Әлі есімде....

5-ші сыныпта оқып жүрген кезде бізге апай «Сағыныш» деген шығарма жазсын деген болатын. Ерең ашық сабақ осыны дайындап келіндер деген. Онда сағынып жүрген адамыңды немесе жақсы көретін бір нәрсеңді сағынғаныңды жазу керек болатын. Келесі күні бәрі күліп келмейді-ме дайындалып, ал менде жазатын ешкім жоқ қиналып жүрдім. Сабақ басталды, жүрегім лүп-лүп, «менен қашан сұрар екен?? сұрамаса екен» деп отырдым. Бір кезде басталды журнал бойынша… Мен 7-ші тұрам… бәрі оқып жатыр бір кезде бәріміз жыладық. Журнал жайында қалды… Бәрі атасын,әпкесін есіне алап сағынып жылап жатыр. Мұғалімдерге дейін жылап, тіпті кейбіреулер жылағаннан шығармаларын оқи алмай жатыр. Менде қосылып жылап банағы қорыққаным есімнен шығып кетті. Бір кезде қоңырау соғылды. Сонда жылап жатсамда мен «уфф...» дедім. Ақыры мен ештеңе оқыған жоқпын. Бірақ үйге келгенше сыныптастарымның жазған шығармалары есіме түсіп кетіп үйге келгенше солқылдап келіп жыладым. Анам «не болды соншама» деп сұрағанде мен ентігіп жасымды тыя алмай әрең айтып бітіріп едім анам" ал сен не жаздың?" дегенде мен " қазір жуынып келейін" дедімде содан кейін анама ештеңе айтқан жоқпын. Осыны есіме түсірсем ішек-сілем қатқанша күлем.
Бөлісу:

11 пікір

araika
Ашық сабақ «Сағыныш» тақырыбына? Ал қай пән екені есіңде қалған шығар…
Aiko-j
Қай сабақтан шығарма жазатын едік. Әрине, Әдебиет қой.
meirzhan
Соны өтірік түсінбей отырғанын қараш Арайканың ))
araika
Тыныш отырииии, "Өзін-өзі тану" ма, жоқ әлде психология сияқты қосымша сабақ па деп ойлағаным анық.
Әдебиет сабағында мұндай тақырыптар қозғалмайтын бізде.
Aiko-j
аааа бұл жай шығарма ғой әдебиеттен бір ақаынның «сағыныш» деген өлеңіне байлнысты. кім екені есіме түспей отыр. ол өлеңде анасына деген сағынышы туралы айтылған сосын бізге осындай тапсырма берген.
madlen
Өтпей қалд
Aiko-j
не отпей калды??
madlen
Айко, кіп-кішкетай ханшайым! Жазарың көп болсын
Marco
Жұрттың бәрін жылатып тынсаңдар да, мен оқып позитив алып отырмын!)))