Жұма

Ескерту: Былтыр (18.02.2011) жазған екенмін. Жарияланбаған күйі нобайлардың ішінде қалып қойыпты.

Таңертең:
қолға алып жатқан жобам бойынша хаттарды сүзіп шықтым. Маша мен аю мультфильмін көріп отырып қалдым.

Түсте:
мешітке кетіп бара жатып, автобус ішінде блогқа бір жазба енгіздім
мешіттен соң, KIMEP-ке қарай ұштым.
KIMEP-те Құрылтай өтетін орындарды қарап шықтық. Кофе брейк, компьютер т.с.с. кәкір-шүкір жұмыстарды ақылдастық
Frederick екеуміз алдындағы ғылыми тақырыптарын талқыладық.
Фурмановтың бойындағы түрік кафеде әйтеуір тамақ іштім

Кешке:
MediaNet-ке келдім. Екі айдан кейін еуропадан келетін кітаптарды қалай,қайтіп тарататынымды ақылдасып жатырмын
Ертеңгі миниқұрылтай жұмыстары т.с.с
қазір енді ертең жарияланатын жазбаларды пысықтап шығу керек.
үйге жеткен соң, ертеңгі курстардың тапсырмаларын әзірлеп, студенттердің жұмыстарын қарап шығу керек.

пысы. жол бойы аутобуста отырып, жігіттермен блогқұрылтай жұмысына қатысты хат алмасумен болдым. Бір аялдамадан өтіп кетіппін.
Ойбуу, бүгін де шеге сатып алуды ұмытып кеттім. Ініме ала салу керек еді.

Гастаға осындай идеясы үшін рахмет!
Бөлісу:

3 пікір

sammita
о қандай идея Өрімтал?
araika
Шеге не үшін? Мен басқаша ойлап кеттім, ғибратты әңгімелердің желісімен...
balzhan
түуууу! Асхат миын ашып жүріп жазғансың ғой деймін а?