"Керектегі" Сигма - Семейде жүр

Өкінішке орай, фотоаппарат болмады қолымызда. Семейде күн-райы -35 көрсетіп тұр. Біраз уақыттан бері еңсем түсіп жүр еді. Ойламаған жерден «Мен — «Керектегі» Сигма ғой...» деп, Семейге іссапармен Атыраудан келген Алмас хабарласты. Кеше кешкісін тоқтаған қонақүйіне аяздатып іздеп бардым. Әбіләкім сияқты «шампанға тапсырыс бердіңіз бе» деп бөгде бөлмені қағып шулатқам жоқ, 1 қабатта күтіп тұрдым.  Жалпы, осы Керекинфодан Сигма «Алматы кетті, Астана кепті» деген тәрізді ақпараттарды көзім шалғаны болмаса, таныстығымыз жоқ-тұғын. «Кофеманға» барып, 2 шыныаяқ кофені ұрттап қойып, біраз әңгіменің басын шалдық. Бүгін Әлекең келген жұмыстарын реттеп жатқан болар. Күннің аяздығы болмаса, жалпы Семей жұрты — қонақжай халық. Кешенің өзінде Сигманың пікірі осы маңда болды. Ел – жер көргенге не жетсін! Досымызға келген мақсаттарындағы істері оңға бассын деп тілейік!!!
Бөлісу:

25 пікір

Abilakim
Бәрекелді! Шампан апармағаның дұрыс болмады)))
estetika91
Охо, өткенде Алматыда Сигманың құрметіне бір жианалған едік. Енді сіздер жақта жүр екен ғой. Дұрыс! Қайда жүрсе де аман болсын!
qisyq
деді-дағы estetika91 "Үбәй, үбай-ай, белім" деп орнынан тұрып, калошын тырпылдата басып, сыртқа беттеді…
estetika91
Мамааааааааааааааааааааааа, Димаш! Қашан, құрсын деп қояиын)))
dark_nazgul
«Кофеман» жақсы орын. Әсіресе, глинтвейні мен Нұрлан деген официант жігіт ұнады.
dark_nazgul
күн-райы
осы бір қолданысқа байқатпай еніп кеткен таза телевизиялық құсық тіркеске жыным келеді. тысм құрыса, дефиссіз жазсаңдаршы.
Nurgisa
тысыңыз құрымай-ақ қойсын, ойбай!!!
dark_nazgul
ашуланып жазғандыкі ғой))))
Nurgisa
беріңіз енді бір. ашуыңызды.
dark_nazgul
бердім.
Gastarbaiter
беріңіз енді бір. ашуыңызды.
бердім.
Қанеки — А-а-а-а-пшху-у-ууй, лібә! Таудай жігіт бол. Мұрным ашылып кетті ғо дачы…
Пікір өшірілді
rauka
Nurgisa адамды ұшындыратын суретті не үшін қойғаныңызды түсінбедім…
Nurgisa
Семейде қырық градус болады деп жатыр. Сигекеңнің қырқы қай жағында болар екен…
balenti
кун салқын болса, енді екі шынаяқ кофенін орнына бір жартыны қылдай қылып бөліп алмайсындар ма? Сигма тоңған шығар, бірақ тоңын киіп кетті ғой…

П.С:
— А я в Семске!
— да ты что? там радиация?! тебе что не по действовала?
— нет не действует, нет не действует, нет не действует, нет не действует...(ары қарай кетіп бара жатып)
TOTY
@balenti, аязда радиациядан дым қалмайды… елді шошытпа…
balenti
елді шошытпа, елді шошытпа, елдіш шошытпааааа)))кряккк)))болып калган дисн)))
sigma
Семей суық болды, дегенмен пойыздан түскеннен күтіп алып, тоңдырмады. Бір қонаққа келгендей болдық.
Бүгін Алматыдамын, Қисықтың қалтафоны жауап бермеді, Айкона көтермеді, Патик, е-Жалғастардікін білмейді екенімін. «Калошын тырпылдата кетті» демекші, жаны бар сөз негізі соңғы Алматы кездесуінде -Осындай екенсіз ғой- дескен жастар ертеңгі сабақтарын ба, әлде жатақ кіргізбейдіні ме сылтауратып кетіп қалған болатын, танысып үлгермегенбіз, телефондары қайдан болсын десейЧ.
14-30 пойызға отырам Атырауға. соны күтіп, инетклубта отырған жағдай