Кімдікі дұрыс?

Өзі бір-екі рет қана көрген қызды бір жігіт алып қашыпты. Жылап-сықтағанына қарамай, қыз жаққа да хабаршылар кетіпті. Жігіт қыздан 5 (норма ғой) жастай үлкен болса керек. Артынан қуғыншылар келген соң қалай екенін білмеймін қыз сол үйге қалуға көніпті. Сөйтіп "құда-құдағи" болып стақандар соғысыпты,қойдың басы мүжіліпті.Он күн дегендеме қыздың киім-кешегін әкеліп беріпті. 15 күн дегенде әлгі қыздың жігіті бар екен, сол келіпті де қызды (уже келіні бір үйдің) алып қашып кетіпті. Оны естіген қыз әкесі күйеу баласына «Екінші қызымды алсаң да ризамын,қызым қарабет қылып кетті» депті. Екінші қызы күйеу баласынан 10 жастай кіші екен. Күйеу баласы да мәрт екен" Жас қыздың өмірін қор қылмаймын" депті. Ал, осы оқиғаға не дейсіңдер?! Қыз әкесінікі дұрыс па,қыздікі ше, алып қашқан жігіттің әрекетіне не деуге болады?
Бөлісу:

30 пікір

patick
Қыз маладес дегенмен. Саған адамдар қалай қараса — сен де солай қара оларға.
satibaldi
Білә страдать етіп кеттім.
rauka
Күйеу баланыңкі дұрыс сияқты меніңше.
AKY
Бір таныс бала той үстінен алып қашып еді сүйген қызын… Мынаныкі сылишкім екен.
Abilakim
Бір күн ішінде алып қашса түсінуге болады.Он бес күн ана жігіт қарап жатпаған шығар?
AKY
Жас қыздың өмірін қор қылмаймын
"қыздарың да, өзің де құры" деген шығар.
Delhi
Бұрынғы жігітінікі де, қыздың да құдай берген миларын дұрыс пайдаланбағаны көрініп тұр. Жігіт алып қашқанмен сонымен дұрыс та тұра алмайды ғой. Әкесінікі де дұрыс емес.
Abilakim
кейін ұрыс-керіс болса бұл жай айтылып қалса ше?
Delhi
Әрине айтылады. Сондықтан дұрыс тұра алмайды дегем.
Makhabbat
Мына жерде бәрінікі дурыс емес сиякты менімше,
Бірінші алып қашқан жігіттікі дұрыс емес, бәрінің обалына қалды.
Қыздікіде дұрыс емес, артынан қуғыншы келгенде еріп кетіп қалу керек еді.
Әкесінікі де дұрыс емес, екінші қызының обалына қалайын деп тұрған.
Ештенеге қарамай сүйгенін алып қашып кеткен ана екінші жігітті тусінуге болатын сиякты.
Marco
Дұрыс! Нақты сұраққа, мейілінші толық жауап! )))
Adiletshu
Біреудің босағасын аттап қойды ғой. Қыздар көп. Басқасы табылар еді ғой. Қызды алып қашқан жігіт — «Жігіт» екен.
araika
Қыздар көп. Басқасы табылар еді ғой.
 Ситуациялық сұрақ, егер сіздің қызыңызда осындай жағдай болса, дәл осы жауапты қанағат тұтасыз ба? Жүрек, сезім дегендер желге ұша ма?
Жалпы, біреудің босағасын өз еркімен аттап кетпеді ғой, тағдыр тәлкегі дейді мұндайды.
Janasil
Беташардан кейін қашып кеткендер болған еді. 15 күннен кейінгісі біртүрлі екен. Сол уақытқа дейін қайда жүрді екен әлгі жігіт?
Abilakim
Астанада стройкада жүріпті.Болған оқиға.Қазір туыстарымен араласа білмеймін.Бірер жыл бұрын туыстары безініп отырғантын
Janasil
Ешкімді ақтап ала алмайсың!!! Бәрі кінәлі. /мүмкін қоғам да кінәлі шығар/
Erke
әкесі қыздарынан қүтыла алмай жүрген сияқтығо,10 күнде ким кешегин,15 кунде екінші қызын күйеуге жіберсе
ken
Күйеу баласы да мәрт екен "Жас қыздың өмірін қор қылмаймын" депті
"Ал оның әпкесі одан бес жас үлкен. Сондықтан оныкін қор қылуға бола береді"
— деп ойлаған ба, сонда?
VKM
капеееецццц(((((((
Gazizkizi
Ылғи жындылар жиналған екен, «апама жездем сай» дегендей… Ешқайсысынікі дұрыс мес
ken
екінші алып қашқан жігіттікі дұрыс
ken
Шыңғысханның ерлігін жасапты
Adiletshu
Ана қызды ешкім зорлап алып қалған жоқ. Келіспей кетіп қалуға болар еді.
Gastarbaiter
Осындай мәселелерді қозғап, ауылдық сериал жасап жіберуге болады.
Дамбальный сюжетке риза болып, қорс-қорс жылап отырып көретін аудитория жүз пайыз табылады. Тіпті көп.
neoaskar
Екінші алып қашқан жігіт қатын екен, шын айтамын, ал ана қыз айта алмайтын не деуге болады, басында тауықтың миындай бір шайнам ми жоқ екен, Әкесінікі дұрыс, қызы қара бет етіп отыр әкесін, сондықтан екінші қызын беруге келісім беріп отырған.
Күйеу баласы сыпайы жеткізген екен, мұндай жердің қызы құрысын деп, ертең бәрібір алдымнан тағы осындай шықса не болады деп ойлаған ғой
temir1986
Меніңше бәрінікі дұрыс. Әркім өз тұрғысынан дұрыс қорытындыға келді.