ШӘПКІДЕГІ «ҚАЗАҚСТАН»
Байрақ түгілі қамшыны қастерлеп, кереге басына іліп қоятын ел едік. Қазір…
… Бірде досыммен бірге базарға барғам. Қыс жаңадан басталып келе жатқан. Аралап келе жатып бас киімдерге көзім түсіп кетті. Біреуін ұстап көріп, біреуін киіп көріп, біреуінің өзі ұнағанмен бағасы ұнамай, біреуінің бағасы қалта көтеретіндей болғанымен сапасына көңіліміз толмай тұрыңқырап қалдық. Жанында тұрған қатарда да бас киімдер сатады екен. Сол жерді де көре кетейік дегенбіз… Бас киімдер арасында маңдайында «Қазақстан» деген жазуы бар, онымен қоймай елтаңба бейнеленген бас киімдерге көзіміз түсті. Бағасы да Шымкент шайханаларында бір рет тамақтанатындай сомада ғана… Сұрастырсам Қытайдан келетін тауар екен…
«… Біз кімбіз отырықшымыз. Ертеде көшпенді болғанбыз. Қазір отырықшымыз. Неге?!!! Өйткені отырықшы мәдениеті мықтырақ..» деп, сол күйі отырықшылық пен көшпенділіктің екі бөлек мәдениет екенін, оларды салыстыруға болмайтынын түсінбей кеткен досыма Байрақты қастерлеу керек екендігі жөнінде әңгіме айтуды жөн деп таппадым. Бәрібір оның жауабы белгілі еді. Болмағанда «… онда не тұр» дейтін еді. Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Бас киімді қойып іш киімдеріне дейін ту бейнесін салып алып киіп жүретін «алып» құрлықтағы үш әріпті алпауыт елдің «тәрбиесі» ғой…
… Жуырда «Мисс Қазақстан» атты сайыс өтті. Онда да қатысушы қыздар үстеріне туды іліп алған. Бәріңіз тамашалаған шығарсыздар. Қайталап жатудың қажеті шамалы.
… Өткенде онсыз жұмыс бітпейтін, сананы жаулап алған, ақындарымыз «… Игнорға жібере сал, соңғы рет боқтап ал да» деп өлең арнап жүрген ғаламторды ақтарып отырып бір суретті байқап қалдым. Суретте жас шамасы 25-30-дардағы бір жігіт ішкиім ұстап тұр. Ішкиімде ненің бейнесі бейнеленгенін өздеріңіз де шамалап отырған шығарсыздар… Тағы да сол ту нышандары…
Былтырғымыз анау… Туды зат көтеретін қап орнына пайдаланғанымыз…
Осындайда белгілі саясаттанушы ағамыз Дос Көшімнің: «Мен кейде «мандайларыңа жазып алындар, бізді құртатын 4 ауыз сөз бар деймін. Ол — «Онда тұрған не бар?» деген сөз!»,-дегені еске түседі ойымызға. Бұдан артық не айтуға болады?!!!
Осындайда қасиетті байрақты көтеріп рингты айнала жүгірген Бекзат… Онан соң өзінің бір телебағдарламаға берген сұхбатында байрақтың қасиеттілігі жөнінде «Сиднейде менің атымды атағанда көзімнен жас ыршып кетті. Туды иығыма жаппай, қолыма ұстата салды бапкерім. Бүктеуін жазып, иығыма салайын десем көтертпейді… Ауыр… Байрақтың соншама қасиеттілігін, ауырлығын сонда сезіндім..»,-деген Ермахан ағамыз… Сосын туымызды иығына іліп тұрып әруақ шақырып ұрандатқаны келеді көзімізге.
Ұлттық рәміздеріміздің тек қана екі метр матаға салынған сурет емес, рухты көтеретін, намысты қайрайтын, желбіреп тұрса кеудеңді мақтаныш кернейтін, ілініп тұрса бас игізбей өткізбейтін қасиетті зат екенін түсіну әрқайсымыздың азаматтық парызымыз емес па?!!!
«Бөрілі басты ұраным»,-деп жырлаған ата-бабамыз ұсақталған ұрпағын көрсе көздерінен жас емес, тарам-тарам қан ағатын шығар…
Данияр Алан

бұл тақырыппен абырой жинауың қиындау бұл жерде дегенді меңзегенмін, негізі…
түсіндіре алдым ба?
Пы.сы. мынаны да оқи отыр.
Қыз күзгі балда жеңіліп қалды, біз күлеміз. Ғашық жігіт өзінің мұңын шағады, біз күлеміз. Кемпір төмен жылжыған эскалаторға міне алмай әлек, біз бұттан кетіп, тағы сұраймыз. Әділетсіздік, парақорлық, алкоголизм — біз күлеміз. Ұлтшылдық, түсініспеушілік, алалау, зорлық, балағат, себепсіз қақтығыстар — біздің ішегіміз қатады. Біз кез-келген жексұрынның тірлігіне бетіміз бүлк етпей қол қойып, қосыла кетуге дайынбыз. Біздің талғамдарымыз саналы қисынға негізделмеген, мақсатсыз даулар — біздің болмысымыз, біз — Қазнеттің бетпердесін шынайы кескініміз… деген создер окыдым… отеееее кызык екен…
абырой жинау үшін жазбасаң да тек жазу үшін жазбаған шығарсың…
қоя сал, енді. пікірталасты тоқтатайық. Сәл қарапайымдау бол, түсіну үшін…
Агент гендік деңгейдегі індет. Агентше жазуды өзің де жақсы меңгеріпсің…
сұрағыңа қарап, инкубаторда өсіп келе жатқан бала десем, қателесем бе?
Енді, болмайды да.
Ал, бүкіл спортшыларымызға сол майкі-түрсиінің бәрін сары мен көк түстен қылып, Қазақстан деген жазуды мемлекет өзі кестелеп тігіп (дұрыс түсініңдер, еу) беріп отыр. Осы ретте, спортшы болуға мүмкіндігі жоқ, бірақ, спортшы секілді киінуді армандайтындар жетіп артылады. Бұл бір.
Екіншіден киімдегі жазудан жиренгеніңе болайын, ертең осы киімдерден басқа киім болмаса, тыр жалаңаш жүрмейтінің де айдан анық, киесің… Ондайда Қазақстанмен әбиіріңді жапқаныңа шүкіршіілк етуің де бек мүмкін. Қарапайымдау бол.
екыншыден, ешкандай да сураныс жок. егер макаланы окыган болсан базардагы шапка 500-1000 тг. айналасында ғана екеніне көз жеткізер едің. бұл суранысы бар баға ма? ЖОҚ. үшіншіден, спортшыларға жарасады. байрақ элементтерін қою ол қай елден екендігіңді білдіретін айырым белгісі. төртіншіден: қарапайымдау өзің ақ бола бер. менің жаратылысым солай.
Бәрін қойып, түсінуге талпын енді, Даниар… түсінбесең қиын, бұл жердегілерге де оңай емес саған әр сөзді түсіндіріп отыру. Тек, ренжіме, жақсы ма? мен енді қарапайымдау бола алмаймын, кеше ғана чакрам ашылып, нұрға бөленгенмін
Ол жақта адамдар демалуға барады, жұрттың трүсигіндегі жұмбақтарды шешуге емес.
Данияр, өзің артық деп санаған пікірлерге көп мән берме. Әркім өз білгенін жазады. Бірақ та «біз осындай жаманбыз, біз осындай азғынбыз» деген тақырыптарды көтергің келсе, алдымен, интернетте бұрын бұл тақырыпта не жазылған екендігін бір қарап өтуді рекомендеймін Қош келдің!
Жалпы бұрыннан ұсынып жүрмін. Техникалық мүмкіндік көтере ме екен.
Гастарбайтер америка туын дамбалға бейнелеп киіп жүр дейді. Гастарбайтер сонымен бірге америка мен европа халқының рухани азғындаған адамдар екенін де жақсы біледі. бізге солардың азынғадаған мәдениетін, ұстанымдарын тықпалайды. америка мен европа бізге үлгі көрсететін елдер емес. біздің өзіміздің тарихымыз, тіліміз, салтымыз, мәдениетміз, ұлттық құндылықтарымыз бар.
Қандай мәдениет? Сенің қазіргі мәдениетің 85 пайызы батыстан келгенін білесің бе??? Сенбесең, Көшпенділер-сияқты ертегіні емес, осыдан 100 жыл бұрынғы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі туралы документалды фотосуреттерді қара.
Тарихым, мәдениетім -десең бұтақты жемей, оны орыстарға айт, америкалықтарға айт.
Мен сөйтемін. Елімізге келген әрбір әміркеннің аузын жаба аламын, жауып жүрмін де әңгіме мәдениет пен тарихқа келгенде.
Бірақ, америка халқы рухани азғындалған десең сен өзің рухани азғындалғансың. Мейлің олар аннан қашқан мыннан қашқан қарақшылардан құралған ел болса да, қазір сөзін қазаққа жүргізіп отыр.
ПС. Нұржанбай Асқар Жұмаділдаевты амигоны оқы. Бізде тарихшы, шешен, филолог, алаштанушы, сен сияқты түрсиден басқа талқылайтын түгі жоқ қыртым-сыртым дегендер көп. Осымен тоқтай ғой, айналайын. Тілімді қышытпа
мен бәрін түсінікті жазған сияқты едім «батыста қоғамдағы құндылықтарды (елінің басшысы, отан, жанұя, ата-ана деген сияқты) құрметтеуді баяғыда қойды. олар туын бұтына кисе кие берсін. олар бізге үлгі емес» деп. бұл жерде сенің «америка туын дамбалға бейнелеп жүр» деп айтқан сөзің мен "іс жүзінде бұрыннан киіп жүргеннің" айырмашылығы жоқ.
сосын салт-дәстүріміз шетелдіктерге айту үшін керек нәрсе емес. салт-дәстүрді ұстанады. қазіргі кезде индеецтер, африкадағы тайпалар өздерінің ұлттық киімдерін киіп шетелдік туристтерге көрсетіп ақша табады. мен индеец емеспін. егер сен сияқтылар көп болса қазақ сол индеецтердің қатарында болады. ондайдан құдай сақтасын.
атеист тарихшылардың мәдеиет туралы түсінігі миыңа сіңіп қалған. сен үшін мәдениет материалдық заттармен сипатталады. ежелгі адамдардың мәдениетті тастан жасалған құралдар. одан кейін темір дәуірі. одан кейін машина деген сияқты.
тақырып труси туралы емес. оданда осындай еліміздің рәміздерін, құндылықтарын құрметтемейтін заттарды алмауға байкот жариялайық, туымызды құрмет тұтайық демейсің бе.
Руханиат туралы мыжи бермей, Гесиодтың бұл-бұл мен қаршығасын оқы, немесе Сатыбалдының экранизациясын төбеңнен жарық түсіп, үшінші көзің ашылғанша отыз рет қара.
Бірақ "үйтпе-бүйтпе" дегенді адамның миы «пе-бе» сіз қабылдайтынын түсін!
Оны сен жеккөретін әміркендер «позитивті мотивация» деп атайды.
Үйтпе-бүйтпеңді адамдар саналы деңгейде қабылдағанымен, бейсана оны болымды түрінде қабылдайды.
Материалистік көзқарас, «шіріген» капитализм, прагматизм құсық дерсің бірақ Ақзеренің блогында бір әфсана оқып едім, қысқасы: «жақсы қасқыр мен жаман қасқыр төбелессе кім жеңеді? Кімді жақсылап тамақтандырсаң сол жеңеді» деп бітеді.
Пысы: бұл спортшылар су спортынан Азия чемпионатын жеңіп алып, олимпиадалық лицензия иегерлері атанды.
Адам деген біртұтас ағза емес пе? Көт деген баспен салыстырғанда жерге жақындығы болмаса, жақсы нәрсе емес пе?