Жар@йсың!
Қазір еліміздің қай арнасын қосып қалсақта шоу-бағдарламаның үстінен дәл түсетін дәрежеге жетіп қалдық. Әрине, көбісінің сапасымен мақтана алмайтынымыз өкінішті. көпшілікке «ШіркінLife» тәрізді жобаларды ұсынып жүрген «Еларна» сайты «Жар@йсың» атты жаңа ақпаратты-сазды бағдарламаның тұсауын кесіп үлгерді. Басқа бағдарламалардан ерекшелігі сол (өздерінің айтуы бойынша) еліміздің әншілерінің жаңа әндері мен бейнебаяндарын тек осы бағдарламадан бірінші болып тамашалай алады екенбіз. Өздері сайттарында:
«Бағдарлама барысында көретіндеріңіз
1-Сюжет: отандық шоу бизнестегі соңғы жаңалықтар, жұлдыздар туралы түрлі алып-қашпа әңгімелер, тұсауксерлер, концерттер
2-Сюжет: арнайы тақырыптағы бейнематериал, танымал тұлғалардың ойлары, үздік ТОП 5 т.б
3-Сюжет: ғаламтордағы Блог! Блоггерлердің ең қызықты жазбалары, жастардың жиі талқылайтын тақырыптары, айтар ойлары
4-Сюжет: ғаламтордағы Видео! Бұл айдарды «Атың шықпаса...» деп атауға да болады. Танымал жұлдыздардың (отандық, шетелдік) ғаламторды жаулап алған ең үздік әрі күлкілі видеолары. Біз енді оларға рейтинг жасаймыз
5-Қонақ: студияға музыкант, әнші, актер, блогер т.б.танымал өнерпаздар шақырылып, күннің басты тақырыбы туралы қысқаша сөз қозғайды
6-Ән-бейнеклип» деп көрсеткен екен
Жүргізушілерінің кім екенін де біле алмадым.Сөз арасында Баян Есентаеваны қосуларына қарағанда жобаның авторы сол кісі болуы керек.Байқағаным, қатып қалған шекарадан(рамкалардан) шыққылары кеп жүргізеді. Ниеттері жақсы ғой, тек солары жасанды шығып жатады. Қонақ болып келіп отырған «Тарту» тобының жігіттеріне «араларыңызда отбасы құрғандар бар ма?» деп сұрақ қойды. «Бар» деген жауапты аяқтатпай жүргізуші жігіт «Сен шығарсың, сенің қарның шығып кетіпті» деп тарқылдап дарақылана күлді.
Соңғы кезде белең алып кеткен телевизия саласында ауру пайда болғандай. Эстрада саласындағы әншілер, осы саланы төңіректеп жүргендер түрлі бағдарламаларды жүргізте қалады. содан кейін өздерін «Тележүргізуші, журналист» деп таныстырып жатады. Тележүргізушілігі жетісіп тұрса жақсы ғой.Журналист ретінде елімізде болып жатқан оқиғаларға шолу жасай алса, сараптамалар жүргізе алса қанекей?! Осыдан келеді де халық арасында журналисттер жайлы арзан көзқарас қалыптаса бастайды.
Сурет «Еларна» телеарнасының сайтынан алынды

Теледидар соншама жылусыз ба ең,
Дәм-тұзы жоқ хабарын көкей жасық;
Өткізеді сайраған сұлу қызбен,-деген
ав, Р, О
Жамал апай (J_7) қартайды — дегенің ба сонда?
Қозоқ телеарналарына ырза болатыным — сәфсатаның бәрін көрсетеді, қайдан кімнен алса да.
«Аптыр тағы да жазыр тұр», «Оқымадым, бірақ ұнайд» деген коменттер, күйемен салынған балағат смайликтерді елестетіп отыр, әлден
деген атауларға жүргізушылер келмейтін сияқты, инет әлемнен алыстай көрінд мартица бағдарламаның қазақшасы ма сонда?, а так қызықты бағ. деп ойлаймын
келіп, дамытысам деген адам болса, құшағымыз ашық.
Кімнің өлең жолы еді? Қилызаман ағамыздың жолдары ма еді?