Джинсыдан қамал соқпасақ та...

Институтта оқығанда курстас қыз екеуіміз стипендия алған сайын джинсы сатып ала беруші едік. Бүр күні досымның үйіне барсам, мамасы «Джинсыдан қамал соғасыңдарма?»-деп ұрысып жатыр екен. Расымен де, сол джинсылар қытай қамалы сияқты үлкен болып үйіліп-үйіліп қалды. Сосын оларды ауылға апарып тастағам(ұсақтар киіп алады ғой қаланың модасы деп). Сол джинсыларымды жақында үйге барғанда көрдім. Әпкем жастықтар тігіп қойыпты. Бұған қолөнермен айналысатын қыздар «осыған бола пост жазып...» деп, таң қалмайтын шығар. Бірақ, сатып алуды ғана білетін мен үшін бұл қызық дүние.
Бөлісу:

29 пікір

Abilakim
қалтасы бар жастықтар тігу керек еді)))Жақсы жастықтар екен. Түнгі ұйқыға жарамайтын шығар?
balzhan
Қалтасы бар дегенге есіме түсіп отыр. Бала кезімде көрпеме қалта тіккізіп алғанмын, күндіз кәмпит тығып қоямын. Түнде жеймін. ))
KILYZAMAN
Жоқшылыққа шыдағандардың тоқшылыққа да жетері анық. Әй заман ай, кезінде джинс атаулының әулие болғаны бар еді… Келе, келе — «джинс материалдан палатка құрып той жасапты»(Ол кездерде ауыл аудандардағы той аулада өтетін) сияқты қаусеттер мен армандар. Бір арманның екіншісін көлеңкелеп кете береді осылайша.
Әпкем жастықтар тігіп қойыпты.


ПыСы: Жоқты көрген барды жоқ қылмауға тырысатыны анық.
balzhan
жоқтан бар жасау өнер сияқты. Әпкем жоқшылықты көрді деп айта алмас едім. Өзі сондай адам. Икемің жоқ па, тозып кетсең де ештеңені ұқсата алмсайсың.
balzaminka
Балжан, әпкең жарады!

Бұған дейін мұндай нәрсе мүмкін-ау деп ойлап көрмеген маған сабақ болып жатыр

Жынсидің қарасына ғашық болғансың ба?
balzhan
мұндай жастық балағынан тігіледі екен. балағы темныйлау болып келеді ғой әдетте.))
Abilakim
арт жағынан тігілсе ыңғайсыздау ғой енді…
balzhan
қолынан келсе арт жағын да жастанып алса несі айып?
dark_nazgul
balzhan
 Әпкеме арт жағынан да жастық тіккізіп алсам ба екен а? Неше жастық шығар екен? Сосын, сатсам, 4 трамвайдың орындығының автографы бар керек пе, читальный залдікі керекпе деп. О!
asaubota
керемет!
balzhan
сізге де ұнады ма? мен де қызығым тігіп көрмек болып едім, қолымнан келмеді.
Adiletshu
Анандай палас біздің үйде де бар
balzhan
ондай палас елдің бәрінің үйінде бар шығар. ))
Marco
біздің үйде де, қайран кеңес одағы ))))
balzhan
сол паластар да тозбайды екен
araika
Охо, іске жарағаны жақсы екен. Бірақ неге жастық? Қанша дегенмен, аяққа киілген соң, басқа жастану біртүрлі сияқты. Көрпеше (шағын) деген вариант қарастырылғанда ғой.
Әртүрлі жіптің қолданылуы, жалпы
balzhan
басқа жастамайды ғой. әйтеуір сән үшін жасай салған ғой.
KILYZAMAN
Қателестің — сән үшін емес сияқты. Сенбесең әкпеңнен сұра — өте КЕРЕК әрі шыдамды нәрселер…
balzhan
Шыдамдысы расымен де шыдамды. Менің екі сіңілімнің жұлмалауынан жыртылмаған.))
sammita
онда тұрған ештеңе жоқ қой. жантайып ас ішуге жақсы мысалы. Базардағы жастықты көрдіңіз бе? көбінің іші қытайдың мусоры тола соны да сатып алады.
dark_nazgul
мынадай тігу үшін арнайы машинка болу керек. апаларымыз зингерлері тікпейді ау анадай жалпақ тігісті.
balzhan
қолмен тігілген