Жүрек қанша болса, махаббат туралы пікір де сонша

Шыны керек, махаббат жайлы посттарды оқу мені жалықтырып жібереді. Ммм… «ол мені сүймейді», «мен оны мәңгілік сүйемін» секілді бітпейтін толғаулар басталды деймін ішімнен. Қатыгездік? Мүмкін. Бірақ мен ондай сөздерді әкем қалжыңдап айтпақшы «жүрген кезде бір, үйленер кезде бір» айтқанды қалар едім. Сол себепті бұл жазба да махаббат жайлы алғашқы әрі соңғы жазба болсын деп ойлаймын.

Жиырма жылғы тәжірибем бойынша және де өзімнің «бақылаушы» табиғатымның нәтижесі қазірде менің алдыма «махаббат» ұғымын «сыйластық» ұғымымен тығыз байланыстырып отыр.

Оқушы кездегі тізбек бойынша бүкіл сыныпқа таралатын анкеталар естеріңізде ме? Сонда «болашақ жарыңның қандай болғанын қалайсың?» дегенге бәрі де «Ол әрине мені сүю керек, сыйлау керек, мені қорғау керек», сияқты ұзақ тізімді жазып қоятын. Дәлірек айтсақ арамыздағы «ерте есейген» біреу солай жазып, қалғандары соның жауабын қайталап жазатын. Мен де қайталадым. Алайда ол кезде маған «сыйлау» деген түсінік бос сөз болатын. «Сүю» дегенді түсінесің, "қорғау, аялау" дегенді де түсінесің, ал «сыйлау» тек әріптер жиынтығы сияқты.



Тек қазір менің ми талшықтарыма шіркеудегі ауыр қоңыраулардың ұрылғаны сияқты «адамдарды сыйлау» түсінігі жеткен тәрізді. Иә, Ватсон, бұл деген қарапайым нәрсе ғой. "ӘР АДАМДЫ ӨЗІҢДЕЙ СЫЙЛА"! (Айжан). Тек бұл сөздерді сен қаншалықты терең түсінесің? Кез келген адамды бірден сырт бейнесіне қарап сынап тастамай, әлеуметтік жағдайына қарап «ярлык» қоймай, өзіңдей қабылдай аласың ба? Өзіңнен кішіге де, кәріге де, танысыңа да, бейтанысқа да… Қандай нәсілге, дінге, биологиялық сатыдағы орнына қарамай, БӘРІНЕ де өзіңдей қарай аласың ба? Өйткені біздің барлығымыздың да Жаратушымыз — бір…

{Сол себепті де мен боксты көре алмаймын, қабылдамаймын, қарсымын. Әкем «Руслан, жарайсың!» деп қазақ жігітіне болысып отырғанда, мен «ой, ой» деп Русланның әр соққысынан кейін тыржиып, араб жігітіне жаным ашып отырады. Әрине мүмкін мен тағы да артта қалып кеткен шығармын, бірақ қалайша бір адам еш себепсіз екінші адамның мұрнын сындырып, басын жарады? Сол қырғын үшін қаншама жылдар бойы саналы түрде дайындалып, «оны бастан ұрам, құлағын жұлам» деп неше мәрте ойша елестетеді… Не үшін? Тек өзгенің қызықтауы үшін, атақ үшін, ар үшін, "өйткені ол әлемдік спорт" болғаны үшін, "қаншама жылдар бойы келе жатқаны" үшін… Футболды түсінемін, түрлі жеңіл атлетика жарыстарын да, Ильяның спортын да түсінемін. Ал боксты жоқ. Болдым.}

Айттым ғой, махаббат жайлы жазбалар ұнамайды деп). Сонымен егер тақырыпқа қайта оралсақ, менің айтқым келгені, нағыз махаббаттың негізі сыйластықта жатыр. Егер жұп арасында сыйластық болмаса, кішігірім ұрыстың өзінде қарым-қатынас шорт сынуы мүмкін. Ал араларында сыйластық жоқ жұптарды мүлде некеге тұрғызбау керек. Өйткені 20-30 жылдан кейін махаббат өшуі мүмкін, ал бір-біріңе деген сыйластық өміріңнің соңына дейін ол адаммен бірге тұруға себепші болады.

Ал жалпы махаббаттың не екенін кім білсін… (тағы бір рет тақырыпқа көз жүгіртіп жіберіңіз). Ол қолыңда 5 балаң болғанда, немесе жасың 61-ге келгенде, немесе әлемнің ең шеткі нүктесінде жүргеніңде кезігуі мүмкін. Тек бір кеңес: махаббат желісіне өзіңнің сүйікті радио толқыныңа қосылғаның сияқты көтеріңкі көңіл-күймен жалғанғаның жөн. Сонда бәрі де жақсы болады.

P.S боксшылар мені сөкпейді және подъезімнің алдында күтпейді деп ойлаймын, өйткені бұл жай ғана жеке пікір)
Бөлісу:

50 пікір

Esmeralda
үнады, сурет те күшті екен
дегенмен бокстың бүл тақырыпқа қатысы жоқ сияқты көрінді және маған бокс көрген үнайды
aizhan
рахмет, бокс деген адам сыйлау дегеннен шығып кеткен ғой кішкентай кезімде көре беретінмін, қазірде көруге қанша рет тырыссам да басым көре алмайды екенмін
Esmeralda
адам сыйлау дегеннен шығып кеткен ғой
түсіндім)
Сол қырғын үшін қаншама жылдар бойы саналы түрде дайындалып, «оны бастан ұрам, құлағын жұлам» деп неше мәрте ойша елестетеді
гуманистік жағынан алғанда ойлантады
Gastarbaiter
Ақзереша 3-х летней давности
dark_nazgul
Жиырма-ақ жаста ғанасың ба?
екі жыл бұрын мәңгілік ертегіге сенуді қойдым дейсің…
тым ерте кетіпсің ғой)))
менің тәтті ертегім жиырма сегізге келгенше жалғасқан)))
dark_nazgul
мәңгілік ертегіге
мәңгілік махаббат деген ертегіге)))
aizhan
жиырмаға жақында толдым және де оған ешқандай себеп болған жоқ, өзімнің жасаған тұжырымым, мүмкін әлі өзгерер)
dark_nazgul
Өзгеруіне тілектеспін.
Gastarbaiter
Менің Марина деген көршім: «Мәңгі махаббатқа сенемін, тек кейіпкерлер ауысып тұрад» деуші еді, бар болғыр
satibaldi
Өйткені 20-30 жылдан кейін махаббат өшуі мүмкін, ал бір-біріңе деген сыйластық өміріңнің соңына дейін ол адаммен бірге тұруға себепші болады.
Махаббаттың ішінде сыйластық та бар емес пе нақ???
Сосын, 20-30 жыл деген мерзіміңіз — өз басыңнан өтіп, эксперименталды түрде дәледенген нәрсе ме, әлде жәй, қызыл сөз үшін әкемді де саттымның кері ме? («ради красного словца, не пожалела и отца»).
aizhan
кейде болмайды, айтып тұрғанымда сол, өз басымнан өтпесе де, айналамда ондай мыалдардың талайын көргенмін
satibaldi
Жалпы, сайттағы тенденцияға қарап отырсам, тумай жатып, «адам рухының білгірі» деген сертификат сұрап, біліктілікті арттыру институтының есік-терезесін сындырып кіргелі тұрған адамдарға ұқсайсыңдар.
Сендер ең алдымен аквариумға гуппи асырап, көңілін тауып, келесі сезонда уылдырық шашқанға дейін тірі ұстай алған адамсыңдар ма өздерің, адамның жаны не теңдерің?
Gastarbaiter
аквариумға гуппи асырап, көңілін тауып, келесі сезонда уылдырық шашқанға дейін тірі ұстай алған

Қо-о-ойш, тағы өліп қалды ма не? Артының жақсылығын берсін, амиго! Жексенбі күні Святонұрбол соборына шам қойып, дұға етпесем болмайды екен, боғірееем!
aizhan
«білгір» емес, өз ойымды айту, ондай гуппилардың талайын асырағанмын
dark_nazgul
Жалпы, сайттағы тенденцияға қарап отырсам, тумай жатып, «адам рухының білгірі» деген сертификат сұрап, біліктілікті арттыру институтының есік-терезесін сындырып кіргелі тұрған адамдарға ұқсайсыңдар.
сонайтам.
бір жігітпен жүріп, жараспай айрылысып кетсе болды, «махаббат жоқ» деп шыға келеді қыздар
aizhan
әрине әр адам бәріне тек өз жағынан қарайды сондықтан мұндай сеніммен айтудың қажеті жоқ, қымбатты дарк нәзгүл
dark_nazgul
сеніммен айттым ба, сенімсіз айттым ба, оны қайдан білесің, қымбатты Әйжан?
aizhan
«бір жігітпен жүріп, жараспай айрылысып кетсе болды, «махаббат жоқ» деп шыға келеді қыздар» міне) кешіріңіз, атыңызды дұрыс айтпасам
dark_nazgul
Жиырма жылғы тәжірибем бойынша
жиырма жылғы тәжірибем жоқ екен, сеніммен айтуым да жарамас. кешірім өтінем.
Esmeralda
Жалпы, сайттағы тенденцияға қарап отырсам, тумай жатып, «адам рухының білгірі» деген сертификат сұрап, біліктілікті арттыру институтының есік-терезесін сындырып кіргелі тұрған адамдарға ұқсайсыңдар
90-95-тердің бәрі сондай
Argyn
61 ге келгенде емес, махаббаттың ерте жолыққаны жақсы шығар)))) әйтпесе…
satibaldi
Яғни сіз махаббатты — секспен тығыз байланыстырып тұрсыз ғой?
Argyn
өз ойыңмен ғана жүреді екенсің,,, түсінігің түсініксіз…
satibaldi
Жоқ, секс маңызды болмаса — сексен бесте кездестірсең де бәрібір емес пе?
Argyn
Сатыбалды, сендер жакта цемент қанша болып жатыр?
satibaldi
Балығын былай қойғанда, пісіретін қармаларын айтсайш сен!
Argyn
сол кезде мен де таң қалғанмын…
madlen
Осы сенің коронная фразаң екен
Argyn
))) әйтпесем болмайд… балалар ауып кете беред әңгімеден…
kokbori
Махаббат деген екі меннің бір бізге айналуы деп көлгірсіп қояйын. Демек Сатыбалдының логикасы шындыққа келе ме,қалай?
AL-ASTER
Е, қарағым, Көпті көрген бізге сен,
Қателестің, жалғыз бақыт ол десең,
Сүймеді ме? Бір-ақ сілте қолыңды,
Сүйгені де табылады іздесең.

//Қадыр Мырза Әлі
dark_nazgul
бірақ сосын өмірің "іздеумен өткен ғұмырға" айналып кету қаупі бар екені жаман да…
AL-ASTER
AL-ASTER
логично))) Кейде ойлайм да, келінді үлкендерге таңдаттырып ала салам ба деп
dark_nazgul
ол үлкендерге келін болғаннан бұрын саған сүйікті жар болуы керек қой…
әйтпесе өмірің «сол жақта өткен ғұмырға» айналып кету қаупі бар.
bazuka
түсінгенім боксерге тұрмысқа шыққыңыз келмиді екен, бірақ араб жігітінің қатысы не?
Сол себепті де мен боксты көре алмаймын, қабылдамаймын, қарсымын. Әкем «Руслан, жарайсың!» деп қазақ жігітіне болысып отырғанда, мен «ой, ой» деп Русланның әр соққысынан кейін тыржиып, араб жігітіне жаным ашып отырады.
осы жерде анау араб қазақты сабап жатса көзқарасыңыз қалай болар еді?
aizhan
қатысы рингте екеуі болғандықтан 
онда одан бетер жаным ашитын еді
Gastarbaiter
Өз еркімен шығады ғой. Оның үстіне жеңсін, жеңбесін ттиісті ақшасы мен күтімін, ақшасын алады. Отбасына пайдасын тигізед. Бокстасу білмейтін, бірақ мақтанғысы келетін талай қазақтың намысын/мәртебесін көтереді. Өз еркінсіз қанша адам таяқ жеп жүр көшеде. Былай ойлап қарасаңыз дегенім ғой.
Aizhantabyn
аттасым ау, жиырма деген супер кезең ғой))) Ол кезде мен кайф ловить етіп, супермега керемет шақтарды басымнан өткізіп жүргем. Саған да соны тілеймін)))
Махаббат бар ма, жоқ па, забей. Бар болса келеді, жоқ болса «да ну к черту», бастысы даму екен))))
Минустадым тақырыбыңды, өйткені ойың шашыраңқы, оқуға ыңғайсыз және тақырып «избитый»
aizhan
қандай позитивсіз, рахмет)))
Aizhantabyn
позитивсіз дүние бос, пессимистке оны қосыңдар)))))
Gastarbaiter
Махаббат деген ең құсық дүниелердің бірі. Одан да құсық нәрсе тек махабатсыз өмір шығар.
satibaldi
Тек төсек қатынастары ғана махаббат деген нәрсеге қандай да бір мазмұн әкелмек.
dark_nazgul
плюс мульон
satibaldi
Төсек қатынастары кезінде миллион табуға уәде етіп, мәңгі жүруге болады; бірақ миллоин әкеліп қойғаныңмен, жыныстық қатынасқа уәде беріп, екі күн де жүре алмайсың.
dark_nazgul
білмейм ай, екеуіне де уәде беріп көрмеппін