популярность» демегеніңізге шүкір.
Nurgisa
қарғыс атқан админдік
Аршаттан цитата ма?
Abilakim
күлуге де қорқатын болдық қой
satibaldi
Тағы кім ноутбугынен айрылып қалды екен деп зәре қалмайтын болды шынымен…
Abilakim
Қорқынышты оқиғалар тек түсте ғана болмайды екен…
asaubota
алдағы уақытта модераторлар да тағайындалуы мүмкін. бұл мәселені осы демалыста 2-ші админ екеуіміз пибілетіп отырып шешеміз.
Aizhantabyn
че, ағам Астанаға келген ба? Әлде, скайп арқылы «типо» пибілетесіздер ме?)))
asaubota
Саламатсыз ба? ЖЖдан кейін келді ғой, февральға дейін осында.
Aizhantabyn
abaldet! Daje daje namek tastamaidy goi  Jumadagy kezdesuge kelsin dep jatyr dep aita salynyzwy DDDD Ozi bolmasa, warfigin berip jibersin  Kieli Satybaldynyn warfigi boldy dep fotoot4et jazamyn DDD
TOTY
Сатекеңнің тағы ұзағынан сүйіндірсін!
19852407
Сатыбалдының — звезда эфира!
Gastarbaiter
Модерация Сатыбалдының иммиджін құртпаса болды.
Оны жарияламай айтқанда болар ма еді, енді Сатыбалды рахаттанып пікірін де айта алмайды,
Біреуге сын айтса болды: «Модератор болсаң бопсың!»
«Модератор болғаныңа құтырып отырсың ба, біздің де күйеу бала пракаратурада стид.

»Менің минусым көбейіп кетті, Сатыбалдымен ұрсып қап ем өткенде, содан шығар нақ, өмірде әділет жоқ" деушілер пайда болады.

Психология кітаптарына емес, өзімнің жеке тәжірибеммен, маңдай ісігімен жеткен пікірім:
Халық көзайымы модератор болмауы керек, халық көайымы өзі де арқасы қозғанда ереже бұзып тұра алатын болуы керек, онсыз қызық емес.
Albasty
қызғаныш емес пе?
Gastarbaiter
Қызғаныш бұрыннан бар ғой менде, бірақ оның модераторлығына емес, өнеріне ғашық адамдардың бірімін.
meirzhan
Иммиджен бұрын бостандыққа шектеу қояды ғой. Екінші аккаунт ашып, босап отырмаса
Adiletshu
Кім модератор болатынын сайлау өткізіп, дауыс берейік
meirzhan
Мұның енді АҚШ-тағы Шерифті таңдау сияқты екен. Бізге әзірше тек тағайындау жүйесі ғана жарайды.
satvaldo
базар жоқ, бейтарап адам келді…
meirzhan
Түркияның геополитикасынан осыған аналогиялық жағдайларды есе түсірсең.
satvaldo
аналогиясы жоқ. ментальді айырмашылық басымырақ…
izbasar
Сати саттілік тілеймін билік етуде халықтың мұң мұқтажын ескергейсің!
satibaldi
Лібә, көзіме жас үйірілді тіптен. Жарасың нақ сен.
KILYZAMAN
Табиғат жанашыры — Мелс, кірпіге байқамай отыра қалса не болар еді а?
satibaldi
Жақында қойыртпақтарыңды қарапайым өлімділер үшін аудармамен салуға мәжбүрлеймін.
KILYZAMAN
Кірпіге жаның ашиды деген ойдан аулақпын...
satibaldi
Кірпіге жаның ашиды деген ойдан аулақпын...
Абайдың қабірінде өскен итжуа жеп өскен болсаң да айтшы: бұл не деген сонда?
KILYZAMAN
Ол үшін, кірпі ізде
satibaldi
Сені тек медициналық мақсатта ұстап жүргенімді ақ түскен тасың неге сезбейді?
KILYZAMAN
Эфтаназаиялануға жарамйтынымды білмеушіме едің?
satibaldi
Ahi айтқан мұсылмандармен келісім-шарты жоқ кәпірлерден боламысың?
KILYZAMAN
Міне қойыртпақтың нақ өзі!
satibaldi
«Жалпы алғанда, менің ойымша, жануарлардың өз әлемі бар. Олар да адамдар сияқты ғашық болады, ызаланады, төбелеседі, тату-тәтті өмір сүреді және т.б. Біз жай ғана олардың сөздерін түсінбейміз.» © Zere

Шалл, сені енді түсіндім
MrQ
Ресейдің үлгісі бойынша? аюдың орнына асқабақ болды