Көруге ұсынамын: Екі әскери драма
Алдағы аптада, яғни 26-қаңтар күні Стивен Спилбергтің "War Horse" (Боевой конь) драмасы прокатқа шығады деп жоспарланған. Өзім көрдім. Басты «рөлдегі» жылқының образына тәнті болдым. Кейін білдім — жылқының көп әрекеттері компьютерлік графикамен жасалған екен. Яғни ағаш тұлыпты компьютерде «тірілтіп», небір қылықтар жасатып жан бітірген. Өкініп қалдым. Бірақ фильмнен компьютерлік графиканың араласқанын байқамайсың. Бәрі шынайы және әсерлі.
Жанры: драма
Елі, жылы: АҚШ, 2011
Режиссер: Стивен Спилберг
Рөлдерде: Эмили Уотсон, Дэвид Тьюлис, Питер Муллан, Нильс Ареструп, Джереми Ирвин, Бенедикт Камбербэтч
Қазақстандағы премьерасы: 26 қаңтар, 2012
Тағы бір соғыс драмасы «The Flowers of War» (Цветы войны) деп аталады.
Фильм болған оқиғаға негізделген. Оқиға жапон-қытай соғысында орын алады. Джон (Кристиан Бэйл) есімді американдық қабірші Қытайдың Нанкина қаласына әулие әкейді жерлеуге қатысу үшін келеді. Шіркеуде студент қыздардан басқа ересек адамдардан ешкім болмай шығады. Оның үстіне соғыстан қашып шыққан көршілес бордельдің жезөкшелері осы шіркеуге келіп тығылады. Ол өзін әулие әкеймін деп атап, оларды қатігез жапондықтардың қолынан аман алып қалуға тырысады…
Жапондықтар қаланы басып алғандарын тойлау үшін үлкен мереке ұйымдастырмақ болады. Шіркеудің қыздарын ән салуға келсін деп бұйырады. Бірақ жапондардың ойлары басқа еді: он үш жасар қыздарды олар көңіл көтермекке алдыртпақ еді. Шіркеудің жертөлесінде жасырынып жатқан жезөкшелер үлкен ерлікке барады: олар кішкентай қыздардардың киімдерін киініп, соларша түрлерін өзгертіп, өздерін құрбан етеді…
Қателеспесем, бұл фильмді Қытай «Оскарға» ұсынды.
Елі, жылы: Гонконг, Қытай, 2011
Жанры: тарихи, драма
Режиссер: Чжан Имоу
Сценариін жазған: Лю Хэн
Рөлдерде: Кристиан Бэйл, Пол Шнайдер, Шигео Кобаяши, Ацуро Ватабэ, Сюэ Бай, Такаши Яманака, Тун Давэй, т.б.
Әлемдік премьерасы: 16 желтоқсан, 2011
P.S. Бұл фильмдер отандық прокатқа әлі шығып үлгермеді. Бірақ Интернеттен онлайн көру мүмкіндігі бар екенін құлақтарыңа сыбырлап тұрып айтамын
6 пікір