Түлкінің ұлы дәреті дегенмен...

Түс деуге де қолым бармай тұр, еске алу — десем, шындықтың ранчосына жақынырақ болар. Очм, ұйықтап жатып, ертедегі бір кадрды айна-қатесіз қайталап көрдім дә*.
Очм, көршім Сержан ата таң ата ауласындағы сәкіде ұйықтап жатқан үлкен жанұясының апшысын қуырвататын:
— О, мәжігүндер**, кещелер***, жатыпішер ептібайымайдтар, тал түс болды ғой, алты болд сағат, алтыыыы!!!
Шаштары ұйпа-тұйпа, көздері әлі жабық ұйқылы-ояу қарасирақтардың қаралы процессиясы көрпе төсектерін сүйретіп, әрең ілбіп үйге беттейтін…
Тоғыздан он екі минут кеткенде шошып ояндым нақ. Лібә, баратын жерге барсам, әлі ерте ғой дейд. Әлі жүрт жиналад, тасын қасид, басын жуад — сүйтіп шамамен он бірлерде басталады ғой деп қояд. Шешесс… Сталин жоқ сендерге…



дә* — AKY -ден жұқты нақ.
мәжігүндер** — кірме сөз шығар, ақыры түсінбедім. Бәлкім, «мегежіндер» дегені шығар, доңызға теңеп?
кещелер*** — қаззақта «щ» әрпімен жазылатын үш сөздің бірі ретінде ғана білем, дариғанаурызбайқызыныңтасыңдыегепотырыпоқытуәдісінсстің.
Бөлісу:

34 пікір

AKY
мәжігүндер
типі тупицца, ақымақ деген-ау дейм.
кеще
кеше осы сөзді пайдаландым «ещ» дифоны үшін
Armanjan
мұңайған боқ, аптырды ат қораға!!!
Abilakim
күліп соқыр ішегім жарылды
ferdaus
мәжігүн деген «меджнун» деген создің қазақша бүрмаланғаны, ойткені шыгыс халықтарының «лайля — меджнун» деген лиро эпостык жырындагы меджнун деген созді жігіттің есімі деп ойлайды көбісі, негізінде меджнун сози акылынан адаскан деген мағынаны білдіред, мәжігүн- бизге араб тілінен енген кірме создердін бірі.
satibaldi
Міне ол қалай, Михаилұлы! Нақметтен басқа айтарым жоқ рақ.
Abilakim
дастанда жігіттің шын есімін де келтіруші еді ғой.Есіме түспей тұр
sammita
мағынасын білеміз және қазақтар мәжнүн дейді) мәжүгінді естімеппін.
AKY
біздер жақта айтады
satibaldi
Олар алдын-ала филологиялық дұрыс ортада өскен адамдар ғой
Gastarbaiter
Айтпа нақ, Алматыда Талдықорғандықтар басып шығарған кітаптарды жаттап алып, қаззақтар былай дейді дейтіндерге тасым таңырқайд лібә
satibaldi
Семейліктер сосын
AKY
Ия, біздің жақ ең дұрыс сөйлейтіндер деп отырад
Gastarbaiter
Абайдың туған жерінен қазақтар тарады-міш)))
satibaldi
«Жақсы, жақсы, ал ұлы Абайды біз туғанымызды қайда қоямыз?» деп бастайды ғой көкелер пафос қысып кеткенд, өзі тоғыз ай көтеріп, токсикоздың қасіретін өзі тартқан сияқты
balzaminka
мәжнүн ғо, баяғыдан келе жатқан сөз, қазақ тілі бізде сақталған ғо
Abilakim
Біздің жақта Жүнмәж деп те айта береді
satibaldi
Ііі, мында Нұртуған шықты.
Жаңа маздаған руаралық қақтығыстың шоғын үрлеп, маздатып қоймасақ — азамат болғанымыз қайсы, кісілігіміз қайсы? Айтааақ, айтааақ, айтааақ!!!
Gastarbaiter
Мәжнүн сөзі қазақтың көне түркіден қалған төл сөзі шығар, иә жетісіп қапсың.
balzaminka
оебой, отырайық енді сөздерді талдап, қайдан шықты деп, келе-келе қазақтың өз сөздері жоқ болып шықпасын. Ойланып жүрм де, мына тамильдің туыстық атаулары толықтай біздікімен бірдей, бар болғаны жыныстары өзге, мүмкін тамильден шыққан шығар біздің тіл, а деп
dark_nazgul
кейде, не істеп, не қойғанымды білмей, есім шығып жүргенде (мысалы, ғашық болып қалып), бірдеме бүлдіріп қойсам, мамам "өә, мәжнүн" дейді
Aldeken
Әлі жүрт жиналад, тасын қасид, басын жуад — сүйтіп шамамен он бірлерде басталады ғой деп қояд.
Gastarbaiter
Әлі жүрт жиналад, тасын қасид, басын жуад

Мынау амалдар тізімі керісінше емес пе еді?
Aldeken
Жиналатын жеріне де байланысты ғо.
madlen
Жиналад деген үйден шығуға жиналады деген мағынада болса керек.
a63a1
Бізде біреу боқатағанда мәжгүндер дит, былай енді «мәжігүндер» дегенге ұқсайд екен, менде осы сөзді түсінбедім нақты, Ләйлімәжнүніңдісс…
Marco
Мәжігүннің мағынасын түсіну үшін, әуелі көзді жұму керек. Сосын, мә-жү-гін деп баяу бір рет айту керек. Сол кезде көзіңе қандай адам елестейді, значить мәжігүн деген сол.)))))
asaubota
ацтой! аптыр басыңменжарсоқ