PR-мектебіне жазылу жүріп жатыр
MediaNet халықаралық журналистика орталығында (Алматы) PR-мектебіне тыңдаушыларды тіркеу жүріп жатыр.
Курс кезінде студенттер PR түсінігімен, қазақстандық PR-маманның қызметімен, сәтті деп танылған отандық PR-мысалдармен танысады, медиа шараларды, баспасөз мәслихаттарын ұйымдастыру және өткізу жолдарын, PR-маманның мәліметтер базасын жасақтауды үйренеді.
Өтілетін тақырыптардың арасында келесілер бар:
* Стратегиялық PR-жоспарлау
* Media Relations: негізгі және тиімді MR құралдар
* Inside Management: ішкі PR, маркетингтік зерттеулер және т.б.
* Саяси PR
* Дағдарысқа қарсы PR
* Әлеуметтік PR
* Social Media Marketing
Курс аяғында тыңдашылар өз PR-жобаларын ұсынып, қорғайды.
Ескерту: сабақ орыс тілінде жүреді.
Курстың ұзақтығы 2 ай. Сабақ аптасына үш рет дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері кешкі 18.00-ден 20.00-ге дейін жүреді.
Қосымша ақпарат үшін байланыс мәліметтері: +7 (727) 261 66 69, +7 702 490 17 67, aliziyadin@gmail.com, Дінмұхамед Зиядин
P.S. Қоғаммен байланыс, пиар (ағылш. Public Relations — қоғаммен байланыс, қарым-қатынас, қоғамдық байланыстар) — қоғамдық-экономикалық және саяси бәсекелестік жүйелер жағдайында қандай да бір объект (идея, тауар, қызмет түрі, жеке тұлға, ұйым — фирма, бренд) бейнесін кемшіліксіз және өмірде аса қажетті деп сіңіру мақсатында жасау және енгізу технологиялары.
Димаш, кешір…
Сонда, әлгі курс кезінде студенттер PR түсінігімен, қазақстандық PR-маманның қызметімен, сәтті деп танылған отандық PR-мысалдармен танысады, медиа шараларды, баспасөз мәслихаттарын ұйымдастыру және өткізу жолдарын, PR-маманның мәліметтер базасын жасақтауды үйренетін болып тұр ғо ә!