Бедров - қазақ МАИінің абыройы, намысы һәм асқақ шыңы
Төлеу Бедров – Батыс Қазақстан облыстық (Орал) жол полициясының бастығы боп келді. Күні кешеге дейін… Интернетке мына бір видео жүктелгенге дейін:
«Мәселенің» ақ-қарасы анықталуына кедергі келтірмесін деді ме екен, тексеруші орган Бедровты тексеріс өткізу мерзімі аралығында жұмысынан аластатқан болатын. Бүгін ресми түрде шенінен айрылды Бедров мырза.
Жалпы, жол полициясы туралы көбіне мақтау ести қою қиын. Мажоритарлы көптің ойы соған ойысса, онымен келіспей тағы болмайды. Бір қызығы, Бедровтың «планерка» үстінде жайып салғандары тек Оралдағы ушыққан жағдай емес, елдегі көптеген қалаларымызда жолдағы көлік қатынасы мен жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруындағы жүйелік олқылықтарға қатысы бар ма дерсің.
«Сендер екіаяқты кассалық аппарат сияқтысыңдар. Сендер толтырған қайсыбір хаттаманы алма, оқи отырып «кеңкілдемеске» шара жоқ: сауаттылық былай тұрсын, түк жоқ қой, түк. «Тиын істеу» бойынша әлемдік жарыс өткізейікші, алдарыңа жан салмайсыңдар. Қай жерден екі мың сындыруға болады екен деп аңдумен отырудан басқаны білмейсіңдер».
Жалпы, ютубтағы аудионы толықтай тыңдай отырып, «иә, иә, шынымен солай ғой, молодец Бедров, тарттыр сазайын» дегің келеді екен. Әрине, жол-көлік жүйесінде тәртіпті қамтамасыз ету ведомствосында өз ісіне берік мамандар бар ғой. Бірақ, Бедровша қайырсақ, «Финиктер адам құрлы көрмей, ұршықша иіруі» абырой емес. Құқық қорғау органдары арасындағы өзара «симпатиялар» бір бөлек әңгіме ғой, әрине. Бір жағынан дұрыс та ма дерсің: өзара баскөз боп отырғанынан «қиянат» бола қоймас. Тек, кейде әшкерелеймін деп жүріп, қатты кетіп қалатыны болмаса…
Айтып айтпай не керек, Бедров тек боқтық айтқаны үшін құрбандыққа шалынғалы жатыр. Бірақ, жұмыстан алынуына себепші болған аудиожазбадағы фактілер бойынша прокурорлық тексеріс бола ма, жоқ па, ол әзірге беймағлұм. Тек, Бедровтан обал болды…

«Вы же как ходячие кассовые аппараты. Любой протокол возьми, который вы заполняли, на него без слез не взглянешь: ни грамотности, вообще ничего нет. Вот если конкурс объявить по всему земному шару — «Как бабки отжимать» — вы первыми будете. Вы только сидите и ждете, где вам две тысячи тенге перепадет».
«Сендер екіаяқты кассалық аппарат сияқтысыңдар. Сендер толтырған қайсыбір хаттаманы алма, оқи отырып «кеңкілдемеске» шара жоқ: сауаттылық былай тұрсын, түк жоқ қой, түк. «Тиын істеу» бойынша әлемдік жарыс өткізейікші, алдарыңа жан салмайсыңдар. Қай жерден екі мың сындыруға болады екен деп аңдумен отырудан басқаны білмейсіңдер».
Жалпы, ютубтағы аудионы толықтай тыңдай отырып, «иә, иә, шынымен солай ғой, молодец Бедров, тарттыр сазайын» дегің келеді екен. Әрине, жол-көлік жүйесінде тәртіпті қамтамасыз ету ведомствосында өз ісіне берік мамандар бар ғой. Бірақ, Бедровша қайырсақ, «Финиктер адам құрлы көрмей, ұршықша иіруі» абырой емес. Құқық қорғау органдары арасындағы өзара «симпатиялар» бір бөлек әңгіме ғой, әрине. Бір жағынан дұрыс та ма дерсің: өзара баскөз боп отырғанынан «қиянат» бола қоймас. Тек, кейде әшкерелеймін деп жүріп, қатты кетіп қалатыны болмаса…
Айтып айтпай не керек, Бедров тек боқтық айтқаны үшін құрбандыққа шалынғалы жатыр. Бірақ, жұмыстан алынуына себепші болған аудиожазбадағы фактілер бойынша прокурорлық тексеріс бола ма, жоқ па, ол әзірге беймағлұм. Тек, Бедровтан обал болды…
Бiзде озiне-озi кол салу, журек аурулары мен жол-колiк окигалары шыгар табиги осiмдi тежеп турган. Жауапты кузырлы органдардын тiкелей жауапкершiлiгiн толык колемде орындай алмай жаткандыгынын корiнiсi емес пе екен деймiн. Бедров та осыны айтып оттi карамагындагыларды татiпке салу барысында.
Өзiне бағынысты қызметкерлерi болатын мемлекеттiк қызметшiлер, бағынысты қызметкерлерiне қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекілік фактiлерiне, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiтуге, жөнсiздiкке жол бермеуге тиiс