Егін күзету және шапан хикаясы

Жас кезде адамның ақымақтық әрекеттерге де барып тұруы еш сөлекеттік етпеген. Жаз болса жайлауда өтетін уақытымыз. Бала кезде білінбейді екен. Қолтыққа жүн шыққан кезде жайлаудан көрі ауыл жақта қызық көп екені аңғарыла басталды. Ауылдағы өзім теңдес түбіт мұрт бозбалалар күнде дискотекалатып жүргенде мен аптасына бір рет, кейде екі аптада бір рет барушы едім. Мал бағу, егінді қарау секілді шаруалармен қол тимейтін.Содан егін шабатын уақыт келгенде ағайын болып келетін Өткір атты жігіт екеумізді түнде егістік басындағы комбайндарды күзетуге жіберді. Будкада жатуымыз керек. Үш аяқты «Урал» матасекіліне отырып алып жайлаудағы үйден екі-үш шақырымдай жердегі алқапқа келеміз. Қас қарайып күн батты-ау дегенде матасекілді завайттамай(дыбысын естіп қалмас үшін)1-2 км жер итеріп ауылға қарай бет аламыз.Ауыл 10 км шамасындағы жерде. Таудың мүйісінен асқан соң оталдырып алып «ауыл қайдасың?» деп тартып отырамыз. Ауылға барғанда да үйге соғуға болмайды.Тікелей клубқа барамыз.Ол жерде біраз көңіл көтеріп, қыздарды тау жақты көрсетуге алып кетеміз. Жалпы, сол жылдары ауылда шапан кигендердің дәуірі жүріп тұрған.Жан-жақтан келіп жатқан қонақ қыздарды тауға апарып серуендеткен кезде шапан керек болады.Енді, қыздар тоңып қалса иығына жабуға.Содан таң ата түк болмағандай егіс басына қайтып келуші едік…
Бөлісу:

18 пікір

Nurgisa
 Шапанизацияны кейін шыққан мода екен демейм бе…
Abilakim
талай қызықтар болды ғой...«Жамылып екеуара бір шапанды...» деген әнді сол кезде түсіндік
Daniar-Alan
шынында да. мен негізі қаланыкімін. 3-ай жаз ауылда болатынмын (мектеп кезінде). бірақ, қалада қыздармен жолыққаннан гөрі, ауылда жолыққан қызық көрінетін. қала не ол?!!! лавочка, подьезд, ары кетсе кафе… бітті. ал ауылдаааа…
Abilakim
Қазір қарап отырып таңқаламын. сол қыздар күнде бір тауды көре беруге жалықпайды-ей)))
Nurgisa
 Үйіне аталары тойдан шапан киіп қайтса, бозбалалар мәз де…
Abilakim
бұл шапандар тойский емес.кәдімгі ауылдағы әжелеріміз тіккен шапандар ғой
Nurgisa
Иә, әжелеріміздің шапан тігу өнері әжеден қызға беріліп келе жатыр ма екен осы деген сұрақ туындайды.
Daniar-Alan
негізгі тематика тау емес қо енді
Gulzhanat
күнде түнде )
Abilakim
күлкіңізден бір сырды ұқандаймын,өзіңізбен бір тауға шыққандаймын
Armanjan
Жаңбырлы түн,
Екеуімізде бір шапан… деп әндеткенде боларсыңдар. (Рымбаева мақамымен)
Nurgisa
Сол шапанда,
Көп сыр бар-ау, быратан.
TOTY
Өзіміз де ауылда өстік қой, бірқ бізде шапан модыда болған емес
Abilakim
Сіздер жақта тау жоқ дегенге кім сенер?
TOTY
Жоғааа, тау деген тиіп тұр үйге, тек шапан сатып алмаған шығар біздің ауылдың адамдары,әлде сатылмады ма екен дүкенде
Abilakim
шапанды тігеді
TOTY
Әй, сен де болмайды екенсің… знәшит..ісмерлер болмаған
Armanjan
«Түні бойы тау жақта „шапандатып“ келген Әбіләкім мен досы, шапандарын жуып жайып қойыпты. Таңертең оны көрген жезделері шапанды неге жудыңдар деп сұраса досы құлағы қызарғанша ұялып кетіпті. Ал, ұят, қорқу, үрку дегенді білмейтін Әбіләкім ық-ық деп тұра беріпті. Сонда жезделері шапанға қарап тұрып: Ай, шапандар, шапандар, Жайылып нағып тұрсыңдар, Айтпайсыңдар қусыңдар, Түннен қалған бір сыр бар — депті» — деп совхоздағы құлап қалған шіркеудің ішінде достарымен күңкілдесіп арақ ішіп отырған Сатывалды айтыпты дейді ел артындағы өсек.