Жыла! Әйтпесе, сотталасың!

Барлығыңыз көрген боларсыздар? Корей халықтық демократиялық республикасы, яғни бізше Солтүстік Кореяның күн көсемі Ким Чен Ирдің өлгенін. 2011 жылдың 17-желтоқсанында “әумин” боп кеткен ол байғұстың ажалы жүрек талмасынан болыпты. Бұрын адамдар “Сталин өлгенде бүткіл Кеңестер Одағы күңіренді” деп отырушы еді. Күліп қоятынбыз. Дәл сондай жағдайды өзіміз де көреміз деп ойламаппын. Айтайын дегенім, осы Ким Чен Ир өлгендегі халқының бірі қалмастан борша-боршасы шығып жылағаны. Тірі кезінде аннан-мыннан естіген ақпараттарыма қарағанда, оншалықты сүйкімді тұлға болмаған секілді ед… “Ойпырмай, ә…” деп аузымды аштым.
Енді ше? Қай патша өлгенде жұрт осылай жоқтап еді? Қараңыздаршы?

Ол ол ма, кейбір шет елдік басылымдар Солтүстік Кореяның орталық ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып, “күн көсемнің” қазасына тек адамдар ғана емес, сол елдің жан-жануарларына дейін аза тұтып, жылағанын айтып жатыр. Былай уақытта қыс мезгілінде өалың ұйқыда жататын аю екеш аюларға дейін “Сүйікті Ким”-ді жоқтапты.

“Корреспонденттің” сөзіне сенсек, патшаларымен бақұлдасып қалуға тәулігіне 5 миллион адам келіпті.

Тағы бір қызық жәйт, Солтүстік Корея мемлекеті елге сатылып кеткен 2012 жылға арналған күнтізбелердің барлығын кері жинап жатыр екен. Себеп, ол күнтізбелерде “күн көсемнің” “әупіштин” болған уақыты жазылмаған.

Сондай-ақ, Ким Чен Ирдің мүрдесі, өзінің әкесі әрі өзіне дейін ел басқарған Ким Ир Сеннің денесі жатқан, ел астанасы Пхеньяндағы Кымсусан деп аталатын молаханаға қойылмақшы. Кейбір ақпарат көздері тіпті оның денесі дәл Владимир Ильичтің денесі секілді бальзамдалып, мумияланатыны туралы да айтуда. Ол үшін Мәскеуден арнайы мамандарды, яғни дәл сол Лениннің денесін сақтаумен айналысқан “спецтерді” шақыртыпты. Оның арасында ел-жұрт дәл мынадай азан-қазан жылап жатыр:



..”Бақсам, бақа екен” демекші, “Мыналардың барлығы осынша не өкіріп жатыр?” десем, бейшара халық амалсыздан жылап жатыр екен. Өйткені, халық соты Ким Чен Ирдің өліміне қатысты тиісті деңгейде аза тұтпаған, жыламаған, сондай-ақ оның режиміне сын айтқан адамдарды 6 айға дейінгі бас бостандықтарынан айыруға көшіпті. Ал ел тізгінін осы Ким Чен Ирдің үшінші баласы Ким Чен Ун қолына алғалы жатыр. Өз кезегінде бүткіл халық оның алдында бастарын иіп, өле-өлгенше оған адал қызмет ететіндіктері туралы ант беріп жатыр.
Бөлісу:

7 пікір

sammita
осылай деп жатыр. Арнайы адамдар тағайындалды жылайтын, жылататын дейді-мыс.
satibaldi
Арнайы адамдар тағайындалды жылайтын, жылататын
— Ың Мың Хың, сенің сүйікті мысығың өліп қалд, Пың Тың Жың — сенің итіңді атып алып, терісінен тымақ жасап алдым!
-Бвуууәәәәәәәәәәәәәәәәәәә, бәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәә!!!
VKM
Мен де, немене соғырша жылайды десем…
Armanjan
Брежнев өлгенде "әкеміз" өлгендей жылағамыз деп айтып отыратын атамыз.
askerbek
Саяси сауатсыз деген осы
manfan
ужасс… ужасс… ужасс…
nurbergen_makym
Кім не үшін жылайтынын өзі біледі ғой, нақ. Өздерің өмірхаяттарыңда бір адамды болсын жылатпағандай сөйлемеңдерш!
satibaldi
Соны айтам лібә.