"Матрица" демекші
Көптен ойда жүрген дүние еді.
Әбіләкімнің постынан кейін әбден бекідім.
«Матрица» — Internews Kazakhstan Орталық Азияда жүргізіп отырған жоба. Мақсаты:Орталық Азия елдерінде жаңа технологиялар дамыту )құдай, не жазып қойғанмын), Орталық Азия халықтарының ІТ сауаттылығын арттыру.
Офис Алматыда, яғни, орталық біз. Біз арқылы Тәжікстан, Қырғызстан интернеті, сол елдердегі блогосфера, анау-мынау туралы хабар тарайды. Ол елдерге «Матрица» толық озвучкамен ғана барады. Ал Қазақстанда екі нұсқада жүреді: орысша, қазақша. Қазақша нұсқасы былай жасалады: сюжеттер дубляжбен, ал студия қазақ тілінде жазылады.
Сюжеттерді орыстілді журналистер әзірлейді, негізінен. Сондықтан да, көбінесе, орыстілді блогосфера, орыстілді интернет қамтылатыны түсінікті шығар.
Мен мұнда келгеніме бір жылдан асты. Оған дейін редакторлық қызметті Мират Миятов деген жігіт атқарған. Ал жүргізушілер Қалдыбек Жайсаңбай мен оның әйелі Әлия болған. 2010 жылдың аяғында команда толық жаңаланды, жаңа жүргізушілер келді. Қазір Қуат Ахметжанов пен Сандуғаш Картаева жүргізеді.
Енді, істің мәнісіне көшейін. «Матрица» — қазақтілді интернетке «рупор» бола алатын жақсы жоба. Мұнда бәрін қамтуға болады: блогтан гаджетке дейін. Неліктен соны пайдаланбасқа? Қазіргі таңда басшылық тарапынан маған толық кард-бланш беріліп отыр, тіпті бағдарламаны тұтас қазақша жасасам да өз еркім. Яғни, қазақ тілінде сюжеттермен толтырып. Бірақ, мен жалғызбын, біріншіден, екіншіден, уақытым жоқ.
Сол үшін, журналист қыз-жігіттер болса, осы тақырып қызық, жаза аламын, сюжет әзірлегім келеді деген жастарға есігіміз ашық.
Басты талап: мен оны твиттерде жазда жазғанмын, өте сауатты болу керек, менің редакторлық тегеурініме төтеп бере алатындай. Содан кейін, әрине, тақырыпты қағып тұруы тиіс.
Төлемақы туралы бір ауыз сөз. Бізде берілетін гонорар да аз деп айтпас едім. Күзде Айзат деген қыз келгенде, «Хабардың» «Таразысы» он минуттық сюжетке беретін гонорарының сомасын айтқан. Біздің хронометраж төрт минут, ақысы пропорционал екен.
Жұмыс, әрине, фриланс. Штатқа адам алуға асықпайды, офистің саясаты сондай. Бірақ аптасына бір сюжет әзірлеуге кететін уақытын журналист өзі жоспарлайды. Бастысы, монтажға толық бір күн бөле алуы тиіс.
ЗЫ. Күзде келген бір жігіт, оқыса өзі түсінер. Бастаған ісін аяқтамай тастап кетті. бір қыз да келген. Ол да жоқ болып кетті.
Сол үшін, тәжірибе жинайм, қазақ тілді интернетті дамытуға үлес қосам (пах, пафосты айтсаңшы!), қосымша табыс табам деген қыз-жігіттер болса, ҚҰШАҒЫМЫЗ АШЫҚ!!!
Айтпақшы, «запасқа» жүргізуші іздеп жүрміз. Әдемі, дикциясы жақсы, қазақша сауатты, ай-ти сауаттылығы да бар қыз бен жігіт керек. Әзірше запасқа. Ал егер, Қуат пен Сандуғаштан артық болып, басшылыққа ұнап жатса, тұрақты болу мүмкіндігі де бар.
Вобшым, велкам!!!
ЗЫЗЫ. менімен қалай хабарласуға болатынын бәрі біледі. ))))
Әбіләкімнің постынан кейін әбден бекідім.
«Матрица» — Internews Kazakhstan Орталық Азияда жүргізіп отырған жоба. Мақсаты:

«бетті бастым, қатты састым»…Бұл кісілерді таныстырып өтсеңіз, және кадр іздеуіңіз неге байланысты? Кеңею әлде басшылыққа ұнамаған біреудің орнын басу?
Қуат Ахметжанов — негізгі қызметі „авторадионың“ дикторы. Өте сауатты, жақсы маман.
Сандуғаш Картаева — ҚазҰУ студенттермен жұмыс істеу бөлімінің маманы. Сауатты, сұлу (бойдақ) қыз, оның үстіне магистрант.
ауыстыру себептерін толық ашып айта алмаймын, оның үстіне, тура қазір олардың орнына адам ала қояйын деп отырған жоқпыз.
Бізге керегі — ол екеуіның жағдайы келмей жатқан кезде, форсмажорда эфирге шыға алатын запастағы құрам. Ал келешекте, егер, жаңа қыз бен жігіт бағдарламаның дамуына үлес қосып, көрілім саны көбейіп жатса, онда мәселе басқа қырынан қойылады.
Бірінші жағдайда, әрине, гонорарды оператор, видеоинженермен бөлісуге тура келеді, ол жағын да ескерсін. Ал екінші жағдайда толық сюжеттің емес, материалдың ақысын алады.
Мысалы, Законың сотқа арыз бергенін бізге Отырар ТВ журналистері түсіріп, беріп жіберген.
sheber.wordpress.com блогының авторы Елдар Құдайберген өткен аптадан бастап «Матрица» сайтының веб мастері болып тағайындалды!!!Қатарымыз толып жатыр!
Алла жазса, көшіміз енді түзелетін шығар.
Біздің Қуат Ахметжанов «Хабар» және «Еларнаның» ресми даусы болып тағайындалды.
Вопшым, жігіт керек маған.
Сондықтан, ендігі жерде оның даусы өзге телеарна эфирлерінен естілмеуі тиіс екен.
Бағдарлама жүргізетін жігіт іздеп жүргенімізді де жазғанмын.
Біраз жігіт резюме жіберіпті, келесі сейсенбі бастарын қосып, тракт жазбақшымыз.
Әлі де ниет білдірушілер болса, менімен хабарлассын.