МиниБлогкемп-1: Астана

Asaubota мен urimtal`дың жазбаларынан кейін, ертең Астаналық керекші/блогшы/қазақ интернетінің жан ашырлары бас қосуды шешті. Жиын барысында:
— Былтырғы БлогҚұрылтайдың нәтижесін саралап, биылғы Блогкемп форматын анықтаймыз.
— Астанада блогшылар шарасын өткізу жайлы кейбір мәселелерге тоқталамыз.
— Астаналық керекші/блогшылары болып бір-бірімізбен жақынырақ танысамыз.

Ертең, яғни, 15.01.12 сағат 17.00-де «Азия Парк» СО-ның 3-ші қабатында (алдында, хабарлағандай 2-ші емес, ол кафе істемейтін болған екен, бүгін барып көрдім) кездесеміз.
3-ші қабатқа эскалатормен көтерілгеннен кейін оң жағыңызда кішігірім кафелер болады, Керуендегідей.Толығырақ, видеода:

Кездесуге келетіндер:
— AKY
— Aizhantabyn
— Aldeken
— Janasil
— Karakyz
— talgatjez
— Salimgerey
— Asset
— Almagul
— Yerkin
— Zhamilya
Соңғы 5-уі керекші болмаса да, қазақ тілді интернетке бей-жай қарамай, Блогқұрылтайды ұйымдастыруға көмектесеміз деп сөз берген достарым.

Қосыламын дегендерге есігіміз ашық
Бөлісу:

22 пікір

yerbol89
Тамаша ақпарат! Мен өазір агентке кіріп Астанада жүрген сұрақ-жауап сайтының қазақтілді интернетті дамытамын деп жүрген жігіттер болса хабар беремін. Егер бара қалса жақсы қарсы аласыздар деген үміттемін!
talgatjez
Жақсы, Ереке! Күтіп аламыз! Келсін, танысармыз!
madlen
Астанадағы алғашқы мини блогкэмп құтты болсын!
meirzhan
Жарайсың, Талғат! ) Нағыз ұстаз маманның посты мен видеосы. Бәрі түсінікті. )
Altygradus
оо мадисс Талғат өз қолыңа алғаның
AKY
Мамадес! Тек маған мейл жібермегенің
urimtal
Тамаша болған екен! Менің ойымша, бірінші кезекте келушілерге Блогқұрылтай деген не? Ол не үшін керек? деген сауалдарға жауап беріп, соған қатысты ортақ түсініктің қалыптасуына септесу керек тәрізді.
talgatjez
Мақұл! Қолымыздан келгенше жеткіземіз!
Nurgisa
Бугiн Аршат, Алдан жане Маралбек болып баскосу устiнде келесi усыныстарга токталдык:
1) Блогкемп-2012 устiмiздегi жылдын 23 наурызында откiзiлсе. 1 кун. Есебiмiз бойынша, наурызда 21-25 аралыгында демаламыз. Баска калалардан келушiлерге ынгайлы болатын сиякты. 24-25, сенбi жане жексенбiнi кыдырыстауга/Бурабайга пикНикке шыгуга арнаса болады (калайтындар ушiн).
2) Демеушi табылып/табылмауына байланысты, жан-жактан конак болып келетiн кiciлер оз каражатына келсе. Жатаржай маселесi талкылауды кажет етедi. Конакуйдегi болме куны кымбат боп жатса, патер жалдап, онда 5 не одан да коп адам орналастырга болатын сиякты.
3) Озiмiздiн арамызда да акшалай демеушi бола алатындар осы бастан белсендiлiк танытып, каражатты бiр кiсiге табыстасак.
4) Басты прницптi удайы назарда устасак — блогкемпке конак болып келу жок, бул ортак iс, аркiм колынан келгенiнше, мумкiндiгiнше комектессе ондай белсендiлiк тек купталатын болады.
5) Шет елдегi казактiлдi интернеттесушi агайындардын келуiне мумкiндiк карастыру, логистика маселелерiн бiр сузiп оту керек болатын сиякты.
huanysh
Нұреке жақсы түжырымдарға келіпсіздер
Астанаға билет алу жағы әрдайым қиындықтар туғызады… алдын ала алып қою жөнінде айтқаным
Janasil
не де болса қозғалыс басталды. Енді шегініс жоқ!!!
Gazizkizi
Баратын едім, бүгін қонақ келеді! Әрі кеш көрдім ақпаратты. Сәтті өтсін кездесу!(Керім)
talgatjez
Рахмет, келесіде кездесерміз деп үміттенемін)
estetika91
   Астаналық керекшілер белсенділіктеріңізге ризамын!
Gazizkizi
уақытым көп бола бермейд керекке кіруге...Әйтпесе базар жоқ сайт, Аршаттың өзі сияқты
Sabions
бара едім, Астанда емеспін… может бұйртса жылдың аяғы, келесі жылға қарай болмаса…
Daniar-Alan
мүмкін тағы бір жиналармыз? біраз болды көріспегелі.