Тарақанмен төбелес

Кеше түнде ауылдан Алматыға келдім. Екі аптаға созылған демалысым аяқталып, әдеттегідей «Атырау-Алматы» бағытындағы поездға міндім. Бұл поезд «Ақжайық» деп те аталады. 2007 жылдан бері қолданыста жүрген "қытайский" поездар бұрын жақсы сияқты еді, қазір шаршап қалыпты. Жолсерік мен отырған екі жарым күнде вагонды бір де бір рет тазалаған жоқ. Дәретханаға кірудің өзі қорқынышты. Бірақ, мұның бәрі тарақканмен салыстырғанда түк те емес. Ес білгелі поезға отырдым, алайда поездан тарақан көрмеген көзімде кінә жоқ. Вагонда тарақан қаптап жүр!!! Түнге қарай тамақ ішетін столдың маңын торуылдаған тарақандардан қорқып,ұйықтамай, тамақ ішпей, қақшиып келген жайым бар. Жолсерікке айтсам, Атырауда вахтада істейтін жігіттердің сөмкесінен түскен деп ақталады. Сонда да, тазалау керек қой… Жүрегім айныды…
Бөлісу:

25 пікір

Abilakim
Жолаушы тарақандар шығар
qisyq
Атыраудан Отарға келе жатқан ба?
manfan
қандай тарақан болса да, менің тынышымды алды
Nurgisa
Тышқаннан қорқасың ба?
manfan
баринен коркам жыбырлагандардын
Abilakim
жыбыр-жыбыр
manfan
(((((((((((((((((((((((((( титиркенип кеттим гой
Marco
лібә, Нұреке, қойш нақ!
Nurgisa
Сонда не, вахтада айлықты тарақанмен төлей ме екен?
manfan
білмеймін))))) солардың сөмкесінен түскен дейді әйтеуір
Abilakim
ал олар өз кезегінде не дейді?
Aldeken
Сөмкелер, «біздің қатысымыз жоқ» деп ресми пресс-конференция беріпті, 3-полкадан…
boztorgai
төбелес қай жерінде екен деп қоям оқып отырып…
manfan
тобелесте мен женилип калдым.уйыктамай, қақшиып, тамақ ішпей келуім соның айғағы)))))))
FaraOn1
Бүгінгі жазбалардың тақырыбы ВВС жануарлар әлемі боп кеткен ба, бірі мысық, бірі тарақан туралы жазып жатыр ғо))) ГИСМЕТЕО да жур)
Marco
Бұрын тарақан деген көп болатын еді. Кейінгі жылдары көрмейтін болдық қой.  Соңғы рет қашан көргенімді есіме түсіре алмай отырмын. Біреулерден естіп едім, ұялы телефондардың толқыны әсер етіп, содан жоқ болды дегенді.
Gastarbaiter
Біреулерден естіп едім, ұялы телефондардың толқыны әсер етіп, содан жоқ болды дегенді.
Солай дейді ғой
AL-ASTER
Негізі тарақандар лас жағдайда жүретін себебі — олар тазалық сақтау үшін жүреді деп естігем. Кір, ластанған қатпарларды жейді деп, ал таза жерде жүрмейді ғой олар.
araika
Қорықпадың ба? Егер сенің орныңда болсам, пойыздан түсіп қалушы едім. Себебі жыбырлаған жәндіктің бәрінен қорқамын. Тіпті, өлтіруге де…
meirzhan
Мен мына постқа Фэйсбукте сілтеме жасасам, "Қазақстан темір жолы" аккаунты оқуы мүмкін бе?
araika
Әрине, мүмкін. Біттің!
Соншалықты белсенділік танытады деп ойлайсың ба? Оқымайды, оқыса тіптен жақсы түзеледі.
meirzhan
Оқыса жақсы ғой. Түзелер, жас қой әлі
boztorgai
қазақстан темір жолы

бейнелі сюжет болғанда назарға ілінуі мүмкін
темір жолдың мемлекеттік санэпидбөлімшесінде таныстарым бар